- •Фельдшерлерге арналған алгоритмдердің тізбесі.
- •1. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.
- •3. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі келесі мәліметтерден тұрады:
- •2. Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.
- •4. Жүкті және босанатын әйелдердің бойына мән беріңіз.
- •5. Дене бітіміне зейін қойыңыз.
- •7. Тері жабындысының жағдайына зейін қойыңыз.
- •8. Сүт бездерін қарауды жүргізіңіз.
- •9. Іштің түріне және мөлшеріне зейін қойыңыз.
- •3. Жүктіліктің мерзімін анықтау.
- •4. Босанудың күнін анықтау.
- •5. Жүкті әйелден қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу және дәрігердің қарауына дайындық.
- •Бактериологиялық зертханаға жолдама
- •6. Жүктілік кезінде цитологиялық зерттеу (онкоцитологияға) үшін экзо-және эндоцервикстен жағындылар алу.
- •7. Сарпайды (сыртқы жыныс мүшелерін) қарау.
- •8. Қынаптық үйректұмсық (қос жармалы) өздігінен ұстайтын Куско айналарының көмегімен тексеру.
- •9. Акушериядағы бимануалды тексеру.
- •10. Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу.
- •11. Диагоналды конъюгатаны өлшеу.
- •12. Михаэлис ромбысы ( бел-сегізкөз ромбысы).
- •13. Соловьев индексін өлшеу.
- •14. Іш шеңберін (іш) және жатыр түбінің тұру биіктігін (жттб) өлшеу.
- •15. Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік тексеру.
- •5.Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына, оның бетіне қарап, отырыңыз, сосын і және іі тәсілді жүргізіңіз.
- •6. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына және бетіне бетіңмен қарап тұрыңыз, сосын 3- тәсілді жүргізіңіз.
- •7. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына және аяғына бетіңмен қарап тұрыңыз, сосын 4-тәсілді жүргізіңіз.
- •16. Нәрестенің жүрек дыбыстарының аускультациясы.
- •17.Жатыр мойнының «жетілуін» анықтау.
- •Ішкі ( қынаптық) тексеру жүргізіңіз.
- •18. Жүктіліктің кеш мерзімінде және босануда ішкі ( қынаптық) тексеру.
- •19. Вастен белгісін бағалау және анықтау.
- •Нәресте басының қасаға үсті салбырау дәрежесін анықтаңыз:
- •20. Қыз баланың және әйелдің қынабының зақымдануы кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.
- •21.Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі ( проф. К.Д. Өтегенова бойынша).
- •22.Шүйдемен жатудың артқы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі ( проф. К.Д. Өтегенова бойынша) .
- •23. Баспен жатуы кезіндегі акушерлік көмек көрсету.
- •24. Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу.
- •25. Бала жолдасын қарау.
- •26. Жатырдың бимануалдық компрессиясы.
- •Организмнің өмірге керекті функцияларын бақылаңыз және жағдайын бағалаңыз:
- •Себебін қойыңыз:
- •27. Босанғаннан кейінгі кеш кезеңде қан ағу кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.
- •Өзіңізді таныстырыңыз және босанған әйелдің жағдайын бағалаңыз:
- •5 Минут ішінде – қанағу көзін тауып көрсетіңіз:
- •28. Акушерлік стационар жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.
- •Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- •Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
- •29. Акушерлік стационар жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету.
- •Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- •Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы зерттеудің маңызын және қажеттілігін түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.
Әйелдің зәр қуығын босатқанына көз жеткізіңіз.
Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
Әйелді гинекологиялық орынтаққа, оның астына таза жаялықты төсеп, аяқтарын тізе және жамбассан буындарына бүгіп, екі жаққа қарай ашып, жатқызыңыз.
Ішкі ( қынаптық) тексеру жүргізіңіз.
Жатыр мойнының «жетілуін» анықтаңыз және бағалаңыз:
- жамбастың өту білігінің жатыр мойны бағытына қарай орналасу қатынасы арқылы;
- жатыр мойнының қаттылығын анықтау және пальпациялау арқылы;
- оның ұзындығының бағасы арқылы;
- цервикалды каналдың диаметрін бір немесе екі саусақтармен өту талпынысы кезінде табу арқылы.
8. Жатыр мойнының жағдайын Бишоп шкаласы бойынша бағалаңыз
(№ 1 кестені қара).
№ 1 кесте.
Бишоп бойынша жатыр мойнының «жетілуін» бағалау шкаласы.
№ |
Бағалау параметрі |
Балдары |
||
1. |
Жатыр мойнының тығыздылығы ( консистенциясы) |
0 |
1 |
2 |
қатты |
шеттері бойынша жұмсарған, ішкі ернеудің аймағы қатты |
жұмсақ |
||
2. |
Жатыр мойнының ұзындығы |
2 см астам |
1-2 см |
1 см |
3 |
Мойын қаналының өткізгіштігі |
сыртқы ернеу жабық немесе саусақ ұшын өткізеді |
канал ішкі ернеуге дейін өткізеді |
канал ішкі ернеудің артына қарай бір немесе оданда көп саусақтарды өткізеді |
4 |
Жатыр мойны білігінің ана жамбасының өту білігіне қатынасы |
артта |
аралықтық |
жамбастың өту білігі бойынша |
0-2 балл- мойын «жетілмеген»;
3-4 балл- мойын «жеткіліксіз жетілген»;
5-8 балл- мойын « жетілген».
9. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды қалдықтардың қауіпсіздік қорабына ( ҚҚҚ )
салыңыз.
10. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
11. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.
Ескерту. Жатыр мойнының «жетілуі» организмнің босануға даярлығының негізгі
белгісі болып табылады.
Құжаттандыру:
1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.
3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.
18. Жүктіліктің кеш мерзімінде және босануда ішкі ( қынаптық) тексеру.
Мақсаты- диагностикалық
Көрсетулері - акушерлік стационарға түсуінде, қағанақ суларының ағуы кезінде және босану кезінде әр 4 сағат сайын.
Қарсы көрсетулері - босану жолдарына патогендік микробтардың кіру қауіптілігі,
жүктіліктің соңында жыныстық қатынас.
Мүмкін болатын асқынулары - босанудағы хорионамнионит, босанғаннан кейінгі сепсистік аурулар.
Керекті-құралдар: -гинекологиялық орынтақ (кереует), жеке жаялық, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.
Іс-әрекет алгоритмі:
Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге ішкі (қынаптық) тексерудің маңызын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.
Әйелдің зәр қуығын босатқанына көз жеткізіңіз.
Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
Әйелді гинекологиялық орынтыққа (кереуетке), оның астына таза жаялықты төсеп, аяқтарын тізе және жамбассан буындарына бүгіп, екі жаққа қарай ашып, жатқызыңыз. Сол қолдың I және II-саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз және жыныс саңылауын, қынапқа кіреберісін, шошақайды, үрпінің сыртқы тесігін, бұтаралығын қараңыз. Сосын қынапқа оң қолдың II және III -саусақтарын абайлап енгізіңіз (I саусақ жоғары тұрады, IY және Y алақанға қысылады).
Бағалаңыз:
қынаптың енін және оның қабырғаларының созылғыштығын, тыртықтар, ісіктер, қалқалар және басқа патологиялық жағдайлар барма жоқпа дәлелдеңіз;
босануға жұмсақ босану жолдарының даярлығының көрсеткіші ретінде жатыр мойнының «жетілу» дәрежесін;
цервикалды каналдың өткізгіштігі кезінде- нәресте қабының жағдайын
( бүтін немесе бұзылған);
нәрестенің жату бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына орындаласуын;
жамбас қабырғаларының ішкі беткейінің, сегізкөздің, экзостоздарды және өзгерістерді алып тастау мақсатында қасаға буынының жағдайын;
диагоналды конъюгатаның өлшемін.
7. Бір рет киетін резенке қолғаптарды шешіңіз және қалдықтардың қауіпсіздік қорабына (ҚҚҚ ) салыңыз.
8. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
9. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.
Ескерту. Жүктіліктің соңында және босануда қынаптық тексеру акушериядағы диагностиканың ең сенімді әдісі болып табылады.
Құжаттандыру:
1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.
2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.
3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.
