Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emdeu_isi_algoritm акушерия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304 Кб
Скачать

16. Нәрестенің жүрек дыбыстарының аускультациясы.

Мақсаты- диагностикалық

Көрсетулері –жүктіліктің екінші жартысында әйелдер консультациясына әрбір келуі кезінде немесе босану кезінде.

Қарсы көрсетулері – жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Керекті-құралдар: - тақтай төсек немесе кереует, жеке жаялық, акушерлік стетоскоп,

ультрадыбысты аппарат, дәкелі шариктер, спирт, гель, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы зерттеудің қажеттілігін және мақсатын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

4. Әйелді арқасымен жеке жаялыққа, аяқтарын созып және ішін ашып тақтай төсекке немесе кереуетке жатуын сұраңыз.

5. Әйелдің оң жағына, оның бетіне қарап отырыңыз.

6. Акушерлік стетоскопті спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.

7. Қолыңызға акушерлік стетоскопті (ультрадыбысты зерттеу анализаторын) алыңыз, оның кең қоныш тарататын жағын жүкті немесе босанатын әйелдің ішіне қойыңызда, нәрестенің жүрек жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) анықтаңыз (қалыптыда 120-160 соққы/минутына). Ұзынша орналасқан және баспен жатуы кезінде нәрестенің жүрек соғысы кіндіктен төмен жақсы естіледі (1-позиция кезінде-кіндіктен төмен сол жақтан, 2-позиция кезінде-кіндіктен төмен оң жақтан), нәрестенің жамбаспен жатуы кезінде жүрек соғысы кіндіктен жоғары жақсы естіледі, 1-позиция кезінде- кіндіктен жоғары сол жақтан, 2-позиция кезінде- кіндіктен жоғары оң жақтан. Көлденең орналасуы кезінде нәрестенің жүрек соғысы кіндік деңгейінде басқа жақын жерде жақсы естіледі. Көпнәрестелі жүктілік кезінде нәрестенің жүрек соғысы әдетте жатырдың әртүрлі бөлімінде анық естіледі.

Тахикардия (160 соққы/мин.жоғары) немесе брадикардия (120 соққы/мин.аз), дыбыстардың үнділігінің төмендеуі, аритмия нәрестенің гипоксиясын дәлелдейді.

8. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

9. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

10. Нәтижелерін құжаттарға енгізіңіз.

Ескерту. Семіздігі бар әйелдерде және қағанақ суларының көп мөлшерде болуы кезінде жүрек дыбыстары қатаң болуы мүмкін. Нәрестенің жүрек соғысын тыңдайтын жер, ол нәрестенің орнына, позициясына, түріне және жатуына байланысты болып келеді

.

Құжаттандыру:

1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.

3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.

17.Жатыр мойнының «жетілуін» анықтау.

Мақсаты-диагностикалық

Көрсетулері-жүкті әйелдің босануға биологиялық даярлығы. Босану алдындағы

дайындық кезеңі.

Қарсы көрсетулері-жоқ

Мүмкін болатын асқынулары-жоқ

Керекті-құралдар:- гинекологиялық орынтақ, жеке жаялық, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]