Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emdeu_isi_algoritm акушерия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304 Кб
Скачать

Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы

ШЖҚ МКК «Медициналық колледж»

№ ___ Хаттама «_» ____2016 ж өткен Әдістемелік Кенесенің отырысында қаралып келісілген

Әдіскер_____ Қасымбекова М.Р.

ЦӘК «Акушерия және гинекологиядағы МІ»

Бекітемін Директордың тәжірибе жөніндегі орынбасары м.а.

____________ Маштахова С.Г.

«___» _______2016ж.

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі »

Біліктілігі: 0301013 «фельдшер»

Фельдшерлерге арналған алгоритмдердің тізбесі.

1. Алгоритм:Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.

2. Алгоритм:Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.

3. Алгоритм:Жүктіліктің мерзімін анықтау.

4. Алгоритм:Босанудың күнін анықтау.

5. Алгоритм:Жүкті әйелден қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу және дәрігердің қарауына дайындық.

6. Алгоритм: Жүктілік кезінде цитологиялық зерттеу (онкоцитологияға) үшін экзо-және

эндоцервикстен жағындылар алу.

7. Алгоритм: Сарпайды (сыртқы жыныс мүшелерін) қарау.

8. Алгоритм:Қынаптық үйректұмсық (қос жармалы) өздігінен ұстайтын Куско айналарының

көмегімен тексеру.

9. Алгоритм: Акушериядағы бимануалды тексеру.

10. Алгоритм:Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу.

11. Алгоритм:Диагоналды конъюгатаны өлшеу.

12. Алгоритм:Михаэлис ромбысы ( бел-сегізкөз ромбысы).

13. Алгоритм:Соловьев индексін өлшеу.

14. Алгоритм:Іш шеңберін (ІШ) және жатыр түбінің тұру биіктігін (ЖТТБ) өлшеу.

15. Алгоритм:Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік тексеру.

16. Алгоритм:Нәрестенің жүрек дыбыстарының аускультациясы.

17. Алгоритм:Жатыр мойнының «жетілуін» анықтау.

18. Алгоритм:Жүктіліктің кеш мерзімінде және босануда ішкі ( қынаптық) тексеру.

19. Алгоритм:Вастен белгісін бағалау және анықтау.

20. Алгоритм: Қыз баланың және әйелдің қынабының зақымдануы кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.

21. Алгоритм:Шүйдемен жатудың алдыңғы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі

(проф. К.Д. Өтегенова бойынша).

22. Алгоритм:Шүйдемен жатудың артқы түрі кезіндегі босанудың биомеханизмі

( проф. К.Д. Өтегенова бойынша) .

23. Алгоритм:Баспен жатуы кезіндегі акушерлік көмек көрсету.

24. Алгоритм:Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу.

25. Алгоритм:Бала жолдасын қарау.

26. Алгоритм:Жатырдың бимануальдық компрессиясы.

27. Алгоритм:Босанғаннан кейінгі кеш кезеңде қан ағу кезінде күттірмейтін көмекті көрсету.

28. Алгоритм: Акушерлік стационар жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге

дейінгі көмекті көрсету.

29. Алгоритм:Акушерлік стационар жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл

көмекті көрсету.

30. Алгоритм: Гинекологиядағы «жедел іш» кезінде күттірмейтін көмекті көрсету

(жатырдан тыс жүктілік, аналық бездерінің апоплексиясы, жатыр

қосалқыларының ісіктерінің аяқшаларының бұралуы,

аналық безінің кисталарының жарылуы және тағысын тағылар).

1. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.

Мақсаты - диагностикалық

Көрсетулері - әйелдер консультациясына және акушерлік стационарға жүкті және

босанатын әйелдердің алғашқы қаралуы кезінде.

Қарсы көрсетулері- жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары-жоқ.

Керекті-құралдар: – үстел, орындықтар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, қазіргі сұраудың қажеттілігі мен маңызын әйелге түсіндіріңіз

және оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі келесі мәліметтерден тұрады:

а) төлқұжаттық мәліметтерін, анықтаңыз (ата-тегі, аты, әкесінің аты, жасы, жұмыс орны, мамандығы, мекен жайы, үй телефоны, күйеуінің жұмыс орны және оның телефоны). Жасы туралы мәселе- өте жас қызбала және жасы үлкен бірінші жүкті әйелдерде жиі жүктіліктің асқынулары болады, ал ең соңғысында балаларының даму ауытқулары жиі кездеседі.

б) жүкті және босанатын әйелдердің барлық шағымдарын мұқият түрде тыңдаңыз.

Жүкті әйелдер еттеккірдің тоқтауы және жүктілікке күдікті, жүктіліктің белгілері және басқа бұзылыстар, сонымен қатар жыныс жолдарынан қанды бөлінділер (түсік, жатырдан тыс жүктілік, көпіршікті тығын, плацентаның жатуы және басқалары) болған кезде қаралады. Кейбірде жүктіліктің токсикоздары, жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, асқорыту және тағы басқа бұзылыстар бар болған кездеде қаралады.

в) еңбек және тұрмыс жағдайларын анықтаңыз.

Осы мәселелер туралы толық немесе жеткілікті мәліметтер алыңыз.

г) тұқым қуалаушылық және басынан өткізген ауруларын анықтаңыз.

Жүкті әйелдің немесе күйеуінің жанұясында тұқым қуалаушылық жолымен берілетін психикалық аурулар, қанның ауруы, зат алмасу бұзылыстары, генетикаға байланысты даму ауытқулары және тағы басқалары болдыма жоқпа. Ата-аналарында маскүнемдік және балалық шақта ауырған аурулары және үлкейген шақта ауырған аурулары, сонымен қатар инфекциялық емес, инфекциялық, соның ішінде гинекологиялық аурулармен ауырдыма жоқпа.

д) етеккірлік функцияның сипатына көңіл бөліңіз.

Алғашқы етеккірі (менархе) қай жаста келді, ретті етеккір қашан тұрақталды, етеккірдің сипаты мен түрі, етеккірдің сипаты жыныстық қатынастан, босанғаннан, түсіктен кейін өзгердіме жоқпа, соңғы еттеккірі қашан болды және т.б.

е) секреторлық функцияның сипатына көңіл бөліңіз.

Жыныс жолдарынан бөлінділер жоқпа. Патологиялық бөлінділер (көп, іріңді, жалғықты немесе ірің аралас сулы және т.б.) қабыну үрдісін көрсетеді.

ё) жыныстық функцияның сипатын анықтаңыз.

Қай жаста жыныстық қатынасқа түсті, нешінші некесі, жыныстық қатынас кезінде қанды бөлінділер және ауырсыну болама жоқпа.

ж) күйеуінің денсаулығы туралы мәлімет алыңыз.

Арақ, темекі және есірткелік заттарды қолданама жоқпа, тұқымқуалаушылық аурулары және басқа аурулары барма жоқпа және т.б.

з) бала туу функциясының сипатына көңіл бөліңіз.

Қазіргі жүктілігі нешінші, өткен жүктіліктердің ағымы (токсикоздар, гестоздар, жүрек-тамыр жүйесінің, бүйректің, бауырдың және басқа мүшелердің аурулары), өткен босанудың сипаты (өз мезгілінде немесе мезгілінен бұрын, олардың ағымы), ертеде босанғаннан кейінгі аурулары болдыма және т.б.

и) жыныс қатынасынан бастап алғашқы жүктілігіне дейінгі мерзімді анықтаңыз. Жүктіліктің 2-3 жылдай және оданда көп болмауы және ұрық байлауға қарсы заттарды қолдану инфантилизмді дәлелдейді, ал инфантилизм кезінде босанудың ағымы босану күштерінің әлсіздігімен асқынады және т.б.

4. Барлық алынған мәліметтерді жүкті әйелдің картасына немесе босану тарихына енгізіңіз.

Ескерту. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау белгілі бір жоспармен жүргізіледі.

Құжаттандыру:

1.Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111 бұйрығы.

3.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]