Мінездеме
Қарағанды қаласы ЖББ №2 орта мектебінің 6 «А» сыныбында 13 ұл бала, 12 қыз бала білім алып жатыр. Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен олимпиадаларға ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Осындай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік ертенгілік түрінде өткізеді. Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады.
Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.
Сынып жетекшісі: Сақтағанова А.Б.
ЖББ №2 орта мектебінің
6 «А» сыныбына берілген
Мінездеме
Есенова Айнұр Дастанқызы ЖББ №2 орта мектебінің 6 «А» сыныбының оқушысы. Ол 6.12.2005 жылы дүниеге келген.
Денсаулық жағдайы жақсы. Созылмалы аурулары жоқ. Өте сирек ауырады. Жүйке жүйесінің ерекшеліктері: ұзақ мерзімді жұмыстан шаршамайды, көңіл-күйі тұрақты.
Сабақ үлгерімі де жақсы. Қоғамдық пайдалы істерге белсене араласады. Қойылған талаптарды қабылдайды. Тәртібі мектеп ережесіне сай. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен, сыныптастарымен тез тіл табысып кете алады. Оқу материалын өте жақсы қабылдайды, зейіні тұрақты, заттар мен құбылыстарды ажыратады,оларды талдау өз бетімен қорытынды жасауы өте жақсы. Еске сақтау қабілеті шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Барлық пәндерді жақсы көреді, қызығушылықпен, белсенділікпен сабақтарға қатысады. Өздігінен тапсырма орындағанды жаны сүйеді. Айнұр көбінесе ән айту, сурет салу жағына бейімді.Математикадан өзінің шапшаңдығымен, белсенділігімен көзге түсті. Сонымен қатар патриоттық өлеңдерді оқығанды жақсы көреді. Би де билеп, өнер десе ішкен асын жерге қоятын оқушыларымыздың бірі. Айнұр сынып басшысы болғандықтан оның сынып ішіндегі орны ерекше. Өзіне берген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап отырады.
Еске сақтау, қабылдау, ойлау қаблеттері жақсы дамыған. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жанқты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетеді. Қорыта айтқанда, Айнұр, болашағынан үміт күттіретін бала.
Сынып жетекшісі: Сақтағанова А.Б.
ЖББ №2 орта мектебінің
6 «А» сыныбына берілген
