- •«Өлкетану» пәні бойынша лекциялар жинағы
- •1 Лекция. Кіріспе. Өлкетану пәні мақсаты мен міндеті.
- •2 Лекция. Тарихи өлкетанудың қалыптасу кезеңдері. Өлкетану негіздері.
- •3 Лекция. Көне түрік жазбаларының ескерткіштері және олардың өлке тарихындағы рөлі.
- •4 Лекция. Қазақстанның археологиялық деректері және оларды өлкетану жұмысында пайдалану.
- •5 Лекция. Қазақстан тарихы бойынша этнографиялық деректер.
- •6 Лекция. Сәулеткерлік және өнер ескерткіштері туған өлкенің дерек көздері.
- •8 Лекция. Қазақстанда өлкетанудың қалыптасуы және дамуы. Хіх ғ. Орыс зерттеушілерінің Қазақстан тарихын және өлкетанудағы үлесі.
- •9 Лекция. Қазақстанның зерттеудің Қоғамы – Қазақстан Республикасындағы - өлкетану зертеудің орталығы. Қазақстан Республикалық мемлекеттік мұрағат құжаттары. Тарихи-өлкетану мұражайларының қалыптасуы.
- •10 Апта
- •10 Лекция. Туған өлкені зерттеудегі қазақ ғалымдары, ағартушыларының рөлі және қызметі. XIX ғасырдағы Қазақстан музейлері коллекцияларының қалыптасуы және насихатталуы
- •11 Апта
- •11 Лекция. Өлкетану библиграфиясы өлкетану дерек ретінде. ХіХғ екінші жартысымен хх ғ. Басындағы қазақтардың баспасөз кітабы және олардың басылымдары.
- •12 Апта
- •12 Лекция. Тарихи-өлкетану мұражайларының қалыптасуы. Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің қалыптасуы.
- •13 Апта
- •13 Лекция. Қазақстан Республикалық мемлекеттік мұрағат құжаттары Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы және тарихи ескерткіштердің туризмдегі рөлі.
- •14 Апта
- •14 Лекция. "Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері.
- •15 Апта
- •15 Лекция. Мектептегі өлкетану. Мектептегі өлкетанудың міндеті
- •Мұра жинау, сақтау және Алаш зиялыларының атқарған қызметі
3 Лекция. Көне түрік жазбаларының ескерткіштері және олардың өлке тарихындағы рөлі.
1. Қазақстан халықтарының мәдени өміріндегі көне және ортағасырлық жазбалардың маңызы. (Әл-Фараби, Ұлықбек, Қадірғали, Баласағұни, Яссауи трактаттарының ерекшеліктері және оларды зерттеудегі қиыншылықтар).
2. Қазақ халықына қатысты көне жазбалар («Оғыз-Наме», Қорқыт туралы аңыз, Алпамыс поэмасы және т.б.)
3. Көне түркі жазба ескерткіштері - әдеби мұра ретінде
Орта Азия және Қазақстан халықтарының арасында жазба ертеден пайда болды. Бірнеше ғасырлық тарихында жазбаның бірнеше түрін басынан кешірді: көнетүріктік, хорезмдік, соғдылық, ұйғыр, араб, латын тілдері болды. Көне жазбалардың бірі бұл көнетүріктік жазба болды, оның негізіне Орта Азия, Поволжья, Кавказ және Қазақстан халықтарынң тілдері енді. Ол б.д. ҮІ-ҮІІ ғғ. Орта Азияда қалыптасты. Көнетүрік жазба ескерткіштері руникалық жазба ретінде Монғолияда (33, ескерткіш), Орхон мен Енисей (85 жазба), Шығыс Түркістанда, Таласта (12 жазба), Ферғанада, Шығыс Европада қалыптасқан. Есік қорғанындағы жазба толық ашылмаған (б.д. ҮІ-ІҮғғ.)
Руникалық жазбалар өзінің мазмұны жағынан алты топқа бөлуге болады: тарихи-биографиялық (Мөңке-хан, Куль-тегин...), эпитафиялық, с.с. қабірлердегі жазбалар, жартастағы жазбалар, құрылыстардағы, магиялық және ритуалды жазулар, заңды құжаттар, тұрмыстық заттағы белгілер. Бұл 38 әріптен тұратын ХІ-ІХ ғғ. дейін пайдаланып келген.
Араб жазбасы Орта Азия мен қазақстанда медресе, діни мектептерде қолданылады. Ол Х ғ-дан 1929 ж. дейін қолданып келді. Араб одан кейін парсы тілдері орта ғасырларда халықаралық тілдер қатарына жатқызылды. Осы тілде шығыстың ұлы ғұламалары: Әл-Фараби, Бируни, Фирдоуси, Хайям жазды. Өздерінің шығармашылығын түрік тілінде: Махмуд Қашғари, Алишер Навои, Әбілғазы-хан және Әл-Фараби, Ұлықбек, Қыдырали, Баласағұни, Яссауи трактаттары кеңінен таралды.
Көптеген қолжазбалар арасында қазақ халқының тарихына тікелей қатысты жазбалар да болады: «Оғыз-наме» (Огуз-хан жайындағы эпос), Қорқыт ата жайындағы әңгімелер мен аңыздар, «Алпамыс» поэмасы, «Манас» жыры және т.б.
Көне және ортағасырлық жазбалар Орта Азия және Қазақстан халықтарынң мәдениетіндегі ықпалы өте зор болды.
Көне түркі жазба ескерткіштері-әдеби мұра ретінде. Географиялық, тілдік және графикалық ерекшеліктеріне қарай көне түркі ескерткіштері 3 топқа бөлінеді. Олар:
1. Енисей есерткіштері
2. Талас ескерткіштері
3. Орхон ескерткіштері
Енисей ескерткіштеріне Енисей өзені, Тува республикасы, Алтай, Хакас облысымен, Краснояр өлкесі территориясынан табылған ескерткіштер жатады. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан 10-15 жолдар, кішілері 1-2-3 жолдардан тұрады. Енисей ескерткіштері Ү-ҮІІ ғасырды қамтиды.
Талас жазу ескерткіштеріне Талас өзені бойынан табылған 12 ескерткіш жатады. Талас өзені бойындағы Айыртам-Ой деген жерден (қазіргі Жамбыл облысы) 1896 ж. Әулие Ата уезінің бастығы Каллаур ғылымға үлкен жаңалық боп енген жазуы бар тас тапқан. Зерттеушілердің пікірінше Талас ескерткіштері ҮІІІ ғ. қамтиды.
Орхон ескерткіштеріне ҮІ ғ. аяғы мен ҮІІІ ғ. басындағы Орхон, Селенгі, Тола өзендері мен Минусинск ойпатынан табылған Құтлығ қаған (Онгин), Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Мойын Чор, Күллі Чор, Суджы ескерткіштері жатады.
«Онгин» ескерткіші 1891 ж. Монғолиядағы Онгин өзені бойынан Ядринцев тапқан. Бұл ең көне ескерткіштердің бірі. Мұнда екінші түркі қағанатын қайтадан қалпына келтірген Елтеріс қаған мен оның әйелі Елбіге туралы әңгімеленеді. Құтлығ Күлтегін мен Білгенің әкесі.
«Білге қаған» (683-734) ескерткіші 1889 ж. Монғолиядағы Орхон өзені бойындағы Эрдени Цэу монастырының жанынан Ядринцев тапқан. Білге қаған Қапаған қаған қайтыс болған соң таққа отырған Құтлығ қағанның үлкен ұлы. Ескерткіштегі жазуды жазған қағанның туысы Иоллығ Тегін делінеді.
«Тоныкөк» ескерткішін 1897ж. Селенгі өзені бойынан Д.Клеменц тапқан. Тоныкөк- үш қағанның , 692 жылы қайтыс болған Құтлығтың, 716 жылы қайтыс болған Қапағанның және 734 жылы қайтыс болған Білгенің әскери кеңесшісі болған. Ол табғаш елінде оқып, тәлім-тәрбие, әскери білім алған. Зерттеушілердің пікірінше Тоныкөк 716 жылдан кейін қайтыс болды деп жорамалданады. Ескерткіштегі жазуды жазған Тоныкөк. Әйтсе де жыр жазылу стилі, композициялық құрылымы, идеялық мазмұны жағынан «Күлтегінге» ұқсас. «Күлтегін» жырында негізгі нәрсе – Күлтегіннің ерлігі болса, «Тоныкөк» жырында автор сол шайқаста жеңіске Тоныкөктің ақыл-айласы арқасында ғана жеткендігін көрсетеді. Жырдың басты қаһарманы түркіелінің дана қарты Тоныкөк. Сондықтан жырда уағыз - өсиет, нақыл сөздер көп. Мысалы: «Жұқаны бүктеу – оңай», «Жіңішкені үзу – оңай», «Қол қосылса күш өсер», «Өлімнен ұят күшті».
«Тоныкөк» 313 өлең жолынан тұрады. Жырдың жалпы оқиға желісінен зерттеушілер 14 циклын бөліп қарастырады.
1.Түркі халықтарының табғаштарға бағынышты болу тарихы
2. Аман қалған түріктердің бас қосып, бірігуі
3. Біріккен халықты басқаратын қаған сайлаудың қиындығы, қаған сайлаудағы Тоныкөктің ролі
4. Елтерісті қаған жариялауы
5. Оғыздардан тыңшы келіп, түркі елін шаппақ болғандығы
6. Түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы және осы қиындықты жеңудегі Тоныкөктің ролі
7. Оғыздармен болған соғыс туралы
8. Сегізінші циклдан бастап 14 циклға дейін түркілердің түрлі тайпалармен жүргізген соғыстары баяндалады. Ал 14 циклы бүкіл жырдың қорытындысы болып келеді. Мұнда түркілердің өз елі, жері үшін соғысқандары айтылып, соның барлығында да жеңіске жеткендері, ол Тоныкөктің ақыл-кеңесінің нәтижесі екендігі баяндалады.
«Күлі Чор» ескерткішін 1912 ж. Монғолияның Ихе-Хушоту деген жерінен Котвич деген ғалым тапқан. Ескерткіш тардұш тайпасының көсемі Күлтегін мен Білге қағанның замандасы Күлі Чорға арналған. Күлі Чордың қашан, қай жерде қайтыс болғаны белгісіз, әйтсе де ескерткіште «Ұлы Күлі Чор сексен жасап қайтыс болды» делінеді.
«Мойын Чор» ескерткішін 1909 ж. Селенгі өзені бойынан Рамстедт тапқан. Ескерткіш ұйғыр мемлекетінің қағаны Мойын-Чорға арналған. Ол 745 ж. түркі қағаны Озмыш тегінді өлтіріп, түркі қағанатын құлатады. Селенгі өзені бойынан тұңғыш ұйғыр қағанатын орнатып, қалалар мен сарайлар салғызады. Оның қабырғаларына өз жорықтары туралы жазу жазып қалдырады.
4 апта
