- •«Өлкетану» пәні бойынша лекциялар жинағы
- •1 Лекция. Кіріспе. Өлкетану пәні мақсаты мен міндеті.
- •2 Лекция. Тарихи өлкетанудың қалыптасу кезеңдері. Өлкетану негіздері.
- •3 Лекция. Көне түрік жазбаларының ескерткіштері және олардың өлке тарихындағы рөлі.
- •4 Лекция. Қазақстанның археологиялық деректері және оларды өлкетану жұмысында пайдалану.
- •5 Лекция. Қазақстан тарихы бойынша этнографиялық деректер.
- •6 Лекция. Сәулеткерлік және өнер ескерткіштері туған өлкенің дерек көздері.
- •8 Лекция. Қазақстанда өлкетанудың қалыптасуы және дамуы. Хіх ғ. Орыс зерттеушілерінің Қазақстан тарихын және өлкетанудағы үлесі.
- •9 Лекция. Қазақстанның зерттеудің Қоғамы – Қазақстан Республикасындағы - өлкетану зертеудің орталығы. Қазақстан Республикалық мемлекеттік мұрағат құжаттары. Тарихи-өлкетану мұражайларының қалыптасуы.
- •10 Апта
- •10 Лекция. Туған өлкені зерттеудегі қазақ ғалымдары, ағартушыларының рөлі және қызметі. XIX ғасырдағы Қазақстан музейлері коллекцияларының қалыптасуы және насихатталуы
- •11 Апта
- •11 Лекция. Өлкетану библиграфиясы өлкетану дерек ретінде. ХіХғ екінші жартысымен хх ғ. Басындағы қазақтардың баспасөз кітабы және олардың басылымдары.
- •12 Апта
- •12 Лекция. Тарихи-өлкетану мұражайларының қалыптасуы. Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің қалыптасуы.
- •13 Апта
- •13 Лекция. Қазақстан Республикалық мемлекеттік мұрағат құжаттары Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы және тарихи ескерткіштердің туризмдегі рөлі.
- •14 Апта
- •14 Лекция. "Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері.
- •15 Апта
- •15 Лекция. Мектептегі өлкетану. Мектептегі өлкетанудың міндеті
- •Мұра жинау, сақтау және Алаш зиялыларының атқарған қызметі
«Өлкетану» пәні бойынша лекциялар жинағы
1 апта
1 Лекция. Кіріспе. Өлкетану пәні мақсаты мен міндеті.
1.«Өлкетану» түсінігі, зерттеу обьектісі, міндеттері.
2.Өлкетанудың ерекшеліктері, деректері және әдістемелік негіздері
Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы. Шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.
Қазақ жері өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Оның ұлттық тарихы аса ерте замандардан бастау алады. Ел мен жерді қорғау ең алдымен сол ел мен сол жердің тарихын білуден басталады. Ел мен жердің тарихын білу тарихта өткен қасиетті ата-бабалар әруағына тағзым етіп, олардың игілікті істерін еске алудан бастау алады. Ұлт тарихынан білімді болудың басты мақсаты-өткеннен тағылым алу. Осыған орай еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштері білу-біздің тарих алдындағы міндетіміз.
Әлемдегі әр ұлттың өз тарихында кие тұтатын мекендері бар. Ол жерлердің киелілігі сол халықтардың шығу ошағы немесе ұлттық мәдениетінің ошағы, елдіктің ошағы болуына байланысты болса керек. Қазақ халқының тарихында осындай жерлер өте көп. Алтай мен Жетісу, Ұлытау мен Қаратау, Еділ мен Жайық, Ертіс пен Сыр, Маңғыстау, Түркістан мен Отырар –міне, қазақтың төл бесігі болған киелі мекендер. Бұл аймақтардың өз ішінде және кішігірім киелі орындары бар. Мысалы, айтар болсақ, оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Гауһар ана зираты, Әли Қожа бейіті, шығыстағы Алтай ескерткіштері мен Жидебайдағы Абай мұражайы, Қарағандыдағы Беғазы кешені, Жамбыл облысындағы –Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Маңғыстау өңіріндегі Шопан-Ата жер асты мешіті және тағы басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер.
Қазіргі кезде туризмнің өте қарқынды дамуына байланысты жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштер арқылы біз елімізді дүниежүзіне таныта аламыз.
Осы құндылықтарымызды қорғау және оны қайта қалпына келтіріп отыру кезек күттірмейтін мәселердің бірі.
Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспедиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі XVIII ғасырдың II-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды. Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И.И. Лепехин, П.С. Паллас, П.И. Рычков, И.К. Кирилов, В.Н. Татищев, А.И. Левшин өз үлестерін қосты. Қазан төңкерісіне дейін XIX ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық Өлкетануында Орыс география қоғамының 1868 жылы құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті. Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. XIX ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н. Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды. Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Өлкетануында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 жылы Кеңес Одағы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспедициялар ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Өлкетанудың жергілікті орталықтары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан Өлкетану мұражайлары жұмыс істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспед-ицияларын ұйымдастыру да ілгері дамуда.
2 апта
