- •Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
- •Синапстардың физиологиялық қасиеттері
- •Мидың құрылысы, қызметі. Ортаңғы ми. Аралық ми. Торлы құрылым және оның қызмтеі. Алдыңғы ми. Ми қыртысы.
- •Жоспары:
- •Жоспар:
- •Көру анализаторы
- •Есту мүшесі үшке бөлінеді:
- •Лимфа және лимфа айналымы, құрылымы, маңызы.
- •Лимфа жүйесінің қызметі.
- •Жоспары:
- •2. Зат алмасудың реттелуі. Организмдегі зат алмасу екі жолмен жүреді: нервтік және гуморальдық.
- •Жоспары:
- •Жоспары:
- •Апта 15 Лекция №15 Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру негідері
- •Тренинг ойын ұйымдастыру: сипаттама жазу
Жоспары:
1. Тірек-қимыл аппаратының маңызы.
2. Сүйектің химиялық құрамы.
3. Кеуде клеткасының жетілуі, жамбастың ерекшеліктері.
4.Аяқ – қол сүйектерінің дамуы.
5.Тірек-қимыл аппаратының бұзылулары және балалар жарақаттануынан алдын ала сақтану.
6.Жараланғанда алғашқы көмек көрсету
Тірек – қимыл аппаратының маңызы. Адамның тірек-қимыл аппараты сүйектер мен еттерден, сіңірлер мен тарамыстардан тұрады. Ол тірек, қорға ныш және қимыл функцияларын орындайды. Тірек функциясы – скелеттің басқа мүшелерді ұстап тұруынан, денеге белгілі қалып және пішін беруінен тұрады. Шеміршектермен және оған бекіген еттермен байланысқан сүйектер қуыс құрайды, онда тіршілік үшін маңызды мүшелер орналасады. Бұл сүйек ет скелетінің қорғаныш функциясы. Мысалы, ми - бас сүйекпен, жұлын омыртқа жотасымен, өкпе және жүрек көкірек қуысымен қорғалады т.б. Қимыл функциясын негізінде еттер іске асырады. Нерв импульстерінің әсерінен жиырыла отырып, олар сүйектерді қимылға келтіреді, бұл кезде өздері серіппеге айналып, скелеттің пассивті элементтері болып қала береді.
Скелет қанның минералдық құрамын белгілі дәрежеде ұстайды, сүйектерде қан жасау функциясын орындайтын сүйектің қызыл майы орналасады. Сүйектің химиялық құрамы.Адам өмірінің әр кезеңінде сүйектің химиялық құрамы бірдей емес. Ол жасына, қоректену сипатына, организмдегі зат алмасуға, ішкі секреция бездері мен бұлшық ет жұмысының функциональдық күйіне байланысты.
Сүйектің негізгі физиологиялық қасиеті – қаттылық пен серпінділік. Сүйектерге органикалық емес заттар – кальций, фосфор, магнийдің тұздары қаттылық қасиет береді. Сүйекте өте аз мөлшерде тканнің қалыпты функциясы үшін қажетті 30-дан астам микроэлементтер болады. Сүйектің серпімділігі ондағы оссеин және осеомукоид сияқты органикалық заттардың болуына байланысты.
Анорганикалық заттар қышқылдарда ериді, ал органикалық заттар – жанады. Мысалы, егер сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, сүйектің анограникалық қосылыстары еріп (сүйектің декальцинациясы жүреді), органикалықтары қалады. Сүйек формасын сақтайды, бірақ қаттылығынан айырылады, оңай иіледі. Сүйекті қыздырғанда органикалық заттары жанады (минералды заттары қалады) сүйек формасын сақтайды, бірақ морт сыңғыш келеді.Ересектерге қарағанда, балалардың сүйектерінде органикалық заттар көп, ол скелеттің иілігіштігін қамтамасыз етеді, бірақ дұрыс отырмағанда сүйектің қисық болып дамуына (деформация) әсерін тигізеді. Басталған қисаюлар өз кезегшінде ішкі мүшелер жұмысына теріс әсер етеді.
Сондықтан тірек-қимыл аппаратының қисаюын болдырмау үшін мектепте де, үйде де баланың дұрыс отыруын қадағалау өте қажет, сүйектерін қалаған қалпында ұстай алу үшін оның ет системасын нығайту керек. Өкінішке орай, басталған қисаюларды болдырмауға және тоқтатуға әр уақытта мүмкін бола бермейді, өйткені кейбір адамдарда бүкіреюге тұқым қуалайтын бейімділік болады, қаншама гимнастикалық жаттығулар жасағанымен оны түзеуге көнбейді.
Кеуде клеткасының жетілуі. Кеуде клеткасы скелетінің өсіп жетілуі өкпе, жүрек, бауыр функцияларының қалыптасуымен, сол сияқты тұру және отыру актілері мен тығыз байланысты. Қабырғалардың сүйектенуі баланың екі айлық кезінен басталып, 20 жасына дейін созылады, 25 жасында аяқталады.
Көкірек клеткасы өскен сайын оның формасы елеулі өзгеріске ұшырайды. Алғашқы жылдары ол негізінен табаны төмен қараған конус формалы болады. Бірақ бірінші жылдың өзінде ақ баланың өкпесінің көлемі 4-6 есе ұлғаяады. Көкірек клеткасының жоғары бөлігі балаларда 7-8 жаста , ал қыздарда одан да ерте кеңейеді. Осының бәрі қысқарады да, ересек адамның көкірек клеткасының формасына келеді. 12-13 жастағы баланың көкірек клеткасы ересектерден тек мөлшерімен ғана ажыратылады.
Көкірек клеткасы әсіресе жыныстық жетілу кезеңінде тез өседі. Оның жетілуінде мерзімділік байқалады: қысқа және көктемге қарағанда, жаз және күз кезінде ол тезірек өседі. Бұл, сірә, балалардың таза ауада ұзақ уақыт болуына, белсенді қимыл ойындар ойнауына байланысты болар. Онан басқа дене шынықтыру сабақтары, еңбек әрекеттері т.б. көкірек клеткасының жетілуіне елеулі әсер етеді.
Иық белдемесі мускулатурасының жетілуі мен тыныс алуы етті бұлшық ет жұмысының активтенуі балалардың көкірек клеткасы формасының өзгеруіне үлкен әсер етеді. Көкірек клеткасының қалыптасу процесіне, сыртқы (парта немесе столда отырған қалпы т.б.) сондай-ақ ішкі (омыртқа жотасындағы немесе бұлшық еттегі тұқым қуалайтын өзгерістер) факторларға тәуелді жеке өзгергіштіктің маңызы бар.
Жамбастың ерекшеліктері. Балалар мен жасөспірімдер жамбасының сүйек-ет скелеті ерекшеліктерінің бірі сегіз көз омыртқалары мен жамбас сүйектерінің жекелеген учаскелерінің (фрагменттерінің) шеміршекті қосылуы болып табылады., сол шеміршектің сүйектенуі салдарынан жасөспірімдік шақта олар бір ғана жамбас сүйегін құрады.
Жамбас маңызды физиологиялық қызмет атқарады: өзінің ішінде жатқан ішкі мүшелерді, қорғайды, ішек-қарынға тірек болады, сол сияқты құрсақ қабырғалары мен аяқ бұлшық етінің бекінетін жері. Ұлдар мен қыздарда (12-13 жасқа дейін) жамбас варонканы еске түсіреді. Онан кейін қыздарда шонданай бұдырмақтарының арасы ұлғаяды, ал шат сүйектерінің арасындағы бұрыш (шат бұрышы) балаларға қарағанда, доғалдау бола бастайды, яғни жамбастың құрылымында жыныстық өзгешелік пайда болады. Әйелдің жамбасы еркекке қарағанда кең әрі төмен орналасқан, оның сүйектері неғұрлым жұқа әрі тегіс.
Әйелдердің мықын сүйектерінің қанаттары неғұрлым қайырыңқы, мүйіске ақырғы бел омыртқаның І-сегізкөз омыртқасымен жалғасқан жеріне – азырақ шығады. Жамбас скелеті формасының өзгеруі туа және жүре пайда болады. Біріншіге, мысалы, ортан жіліктің басы үшін шұңқырдың шала дамуы, ол туа біткен буын таюға соқтырады. Екіншіге – аурудан кейін және биік өкше аяқ киім киюден дамыған жамбас формасының барлық өзгерістері жатады. Қыздардың жамбас түзілісіндегі ауытқулар келешекте бала туғанда бөгет жасайды.
Аяқ – қол сүйектерінің дамуы. Қол мен аяқтың жілік сүйектері жеті жаста құрылысы жағынан ересек адамның сүйектеріне ұқсас болады. 17-18 жастағы ол сүйектерде шеміршек ткані аз, сүйек қабығы жұқа болады, бұл олардың ұзаруы мен жуандауының баяулағанын (кішкене балалармен салыстырғанда) көрсетеді, бірақ олар ересектерге қарағанда, икемделгіш болады.
Қолдың сүйектері, әсіресе қолдың басы, приматтардың алдыңғы аяқтарынан, басқаларына қарсы орналасқан үлкен саусағымен ажыратылады, бұл маймылдарда жоқ. Қолдың сүйектенуі мен өсуінің аяқталуы балаларға қарағанда, қыздарда екі жылға ерте аяқталады. Орта есеппен адамда саусақ сүйектері 9-11 жаста, алақан сүйектері 12-де, ал білезік сүйектері 10-13 жаста қатаяды.
Қыздарға қарағанда ұлдар аяқтарының сүйектері 7 жастан кейін тезірек өседі. Кеудеге қарағанда, аяқтың ұзаруы қыздарда көбінесе 13 жаста, ал ұлдарда 15 жаста. Кейінірек олардың өсуі баяулайды және 23-25 жаста тоқталады.
Сіңірлермен бекінген әрі тірейтін табан сүйектері тік екі күмбез түзеді: сыртқы – тірек және ішкі – серіппелі. Табан күмбезінің серіппелі функциясы жүргенде өкшеден аяқтың ұшына қарай домалануға мүмкіндік береді. Табанға тіренгенде табан сүйегі мен өкше төмпешігі бөлінеді.Дене шынықтыру сабақта рында және қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастырғанда аяқ-қол сүйектері дамуының ерекшеліктерін ескеру керек. Бұл ауытқулардың болмауына көмектеседі. Тірек-қимыл аппаратының бұзылулары және балалар жарақат тануынан алдын ала сақтану.
Оқушының партада тік отыруы организмдегі физиологиялық процестердің неғұрлым дұрыс өсуін қамтамасыз етеді, ал дұрыс отырмау еттің тез шаршауын туғызады. Қолайсыз сезімдерден құтылу үшін оқушы иіледі немесе бір жағына қисаяды. Отыруды ұдайы бұзу үшін тұрақты форманың өзгеруіне жеткізеді, онда сүйекет скелеті пропорцияларының қатынасы өзгереді және ішкі мүшелерінің қызметі бұзылады.
Омыртқа жотасының қисаюы. Балалардың тірек-қимыл аппаратының дамуында ең жиі ауытқитын омыртқа жотасының көкірек бөлігіндегі қисаюы болып табылады.
Омыртқа жотасының қисаю себептерінің бірі – ұзақ уақыт дұрыс отырмаудың, бір қолмен ауырлық көтерудің киімді дұрыс таңдамаумен үйлесімді кимеудің т.б. салдарынан омыртқаның дөңес бұлшық етінің әлсіз болуы. Кейінгі жағдайда бала, белі бос шалбарды ұстауға мәжбүр болады, ал ол иықтың ассиметриясына және омыртқа жотасының қисаюына әкеледі, тар белдіктер жамбас мүшесі мен аяқтың қан айналысын бұзады. Бұл бұлшық ет қызметін шектейді және оларды әлсіретеді.
Омыртқа жотасы қисаюының пайда болуы себептері жалпы алғанда көп. Туа пайда болған омыртқа қисаюы 6 пайыздай жағдайда кездеседі; оның себептері омыртқа жотасының жеткілікті дамымауы, олардың сына тәріздес болуы және скелеттің басқа да кемістіктері деп саналады.
Жалпақ табандылық.Табан күмбезінің (ойығының) тұрақты төмен түсуімен сипатталатын табан деформациясын жалпақ табан деп атайды.
Ұзына бойы (ішкі күмбез төмен түскен) және көлденең жалпақ табандылық (табан сүйегі бастарының арасындағы күмбез төмен түскен) деп ажыратылады.
Жалпақ табандылық туа және жүре пайда болады. Туа пайда болған жалпақ табанды адамдар 5 пайыздан көп емес, негізінде ол жүре пайда болады.
Жалпақ табан өзгеше із қалдырады. Жалпақ немесе жалпиған табаны бар балалар серуендеу мен экскурсия кезінде тез шаршайды, дені сау балалардан қалып қояды, аяғы ауыратынын айтып, отыра береді т.с.с.Табанның қалыпты күмбезін сақтау үшін, күнде гимнастикалық жаттығулар жасау ұсынылады. Жалпиған және жалпақ табаны бар балаларға түзеу гимнастикасы және күнделікті аяқ киіміне ұлтарақ-супинатор қажет. Бұл шаралар бастала бастаған жалпақ табандылықты болдырмайды.
Балалар аяқ киімінің ұлтарақ-супинаторларын жыл сайын өзгерту керек, өйткені табанның ұзаруымен аяқ киімнің мөлшері өзгереді.Биік өкшелі аяқ киім – көлденең жалпақ табандылық дамуының себебі, өйткені табанның алдыңғы бөлігіне үнемі ауырлық түсу оның ет-сіңір аппаратын әлсіретеді.
Түзеу гимнастикасы.Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларын алдын ала болдырмау үшін жасалатын гимнастикалық жаттығуларды түзеу гимнастикасы деп атайды. Бұл жалпақ табандылықты, сколиозды т.б.жөндеуге көмектесетін, арнайы жасалған гимнастикалық комплекстер. Мұнда әр түрлі бұлшық ет топтары мен барлық организмді максимал шынықтыру көзделеді.
Түзеу гимнастикасы тобына балаларды емдеу физкультурасы жөніндегі дәрігер жазады, ал күнделікті сабақты мектептегі дене тәрбиесінің мұғалімі мен арнаулы мекеменің емдеу гимнастикасының нұсқаушылары жүргізеді.
Жараланғанда алғашқы көмек көрсету. Жараланудан алдын ала сақтану.
Жараланғанда дереу көмек көрсету керек; таңғыш қою, емдейтін мекемеге жеткізу. Жараланғанда (көп қан ақпаған жағдайда) жараның айналасындағы теріге 5 пайыздық иод тұнбасын жағады, дәріленген, тазаланған таңғыш салады да, дәріленген, тазаланған бинтпен байлайды. Содан соң зақымданған адамды емдеу мекемесіне әкеледі.
Терісі сыдырылған жері болса оған құрғақ дәріленген, тазаланған немесе марганец қышқыл калийдің 2-3 пайыз ертіндісіне малынған таңғыш қояды. Егер жалаңаштанған жерге кір түссе, онда жараны алдын ала тазаламай-ақ дәріленген, тазаланған таңғыш қояды және зақымданған адамды емдеу мекемесіне жеткізеді, онда оған сіріспеге қарсы сыворотка егеді, біліктілкпен жасалған көмек көрсетеді.
Сүйектің барлық жарақаттануы, жұмсақ тканнің бөлінуі, сол сияқты қатты соғылу мен буынның шығуы жөнделінеді, ол үшін арнаулы (шиндер) немесе суырып салынатын (жұқа тақтай, тақтай фанер) материал пайдалынылады. Шыққан буынды орнына салуды тек дәрігер атқаруы тиіс.
Жарақаттануды болдырмау балалардың өте сақ болуын және көшеде, үй төбесінде, жардың, шұқырдың, карьердің т.б. шетінде ойнаудың қауіптілігін түсінуді қарастырады. Бұған балалардың жолда жүру және жол арқылы өту ережелерін жақсы білуін қамтамасыз ету керек. Көрнекі және көрсету құралдарын: плакаттарды, суреттерді, ойындарды, кинофильмдерді пайдала нып, сабақтың тура келетін сәттерінің бәрін, оқушылардың жолда жүру ережелерін білуі үшін жұмсауы қажет.
Әр түрлі жарақаттан сақтандыруда балаларды мектептен шыққаннан кейін көшеге жүруге үйретудің, оларды бақылаусыз қалдырмаудың, демалысы мен үйдегі бос уақытын дұрыс ұйымдастырудың айрықша маңызы бар.
Мектеп жасына дейінгі балалар өте қозғалғыш келеді, сөйтіп, мұның өзі қимыл аппаратының табиғи түрде айтарлықтай жаттығуына жағдай туғызғандай болады. Әдетте бала 3-4 жаста жай, бірқалыпты қадаммен ұзақ жүре алмайды. Оның бұлшық еттерінің статикалық кернеуі тек қысқа мерзім ішінде ғана өзгермеуі ықтимал. Мектепке дейінгі сәбилік шақта балалардың қозғалмай тұра алмайтын себебі де, міне, сондықтан. Ол өз қалпын үздіксіз өзгертіп, түрліше қимылдар жасайды.
Шамадан тыс күш түсудің зияны. Эмоционалдық қозудың әсерінен, мысалы, ойынға алданғанда, аса қауіпті жағдай төнгенде, жарыс кезінде мектеп жасына дейінгі бала, әдеттегі жағдайда оның өзіне тән емес аса көп күш және қозғалыс аппаратының төзімділігін көрсетуі ықтимал. Алайда, ондай шамадан тыс кернеу ағзаның жағдайына әсіресе, жүрек-қан тамырлары жүйесіне зиян келтіріп, ауыр патологиялық аурулардың тууына себепші болады. Барлық дене күшін қимыл-қозғалысқа, спорт ойындарына, гимнастикамен айналысуға, серуендеуге және т.с.с. белгілі бір мөлшерде жұмсау қажет.
Тірек-қимыл жүйесінің гигиенасы
Бастауыш мектеп жасындағы балаларда қаңқаның сүйектену процесі жалғаса береді және бұлшық ет-сіңір аппараты біртіндеп нығая түседі. Бұл кезеңде баланың бүкіл тірек-қимыл жүйесі жаңа ауыртпалыққа және жағдайға бейімделеді. Балалар қалам мен қаламсапты дұрыс ұстауға, мектепте партада, үйде жұмыс столында ұзақ уақыт дұрыс отыруды үйренеді. Баланың тіршілік жағдайы, оның әдет дағдылары омыртқа жотасының тез қисаюы мүмкін. Мұндай ауытқу жағдайлары бастауыш сынып оқушыларында және жасөспірімдерде ерекше айқын байқалады, әсіресе, ұлдарға қарағанда қыздарда жиі кездеседі. Бұл жағдай ұлдардың қимыл әрекетінің көптігімен түсіндіріледі, мұның өзі дене сымбатының дұрыс сақталуына және омыртқа жотасының қисаюына септігін тигізеді.
Дене сымбаты дегеніміз – омыртқа жотасының барлық иіндерінің біркелкі болып, жақсы байқалуы, бастың тік орналасып, иық, жауырын және мықын сүйегінің қыры бір сызық бойында орналасуы. Дене сымбаты өсу процесінде, дененің дамуы және балаларда дененің дұрыс қалпын сақтау дағдыларын тәрбиелеу барысында қалыптасады. Баланың дене сымбатының жақсы болуы дегеніміз – бұл дененің ешқандай әрекетсіз-ақ жинақы, әрі ықшам болуы. Өзін дұрыс ұстау қалпы эстетикалық тұрғыдан ғана емес, денсаулық үшін де маңызды. Дене сымбатының дұрыс болмауы баланың денсаулығына кері әсер етеді оның қан айналымы, тыныс алуы, ас қорытуы бұзылады. Жотасының бүкіреюі, кеудесінің ішке қарай қысыңқы болуы өкпенің қалыпты қызмет атқаруына мүмкіндік бермейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы қалыпты жағдайдан төмен болады. Оттегінің жетіспеуі тотығу процестерінің сыртқы орта жағдайының қолайсыз әсеріне қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне әсер етеді. Дене сымбатының ауытқуларының бірі – сколиоз. Ол қаңқаның өзгеруіне ғана емес, сонымен қатар бұлшық еттердің дұрыс дем алуына да байланысты. Сколиоз кезінде жүрек, өкпе, бауыр ептеп ығысады.
Омыртқа жотасындағы жиі кездесетін ауытқуларға дене сымбатының болбырлығы, арқаның жалпақтығы, бүкіреюі жатады.
Дене сымбатының болбырлығы омыртқа жотасының мойын және арқа иіндерінің айқын байқалуынан көрінеді. Ондай балалардың басты төмен салбырап, алға қарай шығыңқы келеді. Көкірек сарайы түсіңкі, жауырыны салбырап тұрады, қарны алға шығыңқы, аяғы тізе буынында сәл бүгілген болады.
Арқасының жазық болуы омыртқа жотасының барлық иіндерінің аздығынан көрінеді. Иықтары салбырап, алға қарай шығыңқылау келеді, қарны қампиып тұрады.
Жота бүкірейген жағдайда омыртқа жотасының көкірек иіні күшті дамиды. Иықтары алға қарай салбырап, бел иіні кішірейеді, қарны өте шығыңқы болады.
Жоғарыда аталған дене сымбатының ауытқуы бұлшық ет-сіңір аппаратының нашар дамуына, омыртқа жотасын дұрыс қалыпта ұстап тұратын бұлшық еттер үйлесімділігінің өзгеруіне байланысты болады. Дене сымбаты бұлайша өзгеріске ұшыраған оқушылар тез қажиды. Олар сабақта тынышсызданып, дене тұлғасын бірде олай бірде бұлай ұстайды.
Бұлшық еттердің нашар дамуы, омыртқа жотасын дұрыс қалыпты ұстап тұратын бұлшық еттердің әркелкі дамуы, мешел сияқты аурудан көкірек сарайының өзгеруі, бала өмірі тәртібінің дұрыс болмауы, жиһаздың дене өсуі мен пропорциясына сай келмеуі, жұмыс орнында жарықтың жетіспеушілігі (дұрыс отырмау), ыңғайсыз киім (көкірек сарайын сығатын көкірекше, қатты немесе бос белдіктер) дене сымбатының бұзылуына, сколиоз ауруына алып келеді. Денесінде кемістігі бар балалар ерекше бақылауда болуы тиіс. Олардың мектептегі сабақ үстінде және үйде дұрыс отыруын үнемі қадағалап отыру керек. Ондай оқушыларды ортаңғы қатардағы партаға отырғызу қажет, олар оқу құрал-жабдықтарын қол сөмкесінде емес, арқаға асатын сөмкеде алып жүруі тиіс. Дене шынықтыру сабақтарында дене кемістігі бар балалар арнайы жеке топқа бөлінбейді, бірақ олармен дене кемшілігін түзеуге арналған жаттығулар жүргізіледі.
Дене сымбатының кемшілігін түзетуге арналған гимнастикалық жаттығулар дегеніміз – бұлшық еттердің белгілі бір тобын шынықтыратын және бүкіл ағзаның дұрыс дамуына жағдай жасайтын дене шынықтыру жаттығуларының жүйесі. Түзету жаттығуларын жүргізу әдістері бастауыш мектеп жасындағы балалардың жас ерекшелігіне сай болуы тиіс. Мұнда әр баланың жеке ерекшелігін ескеру маңызды.
Дене сымбатының кемшілігін түзетуге арналған гимнастикалық жаттығуларға бұлшық еттерді шынықтыру, қозғалыс үйлесімділігін жақсарту, дене сымбатының кемістігін түзету, дұрыс сымбатын қалыптастыру жаттығулары жатады.
Жалпақ табандылық. Адамның тік жүруіне байланысты оның табанының құрылысы өзіндік пішінге ие болады. Онда бойлық және көлденең екі күмбез бар. Бойлық күмбез өкше сүйектеріне тіреледі. Көлденең күмбез рессора рөлін атқарады. Соның арқасында адамның жүруі серіппелі, әрі серпінді болады. Екі күмбез де сіңірлі мен бұлшық еттер арқылы берік байланысқан. Мұндай бұлшық еттер босаңсыған кезде дене салмағының сіңірлерге түседі де, күмбездер жалпайып, жалпақ табандылық пайда болады. Жалпақ табандылық кезінде жүргенде және дене еңбегімен шұғылданғанда адам тез шаршайды. Көп жағдайда баланың жалпы көңіл-күйі төмен, әрі басқа жағымсыз сезімдер пайда болады.Жалпақ табандылықтың себептері әр түрлі. Ол бұлшық ет аппаратының туа пайда болған әлсіздігінен, дене дамуының жалпы нашарлығынан, мешел ауруынан, баланың ерекше семізділігінен, аяқ киімді дұрыс таңдай білмеуден пайда болуы мүмкін. Қыздарға биік өкшелі аяқ киімдер киюге болмайды, өйткені бұл кезде салмақтың ауырлығы алға түсіп, соның салдарынан табанның бұлшық еттері мен сіңірлері шамадан тыс созылады. Балалар үшін кең аяқ киім кию зиянды. Жалпақ табандылықтың алдағы уақытта дамуына жол бермеу үшін төсеніш – супинатор пайдаланылады және жаттығу массаждың көмегімен аяқтың бұлшық ет аппаратын шынықтыру ұсынылады. Аяқтың ұшымен жүру, жүрген кезде табанды сыртқы шетіне қарай басу, аяқ саусақтарымен жұмыр заттарды (қалам, таяқша), табанмен допты қармау ұсынылады.
5-апта Лекция №5 Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың көру және есту мүшелерінің гигиенасы және физиологиялық даму ерекше ліктері
