Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5030 (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
527.87 Кб
Скачать

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

«БПОӘ және музыкалық білім» кафедрасы

«Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектепке дейінгілер гигиенасы» пәні бойынша лекция жинағы

5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының күндізгі – сыртқы оқу бөлімі студенттеріне арналған

2 –курс 3-семестр

(2- кредит)

Құрастырған: а. о. Қашқаров А.А.

Кафедра меңгерушісі: п.ғ.к. Кенжебекова Р.И.

Шымкент – 2016 ж.

1-апта Лекция № 1 Тақырыбы: Кіріспе

Жоспар:

• Жас ерекшелік физиологиясы және мектепке дейінгілердің гигиенасы пәні

•Ағзаның жасушалық құрылымы мен қызмет

•Ұлпаның құрылысы мен қызметі

Жас ерекшелік физиологиясы және мектепке дейінгілердің гигиенасы пәні курсының мақсаты: стденттерді болашақта мектепкежасына дейінгі балалардың жас физиологиясы ерекшеліктерімен таныстыру, өзбеттерімен көрсетілген әдебиеттермен оқып, жұмыс істеуге үйрету.

Әрбір мүше атқаратын қызметіне байланысты бейімделген жасушадан құрылады.Мысалы: жүйке жүйесі жүйке жасушаларынан тұрады.Жасуша – тірі материяның қарапайым құрылысы мен дамуының ең кіші өлшемі.

Жасушаның қасиетіне қарай ағзаның қызметі атқарылып отырады.Осы жасушалар ағзада өтетін көптеген тіршілік процестерін қамтамасыз етеді.

Жасушалардың қасиеті. Жасушаларды тірі күйін негізгі тіршілік қасиеттерімен қамтамасыз етілетін элементарлық бірлік ретінде қарастыруға болады.Олар:

• Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыра алады. Мәселен, органикалық заттардың химиялық энергиясы адам ағзасының жасушаларында энергияның басқа түріне, мысалы, механикалық, электр, жылу энергияларына айналады;

• Жасушаға енген заттарды қорыта отырып, өз денесін құрай алады;

• Өседі және көбейеді.Жасушалар жаңа жасушалық заттардың шпшаң пайда болуы есебінен өседі; әлденеше рет қақ ортасынан бөліне отырып, жасушалар көбейеді, оның үстіне олардың әрқайсысы аналық жасушаға ұқсас болады;

• Бейімделеді.Ұрықтың дамуы әйелдің ұрықтанған жыныс жасушасының бөлінуінен басталады.Қайталап бөліну нәтижесінде жасушалар саны үздіксіз көбейе береді, оның үстіне көп ұзамай-ақ болашақ мүшелердің бастапқы нышандары көріне бастайды.Бұл мезгілде жекелеген топтардағы жасушалардың құрылысындаға айырмашылықтар байқалатын болады, олардың белнілі бір өмірлік қызметті орындауға икемделіп, бейімделуі жүреді;

• Жауап қайтару және қозғыштық көрсете алады, яғни қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге жауап қайтару, сонымен қатар оларға бейімделу, ал олардың тітіркендіргіш күші жеткілікті түрде болған кезде қозу жағдайына, басқаша айтқанда, белсенді әрі іскерлік күйге өте алады.Бұл жағдай әртүрлі жасушаларда бірдей емес.Мәселен, бұлшық ет жасушалары тітіркендіруге жауап ретінде жиырылады, яғни қысқарады, ал сілекей бездерінің жасушалары сілекей бөледі.

Жасшалрдың құрамына алуан түрлі заттар кіреді. Шамамен алғанда жасуш салмағының ¾-не жуығы шамлы мөлшерде және ¼-не жуығы- органикалық заттардың, негізінен ақуыздың, сондай-ақ нуклейін қышқылдарның, көмірсулардың майлардың және ақуыздар т.б. үлесіне тиеді.

Жасушаның негізгі қызметі. Тірі жасуша - күрделі динамкалық өзгерістер болып тұрады. Жасушаның өмір сүру қабілетіне оның тітіркенгіш, қозғыш, өсу, көбею қасиеттері кіреді.Жасудағы зат алмасу немесе қалыпты жағдайдағы тіршілік үшін сыртқы ортадағы, ал керексіз заттарды сыртқы ортаға шығарады. Қысқаша айтқанда, жасушада ассимиляция және диссимиляция процесі үздіксіз жүріп тұрады. Жасушадағы зат алмасу бір – бірімен тығыз байланысты, оған белгілі бір ретпен өтетін көптеген химиялық ьреакция жатады. Бұл рекциялардың жеделдетушілері (катализаторлары) фермент болып саналады. Жасушаларда өтетін ферменттік реакциялардың жиынтығын “метоболизм” ал оның өнімдерін “метоболиттер” деп атайды. Жасушадағы барлық биохимиялық реакция орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады.

Ұлпалардың негізгі топтары. Жасушалық бейімделу процесінде түзілген құрылысы жағынан біртектес және белгілі бір функцияны атқаратын жасушалардың жиынтығы ұлпалар деп аталады. Ұлпаның құрамына жасуша аралық заттар да кіреді. Ұрықтың бастапқы ұлпалары бейімделуі жалғастыра отырып, бірте-бірте ересек ағзаның түрліше ұлпаларына айналады. Ұлпаның күрделенуі мен өзгеруі адамның ұрық кезеңінде ғана емес, сонымен қатар туғаннан кейін де ұзақ уақыт болады.

Ұлпалардың негізгі төрт топқа бөлінеді. Олар: эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпалары.

2-апта Лекция №2 Тақырыбы: Балалардың даму және өсуінің жалпы заңдылықтары

Балалар мен жастардың ағзасы үнемі өсіп дамуда болады. Ағза жасушала рының сан мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Ағзаның негізгі үш дене көрсеткіштері бар: бойы, салмағы және кеуде шеңбері.

Баланың бойын антропометр деп аталатын аспаппен, салмағын арнайы медициналық таразымен, кеуде шеңберін сантиметрлік лентамен өлшейді. Дене көрсеткіштерін өлшеуді антропометрия деп атайды. Өсумен қатар ағзада даму процесі жүріп жатады. Даму сапалық көрсеткіш. Ағзаның дамуы деп сан көрсеткішінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жіктеліп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, ағза мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады.

Баланың дамуы екі түрлі болады: физикалық және функционалдық( функция – қызмет деген мағынада) дамуы. Физикалық даму көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орны.

Даму көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі. Мысалы, жүректің қызметтік дамуын анықтау үшін өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейді.

Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Өсіп дамуы, жетілу кезеңі немесе кәмелетке келуі, кемелденуі және қартаюы, бұл үшеуінің арасын дене көрсеткіштерін өлшеп ағзаның даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.

Кәмелетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз – ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек қабілеттері жатады.

Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да, жынысына сай 16-18 және 18-20 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам ағзасының толық жетілуі, яғни кәмілетке келуі аяқталып кемелденуі басталады.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:

• өсуі мен дамуы гетерохронды болады, яғни біркелкі емес;

• мүшелер мен мүше жүйелерінің өсуі мен даму қарқыны әр түрлі;

• өсу мен даму баланың жынысына байланысты;

• мүше жүйелері мен мүше қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықтылығы;

• өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттерінің сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;

• өсу мен дамудың акселерациясы.

Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады, тіпті бір жылдың ішінде де бойдың өсуі бірдей емес. Жазда бала тез өседі де, қыста нашар немесе түнде бойы көбірек өседі, күндіз өспейді. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондығы дейді (гетерос - әр түрлі, хроно – уақыт).

Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді. Туғаннан үш жасқа дейін, 5-7 жас арасында және жыныстық жетілу кезеңінде, оның үстіне бала ағзасындағы жеке мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде болады. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі. Бір жылдың ішінде 2-2,5 есе салмағы артады (жаңа туған бөбекте миының салмағы 360-390 гр) 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90% -дай шамада болады. Мұның себебі баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады. Барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесі, әсіресе, орталық жүйке жүйсінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді. Жыныс мүшелерінің өсуі мен қызметінің дамуы да кезектесіп отырады. Мүше өскенде қызметі онша дами қоймайды, өскеннен кейін оның қызметі күшейіп өсуі нашарлайды. Осыларға байланысты бала ағзаның қажеттері үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, мидың өсуі күшейгенде ағза ақуызды көбірек қажететеді. Қимыл қозғалыстары дамитын кезде ол мазасыз болады, көп қозғалады, көмірсулары көп тағамды талғайды.

Баланың ағзадағы түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның жағдайларына қарсы тұру қабілеті дамып жатқан қызметтік жүйелерге байланысты. Айталық, бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл мезгілден ерте оқыту, оның басқа мүшелер жүйесіне зақым келтіреді де, дамуын төмендетеді.

Ағзаның ұлпаларына қажетті оттегін тасу қабілеті де біртіндеп дамып 16-17 жаста жетіледі. Сондықтан бала ағзасына әсер ететін ауыр жұмысты, дене еңбегін, спорпен шұғылдануды ұйымдастырғанда мұны ескерген жөн.

Бала ағзасының еңбектің түрлеріне бейімділігі бірдей болмайды. Оқу, еңбек, спорт жұмыстарын сыртқы ортаның жағдайына сай етіп мезгіліне байланысты мөлшерленген жөн.

Ағзада болатын тұрақты сандық және сапалық өзгерістер бүкіл өмір бойы үздіксіз етіп отырады. Бала ағзасы өсу және даму процесінде өзгереді, жаңарады, онда жаңа жасушалар тіршілігін жояды, ағзаның кейбір қызметтері де дамып отырады. Ағзадағы болатын өзгерістерде жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездері зор рөл атқарады.

Баланың өсуі мен дамуы үздіксіздігімен ғана емес, сондай-ақ әркелкілігімен де көзге түседі. Бірінші жылы баланың бойының ұзындығы 25 см-ге артады, екінші жылы өсуі баяулайды да, кейінгі әрбір жаста 10 см-ден қосылып отырады. Бұдан икейінгі өсудің артуы жыныстық жетілудің алғашқы кезеңінде байқалады (қыздарда 11-12, ұлдарда 14-15 жаста). Он жасқа дейін ұлдар мен қыздардың өсуі шамалас болады, ал 11-12 жастан кейін қыздардың өсуі ұлдардан басып озады. Ұлдар өсуі жағынан 14-15 жаста қыздарды басып озады.

Баланың әркелкілік дамуы олардың дене салмағына да әсер етеді. Баланың бір жасында дене салмағы үш есе артады. Кейіннен жыл сайын қосатын салмағы кеміп, ол 2-3 кг шамасында болады. Жыныстық жетілу кезеңінде дене саомағы тез артады: қыздарда 4-5 кг, ал ұлдарда 7-8 кг салмақ қосылады. Мижұлын салмағының артуы бастауыш мектеп жасында аяқталады, бірақ жүйке жүйесі қызметінің жетілуі жас өскен сайын жалғаса береді.

Баланың қарқынды өсуі жіктелу процестерінің бәсеңдеуімен қатар жүреді және керісінше қарқынды жіктелу ағзаның өсуін баяулатады. Мысалы, баланыңжүрегі алғашқы екі жыл ішінде қарқынды өседі де, ал жүрек ұлпаларының жіктелуі бұл кезде өте баяу жүреді. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жүрегінің мөлшері мен көлемі біртіндеп артады, оның есесіне жүректің жүйке аппараты жедел жетіледі. Жасөспірім шақтың алғашқы кезеңінде жүректің өсуі, көлемінің ұлғаюы және ұлпаларының жіктелуі біркелкі өтеді. Бала ағзасының өсуі мен дамуының әркелкілігі оның психикалық дамуына да әсер етеді. Бірдей жастағы балалардың психикалық дамуы әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Бұл баланың жеке басының ақыл-ой дамуына және тәрбиеленген орта жағдайына байланысты болады.

1960-1990 жылдары байқалған еліміздегі балалар мен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамдануын өсу мен дамудың акселерациясы (акселератио – жылдамдау, үдеу, тездеу) деп айтады, яғни қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып ерте жетілуін айтады.

Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:

• Жаңа туған нәрестелердің ірі болуы;

• Белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы;

• Ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1,5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады);

• Баланың сүйегі ерте қатаяды (сүт тістері ерте пайда болады, маңдай еңбегі ерте жабылады);

• Жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты жағдайда жігіттерде 22-24 жаста, қыздарда 20-22 жаста бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу 2 жылдай бұрын аяқталады.

Адам жасының кезеңдері. Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі мөлшерде шектеу қажет. Сондықтан адамның өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөлу пайда болды. Жас кезеңдері деп адамның өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерін, шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде ағзаның даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі даму деңгейде дайындалу мерзімі басталады.

Адам ағзасының даму кезеңі бірнеше кезеңге бөлінеді:

Жаңа туған сәби (нәресте ) ..................................................................10 күн

Емшектегі сәби ...................................................................10 күн -1 жас

Сәбилік шақ ...................................................................................1-3 жас

Бірінші балалық шақ ....................................................................4-7 жас

Екінші балалық шақ ...................................................қыздар 8-11, ұлдар 8-12 жас

Жасөспірімдер немесе жеткіншек, шағы ....................................қыздар 12-15, ұлдар 13-16 жас

Кәмелеттік немесе жігіттік, бойжеткендік шақ...........................қыздар – 16-20, ұлдар – 17-20 жас

Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің екінші жартысы ...................әйелдер – 21-35, ерлер – 22-35 жас

Ересектік мерзімнің екінші жартысы ........................................әйелдер – 36-55, ерлер – 36-60 жас

Егде жас ........................................................................................әйелдер 55-74, ерлер – 60-74 жас

Қариялар немесе кәрілік шақ .............................................әйелдер мен ерлер – 74-90 жас

Ұзақ өмір сүрушілер........................................................90 жастан әрі қарй.

Бұған қоса педагогтар балалрды тәрбиелеу, үйрету,оқыту жағдайларын ескере отырып, келесі жас кезеңдерін ұсынады:

Жаңа туған сәби (1 ай)

Емшектегі сәби (1 ай - 1 жас)

Ясли жасы немесе бал бөбектер тобы (1-3 жас)

Мектепке дейінгі балалар тобы (3-7 жас)

Мектеп жасындағылар:

а) Бастауыш сынып оқушылары ...............................................7-11 жас

ә) Ортаңғы сынып оқушылары ................................................11-14 жас

б) Жоғарғы сынып оқушылыры ............................................. 14-18 жас

Әрбір жас кезеңдерінің белгілі ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын мүшел жас деп атайды. Мүшел жас әр кезеңде де ауыр – ағза көп күш жұмсайтын, жиналған өзгерістерге қайтадан бейімделу уақыты. Сондықтан мүшел жас кезінде адам ағзасы біршама әлсіреп сыртқы ортаның жағдайларын қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек қан тамырлары мен жүйке-жүйелеріне түсетін ауыр салмақ болады.

3- апта Лекция № 3 Тақырыбы: Жүйке жүйесінің жас физиологиялық ерекшеліктері және гигиенасы

Жоспары:

Нерв жүйесінің маңызы

Нейронның құрылысы мен қасиеттері

Мидың құрылысы, қызметі.

Рефлекс түрлері.Жұлын.

Вегативтік жүйке жүйесінің морфологиялық ерекшеліктері.

Балалардың танымдық әрекетін қалыптастыру

1. Жүйке талшықтарының құрылым мен физиологиялық қасиеттері. Жүйке орталығынан шетке шыққан нейронның ұзын өсінділері топтанып түрлі жуанды-жіңішкелі жүйке құрайды. Әр жүйке көптеген талшықтардан тұрады, мысалы бақаның шонданай жүйкесі 12000-дай жүйке талшықтарынан құралған.

Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерінің бірі оның қозғыштығы, екіншісі – қозу процесін өткізу. Қозғыштық (тітіркендіруге жауап ретінде қозу процесінің пайда болуы) қозғыш ұлпалардың бәріне тән қасиет. Олар қозу процесін клеткалық мембрананың бойымен өткізеді.Қозуды өткізу жүйке үшін тек физиологиялық қасиеті ғана емес, оның орындайтын негізгі қызметі.

Жүйкелердің қозуды өткізу механизмі мен ерекшеліктері олардың құрылысына байланысты. Жүйке талшықтары миелинді (майды қабықты) және миелинсіз (майлы қабықсыз) болып екіге бөлінеді. Сезгіш, қозғалтқыш жүйкелердің көбі миелинді талшықтардан тұрады, ал вегативтік ганглиден кейінгі постганглялык талшықтардың көбі миелинсіз болады.

Миелинді қабық жүйке талшығын тұтас жаппайды. Ол әрбір мкм сайын үзіліп отырады. Қабықтың үзілген жері Ранвье үзілісі деп атайды.

Қозу процесі тек Ранвье үзілісінде ғана пайда болады. Миелин қабығы жүйке талшығында зат алмасуын реттейді және біліктің өсуі мен қоректенуі де осы миелин қабығының қызметі.

Қозуды өткізу заңдары деп те атайды. Олар жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы, қозуды екі жақты өткізу, қозуды жеке өткізу заңдары.

Жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы бойынша жүйкені созса, қысып жаншыса, кессе, кептірсе, оның морфологиялық құрылысы бұзылып зақымданады.

Жүйкенің орындайтын қызмет түріне қарамастан, оның қай-қайсысы болса тітіркенділіген жерден бастап қозу процесін екі жаққа қарай өткізеді.

Орталық жүйке жүйесі - денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі – ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі – ойлау, дүниетану, пікір тудыру. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бұл процестерді нейрондар мен жүйке орталықтары қамтамасыз етеді.

Нейрондар мен ганлия. Нейрон дегеніміз – жүйке жүйесі құрамындағы жеке (дербес) бөлік, сол жүйенің морфофункциялық негізі. Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты қоршайтын құрылым. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай (1 микроннан-1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа талшығы.

Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратын клеткаларды (глиондарды) айтады. Глиондар екі түрлі – астроциттер және олигодендроциттер.

Нейрон түрлері. Тармақтарының санына қарай нейрондар көп тармақты (мультиполярлы), қос тармақты (биополярлы), бір тармақты (униполярлы) болып бөлінеді. адамның жұлын түйіндерінде биополярлы және дажған униполярлы нейрондар бар. Атқаратын қызметіне қарай сезімтал (афференттік), қозғалтқыш (эфференттік), аралық нейрондар болып үшке бөлінеді. Сезімтал нейрон рецепторларда туған қозуды орталыққа жеткізеді. Қозғалтқыш нейрондар жүйке серпіністерін орталықтан шеткі ағзаларға апарады. Аралық нейрондар сезімтал нейрондардан шыққан мағлұматтарды (серпіністерді) қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді.

Жүйке талшықтарының қажымауы. Жүйке талшықтарының қозуды өткізу ерекшелігіне жүйкенің көпке дейін қажымауы да жатады.Денеден жекеленген жүйкені ұзақ уақыт тітіркендірсе ол қажымай қозуды көпке дейін өткізеді.

Жүйкенің қажымау себебінің бірі оның зат алмасу қарқыны етпен салыстырғанда әлдеқайда төмендігі,екіншіден жүйке талшығы қозуды өткізу қызметін атқару үшін қуатты өте аз пайдаланады,үшіншіден ыдыраған заттар етке қарағанд жүйкеде 1000 есе тез қайта синтезделеді.

Қозудың өту жылдамдығы миелин қабығының бар жоқтығына байланысты. Миелинді жүйкелерде қозу бір Ранвье үзілісінен екінші үзілісіне секіріп өтетін болғандықтан ол тез өтеды. Екі Ранвье үзілісінің аралық ұзындығы жүйкенің диаметіріне байланысты. Жуан жүйкелерде олар бір-бірінен алшақ орналасады.Сондықтан жуан жүйкелерде қозу тез өтеді. Қозу процесінің өту жылдамдығы «шың» және із потенциалдарының ұзақтығына кері байланысты. Неғұрлым «шың» және із потенциалдары ұзақ болса,солғұрлым қозу жай өткізіледі. Қозуды өткізу жылдамдығы талшықтың қозғыш қасиетіне де байланысты осы айтылған себептерге орай жүйке талшықтары үш топқа бөлінеді.

Синапс - деп өзара жүйке клеткалары не жүйкемен шеттегі қызмет клеткасы (эффектор) түйіскен жерінде серпіністерді өткізетін арнайы ұласуды айтады. Денедегі барлық синапстардың құрылысы біркелкі. Әрбір синапс үш элементтен, атап айтқанда пресинапстық, постсинапстық мембраналардан және синапстық саңылаудан тұрады. Жүйке талшығының ұшы синапс құрар алдында кеңейіп жуандап гүл шоғырына немесе бұтақ бүршігіне ұқсайды. Осы бүршіктің басқа жүйке бүршігімен не миоцитпен түйіскен бетін жабатын мембрана пресинапстық мембарана болып саналады, ал постсинапстық мембрана синапс саңылауынан кейінгі жүйке бүршігі не ет клеткасын қаптайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]