- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: - негізгі сұрақтар бойынша ауызша талдау; - жаттығуларды орындау;
- •6. Информациялық-дидактикалық блок (аннотация)
- •Қанықпаған циклды көмірсутектерінің де аттары қанықпаған көмірсутектерінің аттарына ұқсас айтылады.
- •3. Функциялық топтардың өзгешелігіне байланысты изомерия.
- •2) Элимендеу (ыдырау) реакциялары (символы e-elimination)
- •3) Орынбасу реакциялары (символы s-Substitution)
- •4) Тотығу-тотықсыздану реакциялары
- •Спирттер
- •Қаныққан бір атомды спирттер
- •Қанықпаған бір атомды спирттер
- •Көпатомды спирттер
- •Фенолдар
- •Тиолдар және олардың туындылары
- •Тиолдар, сульфидтер және дисульфидтер
- •Аминдер
- •7. Бақылау және тест сұрақтары
- •5) Толуол
- •Тәжірибелік сабақ № 9
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Информациялық-дидактикалық блок (аннотация)
- •Карбон қышқылдары мен олардың туындылары
- •Жеке өкілдері
- •Эфирлер және амидтер
- •Қанықпаған монокарбон қышқылдары
- •Қаныққан дикарбон қышқылдары
- •7. Бақылау және тест сұрақтары
- •Тәжірибелік сабақ № 10
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау.
- •6. Информациялық-дидактикалық блок (аннотация)
- •7. Бақылау және тест сұрақтары
- •Тәжірибелік сабақ № 11
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, жаттығуларды орындау, жұптасып жұмыс істеу.
- •6. Информациялық-дидактикалық блок (аннотация)
- •Белоктардың құрамында кездесетін аминқышқылдары, -амин-қышқылдары: - көміртегі карбоксил тобымен және аминтобымен, әр амин қышқылына сәйкес радикалмен байланысқан. Белоктар
- •Белоктардың жіктелуі
- •Белоктардың құрылысы
- •7. Бақылау және тест сұрақтары
- •Тәжірибелік сабақ № 12
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау.
- •6. Информациялық-дидактикалық блок (аннотация)
- •Моносахаридтер
- •Таутомерия
- •Моносахаридтерге сапалық реакциялар
- •Дисахаридтер
- •Полисахаридтер
- •Гомополисахаридтер
- •Гетерополисахаридтер
- •7. Бақылау сұрақтары
- •Тәжірибелік сабақ №13
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау.
- •6. Информациялық-дидактикалық блок (аннотация)
- •Бесмүшелі гетероциклдар
- •Алтымүшелі гетероциклдер
- •Алкалоидтар
- •Медициналық маңызы бар алколоидтар
- •Пуриннің туындылары
- •1. Гипоксантин, 6-гидроксипурин
- •2. Ксантин-2,6-дигидроксипурин
- •3. Зәр қышқылы 2,6-8-триоксопурин
- •1. Аденин, 6-аминопурин
- •2. Гуанин, 2-амино-6-оксопурин
- •Нуклеин қышқылдарының құрылымы
- •Нуклеин қышқылдарының биологиялық маңызы
- •7. Бақылау сұрақтары
- •5) Сірке ангидриді
- •5) Ацетилфосфат
- •5) Индол
- •5) Тотықсыздандырғыш
- •5) Тиазол
- •5) Сірке ангидриді
- •5) Ацетилфосфат
- •Тәжірибелік сабақ № 14
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау.
- •6. Информациялық-дидактикалық блок (аннотация)
- •7. Бақылау және тест сұрақтары:
- •5) Лимонен
- •5) Ментол
- •Әдебиеттер
Гетерополисахаридтер
Гетерополисахаридтер организмде белоктармен байланысқан түрде болады. Оларды аралас биополимерлер деп атайды. Көмірсулар тізбегінің құрылысына қарай бұл биополимерлер екіге бөлінеді: протеогликандарға және гликопротеиндерге.
Дәнекер ұлпадағы полисахаридтер протеогликандарға жатады. Олар пептидті тізбектермен қатар тармақталған полисахаридті тізбектерден құралған. Дәнекер тканьдер бүкіл организмде таралған, оларға тері, шеміршектер, сіңір, буын сұйықтары, ірі қан тамырларының қабырғалары жатады. Олар органдардың беріктігін, шымырлылығын, икемді байланысуын қамтамасыз етеді және әр түрлі ауру қоздырғыш микробтардың енуіне кедергі жасайды.
Дәнекер тканьдардың полисахаридтерінің ішінде ең көбірек зерттелген хондроитинсульфаттары (тері, шеміршек, сіңір), гиалурон қышқылы (көздің шынайнасы, кіндік, шеміршек, буын сұйықтары), гепарин (бауыр). Бұл полисахаридтердің құрылысында жалпы ұқсастық бар: олардың таралмаған тізбектері дисахаридтер қалдықтарынан құралған, яғни урон қышқылдарынан (Д-глюкурон, Д-галактурон, L-идурон) және N-ацетилгексозаминнен (N-ацетилглюкозамин, N-ацетилгалактозамин). Олардың кейбіреуінде күкірт қышқылының қалдықтары болады, сульфат тобының орналасуына байланысты осы полисахаридтер екі түрге бөлінеді: хондроитин-4-сульфат және хондроитин-6-сульфат.
Гиалурон қышқылы
-1,4 гликозидтік байланыстар арқылы байланысқан дисахаридтер қалдықтарынан тұрады. Дисахаридтік үзінді -1,3 гликозидтік байланыс арқылы қосылған Д-глюкурон қышқылы мен Д-ацетил – Д-глюкозамин қалдықтарынан тұрады.
Хондроитинсульфаттар
-1,4 гликозидтік байланыстар арқылы -ацетилденген хондрозин дисахаридтік қалдықтарынан құралған хондрозин құрамын -1,3-гликозидтік байланыстар арқылы қосылған Д-глюкурон қышқылы мен Д-галактозамин қалдықтарынан тұрады.
Хондроитинсульфаттары, гиалурон қышқылы, гепарин поливалентті аниондарымен калий, натрий, кальций катиондарымен байланыс жасай алатын қабілеттері болғандықтан олар организмде жүретін алмасу процестеріне қатысады. Гепарин организмде қанның ұйып қалуына кедергі жасайды.
7. Бақылау сұрақтары
1. Глюкозаның мүмкін болатын стереоизомерлерінің саны:
1) 12 2) 14 3) 8 4) 6 5) 16
2. Глюкозаның сүт қышқылды ашу реакциясын көрсетіңіз:
1) С6Н12О6 + 6О2 → 6СО2 + 6Н2О
2) С6Н12О6 → 2С2Н5ОН + 2СО2↑
3) С6Н12О6 → 2СН3 – СНОН – СООН
4) С6Н12О6 →СН3СН2СН2СООН + 2СО2↑ + 2Н2 ↑
5) 6СО2 + 6Н2О → С6Н12О6 – 6О6
3. Глюкозаның спирттік ашу реакциясын көрсетіңіз:
1) С6Н12О6 + 6О2 → 6СО2 + 6Н2О
2) С6Н12О6 → 2С2Н5ОН + 2СО2↑
3) С6Н12О6 → 2СН3 – СНОН – СООН
4) С6Н12О6 →СН3СН2СН2СООН + 2СО2↑ + 2Н2 ↑
5) 6СО2 + 6Н2О → С6Н12О6 – 6О6
4. Глюкозаның май қышқылды ашу реакциясын көрсетіңіз:
1) С6Н12О6 + 6О2 → 6СО2 + 6Н2О
2) С6Н12О6 → 2С2Н5ОН + 2СО2↑
3) С6Н12О6 → 2СН3 – СНОН – СООН
4) С6Н12О6 →СН3СН2СН2СООН + 2СО2↑ + 2Н2 ↑
5) 6СО2 + 6Н2О → С6Н12О6 – 6О6
5. Моносахаридтер қатты күйде:
циклді формада
ашық тізбекті формада
циклді және ашық тізбекті формалар қоспасы түрінде
4) тармақталған формада
5) түзу сызықты формада болады
6. Кұрамында альдегид тобы болатын моносахаридтерді:
1) альдозалар
2) кетозалар
3) глюкоза
4) пентоза
5)триозалар деп атайды
7. Моносахаридтердің бесмүшелі циклді формасы:
альдоза
кетоза
фураноза
пираноза
пентоза деп аталады
8. Мальтоза гидролизденгенде түзілетін моносахаридтер:
1) глюкоза және лактоза
2) глюкоза және манноза
3) галактоза және фрутоза
4) екі молекула глюкоза
5) галактоза және фруктоза
9. Фруктозаның бес мүшелі циклды түрі:
1) альдоза
2) кетоза
3) фураноза
4) пираноза
5) пентоза
10. Фруктозаның стереоизомерлерінің саны:
1) 6
2) 4
3) 16
4) 2
5) 8
11. Стереоизомерлер бір-бірінен мына белгісі бойынша ажыратылады:
1) конформациясы
2) конфигурациясы
3) конформациясы жєне физикалық қасиеттері
4) конфигурациясы жєне конформациясы
5) конфигурациясы жєне атомдардың байланысу реті
12. Молекуласында атомдардың байланысу реті бірдей, бірақ олардың кеңістікте орналасуы әр түрлі болатын қосылыстардың аталуы:
1) структуралық изомерлер
2) мономерлер
3) стереоизомерлер
4) рацематтар
5) конформерлер
13. Жай байланыстар төңірегінде айналудың нәтижесінде пайда болатын молекуланың әртүрлі геометриялық формаларының аталуы:
стереоизомерлер
2) энантиомерлер
3) конформациясы
4) конфигурациясы
5) оптикалық изомерлер
14. Диастереомерлердің бір-бірінен өзгешілігі мынада:
1) физикалық-химиялық қасиеттері әртүрлі
2) балқу температурасы әртүрлі
3) қайнау температурасы әртүрлі
4) еріткіштігі әртүрлі
5) айналу бүрышының мөлшері поляризацияланған жарық
сәулесінің жазықтығын бірдей бұрышқа бурады.
15. Энантиомерлердің бір-бірінен өзгешелігі мынада:
1) физикалық қасиеттері әртүрлі
2) химиялық қасиеттері әртүрлі
3) реакцияласу қабілеті бірдей
4) оптикалық активтілігі әртүрлі
5) молекулада атомдардың байланысу реті әртүрлі
16. Сахарозада гидроксил топтарын сапалық анықтау үшін қолданылады:
1) Толленс реактиві
2) Фелинг реактиві
3) Троммер реактиві
4) мыс гидроксиді
5) калий перманганаты
17. Тотықсыздандырмайтын дисахарид:
1) сахароза
2) целлюлоза
3) манноза
4) рибоза
5) амилоза
18. Гомополисахарид:
1) глюкоза
2) галактоза
3) мальтоза
4) крахмал
5) лактоза
19. Гетерополисахарид:
1) сахароза
2) гепарин
3) манноза
4) амилоза
5) лактоза
20. Мальтозада гидроксил топтарын сапалық анықтау үшін қолданылады:
1) бром суы
2) фелинг реактиві
3) темір хлориді
4) мыс гидроксиді
5) калий перманганаты
