- •1.Азаматтық іс жүргізу құқығы: оның пәні, әдісі, жүйесі
- •Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі
- •1.1 Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары
- •1.2 Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдістері және жүйесі.
- •Азаматтық іс жүргізу құқығының қоғамда алатын орны.
- •2.1 Азаматтық іс жүргізу құқығының қоғаммен байланысы
- •2.2 Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге құқық салаларынан ерекшелігі мен байланысы
1.2 Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдістері және жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік және т.б.) туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.
Сот төрелігін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы
______________
3Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы
ережелерін және тағы басқаларды жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс және тағы басқаларын жатқызуға болады.
Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтық реттеу әдістері: императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі: реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу нормалары. Азаматтық іс жүргізу құқықтық нормалардың құрылымы: гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және тағы басқалары), деспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың түрлері.
Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымы – азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің жиынтығы болып табылады.
Азматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні:
тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі;
азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;
азаматтық іс жүргізу құқығының тарихы;
шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқықтық ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні бар бірқатар жалпы мәселелерді қарастырады: құқық пәні, принциптерді (қағидаларды) оқыту туралы, іс жүргізу құқықтың қатынастары мен оның субъектілерін, талап теориясы туралы, дәлелдеу туралы және тағы басқалары – жалпы бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды проблемаларды зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру – ерекше бөлім. Ғылым азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуын зерттейді.
