- •Мазмұны
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу мәні мен түсінігі.
- •2. Ерекше талап қою тәртібі негізінде қаралатын істер
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу мәні мен түсінігі
- •1.1. Азаматтық іс жүргізуінің түрі ретіндегі- ерекше талап қоюмен іс жүргізу
- •1.2. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуінің ұғымы мен ерекшеліктері
- •2. Ерекше талап қою тәртібі негізінде қаралатын тістер
- •2.1. Арыз бойынша істерді қарау
- •2.2 Шағым бойынша істерді қарау
- •2.3.Наразылық бойынша іс жүргізудің тәртібі
- •Қорытынды
2.3.Наразылық бойынша іс жүргізудің тәртібі
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiге және жеке қолданылатын құқықтық актiге сәйкес , сондай-ақ мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның iс-әрекетiне прокурордың наразылығын заңсыз акт шығарған немесе заңсыз iс-әрекет жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда, прокурор наразылық келтiрiлген актiнi немесе iс-әрекеттi заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнедi. Сотқа арыз наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күн мерзімде немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін беріледі. Прокурордың сотқа жүгінуі наразылық келтірілген актінің күшін сот қарағанға дейін тоқтата тұрады. Сот прокурордың арызын он күн мерзімде қарайды5. Прокурордың арызы оның қатысуымен және наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған органның, лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қаралады.
Сот отырысына наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған орган басшысының, лауазымды адамның немесе оның өкілінің келмеуі прокурордың арызын қарауға кедергі бола алмайды, алайда сот бұл адамның келуі міндетті деп тануы мүмкін. Сот прокурор арызының негізді екендігін анықтай отырып, өтінішті қанағаттандыру және нормативтік құқықтық актіні, жеке қолданылатын құқықтық актiнi немесе iс-әрекеттi заңсыз деп тану туралы шешім шығарады . Егер сот наразылық келтiрiлген актiнi немесе iс-әрекеттi заңға және органның немесе лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiне сәйкес деп таныса, ол арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм шығарады.
Соңғы жағдайда сот шешімнің қарар бөлігінде бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы, егер жарамсыз деп танылған нормативтік-құқтық акт бұрын сол бұқаралық ақпарат құралында жарияланса, сот шешімі туралы сот белгіленген мерзімде хабарлама жариялауға міндетті екенін көрсетеді.
Прокурордың органдары мен лауазымдық адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгіну.
Прокурор наразылық бойынша:
-заңсыз актінің күшін жоюды;
-емесе оны Республика Конституциясы мен заңдарына сәйкес келтіруді;
-лауазымды тұлғадан заңсыз іс-әрекетті қысқартуды және (егер қажет болса) бұзылған құқықты қалпына келтіруге талап етеді.
Наразылықты қабылдамаған жағдайда прокурор наразылық келтірген актіні немесе іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы арызбен сотта:
-наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күн мерзімде ;
-немесе оны қарудын заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін жүгінеді;
Прокурордың сотқа жүгінуі наразылық келтіріген актінің күшін сот қарағанға дейін .
Сот істі қарап болған соң келесі шешімдердің біреуін қабылдайды :
-егер прокурор арызының негізді екендігін анықтаса ,өтініште қанағаттандыру және нормативтік–құқықтық актіні , жеке қолданатын құқықтық актіні немесе іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы шешім;
-егер наразылық келтірген актіні немесе іс-әрекетті заңға және органнын немесе лауазымды тұлғанын өкілеттігіне сәкес деп таныса , ол арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады
