- •Мазмұны
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу мәні мен түсінігі.
- •2. Ерекше талап қою тәртібі негізінде қаралатын істер
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу мәні мен түсінігі
- •1.1. Азаматтық іс жүргізуінің түрі ретіндегі- ерекше талап қоюмен іс жүргізу
- •1.2. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуінің ұғымы мен ерекшеліктері
- •2. Ерекше талап қою тәртібі негізінде қаралатын тістер
- •2.1. Арыз бойынша істерді қарау
- •2.2 Шағым бойынша істерді қарау
- •2.3.Наразылық бойынша іс жүргізудің тәртібі
- •Қорытынды
2.2 Шағым бойынша істерді қарау
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының өзінің бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай-ақ заңсыз шешімдермен келіспеген жағдайларда құзырлы органдарға шағымдануға құқығы бар 2.
«Азаматтық іс жүргізу кодексі сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Ол сот ісін жүргізуді жетілдіре отырып, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру, азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерінің сот арқылы қорғалуы барысында сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуді көздейді.
Істі кассациялық тәртіппен қараған кезде сот істе бар материалдар бойынша шағымның, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші және апелляциялық сатының сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым немесе наразылық бойынша істі ол келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қарайды. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы шығарылған кезден бастап заңды күшіне енеді.
Жоғарыда айтып өткендей, ендігі жерде қадағалау тәртібі мен істі қарау өкілеттілігін тек ҚР Жоғарғы соты ғана иеленген. Бұл ретте жаңа заң талаптарына сай Жоғарғы сотқа қадағалау шағымы емес, істі қадағалау тәртібімен қайта қарауға өтініш беріледі. АІЖК-нің 384-бабына сай Жоғарғы сот жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін қатысушы тұлғалардың өтініштері және ҚР Бас прокурорының наразылықтары бойынша қадағалау тәртібімен қайта қарауы мүмкін. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың істің одан әрі жылжуына кедергі келтіретін ұйғарымдарын қоспағанда, көрсетілген соттардың заңды күшіне енген бұйрықтары, ұйғарымдары сот қадағалау тәртібімен қайта қаралуға жатпайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар) шығарған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi заңды күшiне енбеген қаулыларына әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған, жәбiр көрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi мен қорғаушылары сотқа шағымдануы, сондай-ақ прокурор сотқа наразылық келтiруi мүмкiн 3. Шағымда көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ нақты алғанда қандай қаулыға шағым жасалып отырғаны туралы деректер, оның шығарылған, азаматқа көшірмесі тапсырылған немесе хабарланған күні көрсетілуге тиіс. Сотқа шағым беру әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрады. Мүдделі адамдардың жоғары тұрған органдарға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға бағыныштылық тәртібімен алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны мәні бойынша қарауы мен шешуі үшін міндетті шарт болып табылмайды. Шағым беру мерзімінің өткізіліп алуы, әкімшілік жаза қолдану мерзімінің, сондай-ақ қаулының орындалу мерзімінің өтуі соттың шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімдер мен олардың істі дұрыс шешу үшін маңызын сот шағымның мазмұнына қарамастан тексереді. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және сотқа бiр мезгiлде түссе, онда шағымды сот қарайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға прокурор қаулының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн ішiнде сотқа наразылық келтiруi мүмкiн.
Шағымда:
-шағым берілетін соттың атауы;
-шағым берушінің (азаматтық) атауы, оның тұрғылықты жері, немесе егер шағым беруші ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, егер шағымды оның өкілі берсе , өкілдің атауы мен мекен-жайы;
-әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулысын шығарған лауазымды адамның атауы, оның тұрғылықты жері немесе егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулысын шығарған уәкілетті органы болса,оның тұрған жері мен банктік реквизиттері;
-шағым берушінің құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның шағым беру талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
-шағым берушінің өзінің талаптарына негіздейтін мән-жайлар және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
-нақты алғанда қандай қаулыға шағым жасалып отырганы туралы деректер, оның шығарылған,азаматқа көшірмесі тапсырылған немесе хабарланған күні;
-шағымға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Шағымға шағым беруші немесе шағымға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттілігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.
Сот шағымды он күн мерзімде қарайды. Сот шағым берген адамға, сондай-ақ іс әрекетіне шағым жасалып отырған әкімшілік органға немесе лауазымды адамға сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды. Істі қараған кезде сот әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының заңдылығы мен негізділігін тексереді, ол заң негізінде жүргізіліп отыр ма және оны соған уәкілетті орган немесе лауазымды адам жүргізіп отыр ма, адамды әкімшілік жауапқа немесе оған жүктелген міндетті орындауға тартудың белгіленген тәртібі сақталды ма, азамат заңдарға бұл үшін тиісті жауаптылық белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасады ма, ол осы құқық бұзушылық жасауға кінәлі ме дегенді анықтайды. Сот әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік жаза қолдану жөніндегі іс-әрекеті заңды және негізделген деп тапса, сот қаулыны өзгертпей қалдырады, ал арызды қанағаттандырмайды. Егер сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыны әкімшілік орган немесе лауазымды адам өз құзыретін бұза отырып шығарғанын анықтаса, сот қаулының күшін жояды, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетпеген болса, жоғары тұрған органның, лауазымды адамның қарауына жібереді немесе, егер әкімшілік жаза қолдану мерзімі өтіп кетсе, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады4 . Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысына жасалған шағым (наразылық) бойынша шығарылған заңды күшiне енген және енбеген сот ұйғарымдарына шағымдану Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
