- •Мазмұны
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу мәні мен түсінігі.
- •2. Ерекше талап қою тәртібі негізінде қаралатын істер
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу мәні мен түсінігі
- •1.1. Азаматтық іс жүргізуінің түрі ретіндегі- ерекше талап қоюмен іс жүргізу
- •1.2. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуінің ұғымы мен ерекшеліктері
- •2. Ерекше талап қою тәртібі негізінде қаралатын тістер
- •2.1. Арыз бойынша істерді қарау
- •2.2 Шағым бойынша істерді қарау
- •2.3.Наразылық бойынша іс жүргізудің тәртібі
- •Қорытынды
1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу мәні мен түсінігі
1.1. Азаматтық іс жүргізуінің түрі ретіндегі- ерекше талап қоюмен іс жүргізу
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері- азаматтар мени заңды тұлғалардың мемлекеттік билік, жергілікті өзін- өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды және мемлекеттік қызметкерлердің, олардың ішінде сот орындаушылардың, шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) даулар айту туралы істер.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер бойынша сот азамат пен заңды тұлға бір жағынан және мемлекеттік билік, жергілікті өзін- өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметкерлердің екінші жағынан араларындағы туындаған құқық туралы дауды қарап, шешеді.
Билік өкілеттілігі бар органдармен немесе тұлғамен шығарылған құқықтық актіні сотта шағымданған азамат мемлекеттік органның (лауазымды адамның) іс- әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) келіспейтіні туралы мәлімдейді және оларды заңсыз деп тануды талап етеді. Ал лауазымды адам (мемлекеттік немесе өзге де оорган) сотта өз- іс әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) заңды екенін және азаматтың талабы орынсыз екенін дәлелдеуі тиіс.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істердің талап қою бойынша іс жүргізу істерімен жалпы ұқсастығы және бір- бірінен айырмашылығы бар.
Жалпы ұқсастығы:
құқық туралы дау.
Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген талап арызды қабылдаудын бас тарту туралы, талап арызды қараусыз қалдыру туралы ережелер.
Жалпы бір- бірінен айырмашылығы:
талап қою істер бойынша дау азаматтық, отбасылық, еңбек құқықтық қатынастарынан туындайды, субьектілер өзара тең құқылы, ал мемлекеттік, әкімшілік және қаржы құқықтыққатынастарының қатысушылары (бір жағынан азамат пен заңды тұлға, ал екінші жағынан- мемлекеттік қызметкер) үшін билік және бағыну қатынастары тән. Бірақ бұл теңсіздік тек материалдық- құқықтық қатынастарында орын алады. Егер құқық туралы дау туындаса азамат пен заңды тұлға бір жағынан және мемлекеттік орган (лауазымды адам) екінші жағынан сот алдында тең құқылы.
Талап қою бойынша іс жүргізу талап арызбен, ал ерекше талап қою бойынша іс жүргізу шағым немесе арызбен қозғалады.
Әкімшілік- құқықтық қатынастарынан туындайтын істер қараудың процессуалдық тәртіп негізін азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері құрайды, яғни азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың жалпы тәртібін.
1.2. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуінің ұғымы мен ерекшеліктері
Талап қою істер бойынша дау азаматтық, от басылық, еңбек құқықтық қатынастарынан туындайды, субъектілер өз ара тең құқылы, ал мемлекеттік, әкімшілік және қаржы құқықтық қатынастарының қатысушылары (бір жағынан азамат пен заңды тұлға, ал екінші жағынан – мемлекеттік қызметкер) үшін билік және бағыну қатынастары тән. Бірақ бұл теңсіздік тек материалдық-құқықтық қатынастарында орын алады. Егер құқық туралы дау туындаса азамат пен заңды тұлға бір жағынан және мемлекеттік орган (лауазымды адам) екінші жағынан сот алдында тең құқылы. Талап қою бойынша іс жүргізу талап арызбен, ал ерекше талап қою бойынша іс жүргізу шағым немесе арызбен қозғалады.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері . Олардың қатарына мынадай істер жатқызылады :
1.Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.
2. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқа би ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі арыздар бойынша іс жүргізу.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу
4. Мемлекеттік өкімет , жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың , лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу.
5. Нормативтік-құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу .
6.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерінін заңсыз деп тану туралы жүгіну .
Енді әрқайсысын жеке қарастырайық.
1. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.
Алдын ала сайлау комиссиясына (референдум өткізу бойынша коммисиясына) жүгіну азамат үшін міндетті болып танылмайды.
Процеске арыз берушінің және тиісті сайлау комисиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзін басқару органы өкілінің қатысуы міндетті болып табылмайды, олардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.
Мұндай категориялық істер бойынша сот шешім шығарады.Сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және ол апелляциялық шағымдануға жатпайды.Бұл сот шешімі:
-сайлаушылар тізіміне түзетулер енгізу үшін;
-кандидатты тіркеу үшін ;
-қоғамдық бірлестікті сайлауға немесе референдумға қатысушы ұйымдар қатарына енгізу үшін;
-сайлау күнін өзгерту үшін негізі болып табылады.
2. Жергілікті атқарушы органдардың азамматтардың алқа би ретіне қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетесіздігіне) дау айту жөніндегі арыздар бойынша іс жүргізу .
Сонымен қатар, арызды Қазақстан Республикасының алқа билер туралы заңнамасына сәйкес, алқа биге кандидаттардың алдын ала тізіміне азаматтарды таныстыру мерзімі аяқталған кезден бастап жеті күн мерзім ішінде сотқа беруге болады.
