- •Мазмұны
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу мәні мен түсінігі.
- •2. Ерекше талап қою тәртібі негізінде қаралатын істер
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу мәні мен түсінігі
- •1.1. Азаматтық іс жүргізуінің түрі ретіндегі- ерекше талап қоюмен іс жүргізу
- •1.2. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуінің ұғымы мен ерекшеліктері
- •2. Ерекше талап қою тәртібі негізінде қаралатын тістер
- •2.1. Арыз бойынша істерді қарау
- •2.2 Шағым бойынша істерді қарау
- •2.3.Наразылық бойынша іс жүргізудің тәртібі
- •Қорытынды
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................................3
1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу мәні мен түсінігі.
1.1. Азаматтық іс жүргізуінің түрі ретіндегі- ерекше талап қоюмен іс жүргізу...............................................................................................................5
1.2. Ерекше талап қоюмен іс жүргізуінің ұғымы мен ерекшеліктері..........6
2. Ерекше талап қою тәртібі негізінде қаралатын істер
2.1. Арыз бойынша істерді қарау.....................................................................9
2.2. Шағым бойынша істерді қарау.................................................................19
2.3. Наразылық бойынша іс жүргізудің тәртібі..............................................22
Қорытынды .....................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................26
Қосымша1..........................................................................................................27
Қосымша2..........................................................................................................28
Кіріспе
Біздің елімізде азаматтық басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Азаматтық істерді сотқа дейін әзірлеу, жүргізу сот төрелігін жүзеге асыру болып табылмайды. ҚР сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13бабының 2 тармағына сәйкес әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы. Алайда, іс жүзінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық және оларды шектеу әлі де орын алады. Бұл жағдайда жеке, мүліктік, отбасы, еңбек және өзге де құқықтары мен заңды мүдделерді қорғаудың ең тиімді тәсілі-азаматтардың сотқа жүгінуі.
Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар-азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.
Азаматтық істердің көпшілігі талап немесе ерекше талап арқылы істер жүргізу ережелері бойынша қаралады. Олар сотта талап арыз беру арқылы қозғалады, оларға құқық туралы даудың болуы тән, сот қарауының мәселесі даулы құқық қатынасы, дауласушы тараптардың қатысуы болып табылады. Соттар талап істерден басқа конституциялық және әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді, сондай-ақ ерекше сипатта жүргізілетін істерді қарайды.
Яғни, азаматтық іс дегеніміз - азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс. Азаматтық іске: жеке адамдар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтық құқық бойынша дау – дамайлар жөніндегі іс басқару органдарының немесе лауазымды басшылардың өз уәкілеттерін бұза отырып, азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірген іс - әрекеттеріне шағым бойынша заңды мәні бар деректерді айқындау жөніндегі іс; азаматтық құқық субъектілерінің мүліктік емес жеке құқықтарын ,яғни ар – намысын, абыройы мен іскерлік беделін, т. б.Қ қорғауға байланысты іс жатады. Азаматтық іс арнаулы заңдарда көзделген қағидаларға сай жүргізіледі.
Жалпы бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Соты азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ерекше талап қоюмен жүргізілген істерді дұрыс және мерзімінде шешуі тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық сот ісін жүргізу құқықтық мемлекетті, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарды заңдарды дәл және мүлтіксіз
орындау, азаматтардың құқығы, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа сүйене отырып,
Бірінші бөлімде, жалпы ерекше талап қоюмен іс жүргізудің мәні мен түсінігі, сонымен қатар ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері . Олардың қатарына қандай істер жатқызылады.
Екінші бөлімде, ерекше талап қою тәртібі негізінде қаралатын істер, яғни арыз бойынша, шағым бойынша, наразылық бойынша іс жүргізудің тәртібін қарастыру.
