- •Қорытынды....................................................................................................25 бет
- •I Өкілдік туралы жалпы түсінік
- •1.2 Өкілдіктің субъектілік құрамы
- •1.3 Өкілдіктің пайда болу негіздері және түрлері
- •II Сотта өкілдік ету
- •2.1 Сотта өкілдік ету ұғымы
- •2.2 Сотта өкілдік ету түрлері
- •2.3 Соттағы өкілдің өкілеттіктері және оларды ресімдеу
1.3 Өкілдіктің пайда болу негіздері және түрлері
Заң немесе шарт өкілдіктің пайда болуының негізі болып табылады. Заң арқылы пайда болатын өкілдік заңды немесе қажетті өкілдік деп аталады. Шарттың негізінде пайда болатын өкілдік шарттық немесе ерікті өкілдік деп аталады.
Белгілі бір адам кемістіктерінің немесе әрекетке қабілетсіздігінің орнын толтыру қажет болатын жағдайларда заңды өкілдік пайда болады. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған кәмелетке толмағандарға (есі ауысқан, нашақор, маскүнем, науқастарға) қамқоршылық белгілеу заңды өкілдікке мысал болады. Заңды өкілдіктің пайда болу жағдайлары заңдарда баянды етілген. Заңда заңды өкілдіктің пайда болуына қажетті заңдық фактілердің белгілі құрамы көрсетілген.
Заңды өкілдік тікелей мынадай заңдық фактілердің негізінде пайда болады:
Өкілдік қатынастардың басталуына себепші болатын оқиғалар, мысалы заң баланың туылуына байланысты ата-аналарға өкілдік қызметін атқару уәкілеттігін береді;
Өкілдік қатынастарды белгілейтін сот шешімі, мысалы соттың шешімімен азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қамқоршылық белгілеу әрекетке қабілетсіз азамат пен оның қамқоршысы арасында өкілдік қатынастар орнатады;
Заңға сәйкес өкілдік қатынастар туғызатын әкімшілік акт, мысалы бала асырап алушылықты рәсімдеу. [5.178]
Бастапқыда өкілдік заңды өкілдік түрінде пайда болған. Міндеттеменің жеке даралық сипатымен үйлеспейтін ерікті өкілдікті мойындамаған рим құқығы қалыптастырған айтарлықтай дамыған заңды өкілдік институты кейін құқықтың дамуына және біршама өзгеріске ұшырауға байланысты заңды және ерікті өкілдікті бірдей қамтитын осы заманғы өкілдік институтына негіз қалады.
Заңды өкілдік мүліктік айналымда айтарлықтай кең таралған. Ол әрекетке қабілетсіз адамдарға қатысты туындайды. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар толығымен әрекетке қабілетсіз деп танылады. Қамқоршылықты белгілеу негідерін, шарттарын, тәртібін неке отбасы заңдарының нормалары атап айтқанда, неке және отбасы туралы заңның тиісті нормалары реттеп отырады. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар сөзсіз азаматтық құқық субъектілері ретінде танылады. Өйткені олар жалпы құқық қабілеттілікті иеленеді. Сонымен бірге, 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар өз әрекеттерінің салдарын түсіне алмайтындықтан, азаматтық құқық мұндай адамдардың өз әрекеттерімен құықықты иеленіп, міндеттер атқару мүмкіндігі ретіндегі әрекетке қабілеттілігін мойындамайды. Сондықтан заң мұндай адамдардың әрекетке қабілеттігін толықтыра түсу үшін заңды өкілдері болып табылатын ата-аналары не қамқоршылары арқылы 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен қамқоршылыққа алынған азаматтардың құқықтарды иеленіп, міндеттер атқаруын көздейді. Бұл арада әрекетке қабілеттіліктің мәміле жасауға қабілеттілік секілді элементі азаматтық айналымның әрекетке қабілетті және әрекетке қабілетсіз тұлғалары арасындағы құқық қабілеттілік көлемін жіктеудің негізгі өлшемі болып табылатынын атап көрсету қажет.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәміле жасайтын ата-аналар, асырап алушылар мен қамқоршылар, сондай-ақ белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар үшін мәміле жасайтын қамқоршылар олардың заңды өкілдері болып табылады. Бұл жағдайда өкілеттілік белгілі бір фактінің пайда болуына, мысалы оқиға (баланың туылуы), соттың шешіміне (азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану) байланысты өкілдіктің пайда болуына қатысты заңдардан туындайды және қандай да бір рәсімдеуді керек етпейді [6.355].
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және әрекет қабілеттігі шектеулі азаматтардың әрекет қабілеттігін анықтау, демек мұндай адамдарға қатысты заңды өкілдікті қолдану шегін анықтау тәртібі айтарлықтай күрделі, әрі бірқатар мән-жайларға байланысты. Мұндай адамдар әдетте ата-аналарының не заң тәртібімен белгіленген қорғаншыларының келісімі болғанда мәміле жасауға құқылы, сондықтан бұл жағдайда ешқандай өкілдік туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Оның үстіне, 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табыстарына, шәкіртақысына, өзге кірістеріне, өздері жасаған интеллектуалдық меншік объектілеріне өздері билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұқсас мәмілелерді өз беттерінше жасауға құқылы. Солай бола тұрса да, қамқоршылық пен қорғаншылық жасау органдары жеткілікті негіздер болатын реттерде кәмелетке толмағанды өз отбасына, шәкіртақысына, өзге кірістеріне, өздері жасаған интеллектуалдық меншік объектілеріне өздері билік ету құқығынан айыруы мүмкін. Мұндай жағдайда, 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қолданылғандағыдай, 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе қамқоршылары олардың өкілдері ретінде әрекет етеді.
Заңды өкілдер, әдетте, олардың қамқорлығындағы адамдар жасай алатын мәмілелердің барлығын немесе өзге де заңдық тұрғыдан маңызды болып табылатын әрекеттерді жасауға құқылы. Сонымен бірге заң белгілі бір заңдық фактінің тууына байланысты өкілдіктің пайда болуымен байланыстырылатын заңды өкілдердің белгілі бір санаттарының өкілдіктеріне белгілі дәрежеде шектеулер қоюы мүмкін. Мәселен, қамқоршылар өкілдік беруші адамның мүлкін кепілге салу, тұрғын үйін айырбастау, қамқорлығындағы адамның құқықтарынан бас тартуы, мұрадан бас тартуы секілді кейбір мәмілелерді жасау үшін қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдарының келісімін алуы қажет. Ата-аналарының заңды өкілдігі болатын жағдайларда да, атап айтқанда, кәмелетке толмаған балалар меншік иелері болып табылатын жекешелендірілген пәтерге билік ету кезінде де аталған әрекеттерді жасау үшін қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдарының келісімін алу қажет. Әр түрлі өмірлік жағдайларда белгілі бір заңдық әрекеттерді өз бетінше жасау мүмкіндігінің болмауына байланысты адамның қызмет ету саласын ұлғайту немесе ауыстыру қажет болатын реттерде шарттық өкілдік пайда болады. Өкілдік қатынастар орнататын белгілі бір мәмілелелердің негізінде, мысалы, сенімхат беру, коммерциялық өкілдік шартын жасау, тапсырма беру шартын жасау негізінде шарттық (ерікті) өкілдік пайда болады. Қызметкердің еңбек немесе өзге де қызмет міндеттерінен туындайтын өкілдіктер шарттық өкілдікке жатады, өйткені экспедитор, сатушы, кассир ретінде жұмысқа қабылдау туралы еңбек шартын жасаудан туындайтын шарттық қатынастар олардың негізі болып табылады.
Шарттық өкілдікте әдетте сенім білдірілген адам өкілге сенімхат деп аталатын ерекше жазбаша құжатты тапсырады, онда өкілдің жасауға уәкілеттігі бар мәмілелердің тізбесі көрсетіледі. Сонымен қатар, өкіл мен өкілдік беруші арасындағы өкілдік орнату жөніндегі шартта да – тапсырма беру шартында, коммерциялық өкілдік шартында да өкілдіктер болуы мүмкін.
Соңғы жағдайда жеке құжат берілмеуі мүмкін, сондықтан шарттың өзі сенімхат қызметін атқара алады. Шартта өкіл мен өкілдік беруші адамның арасындағы үшінші жаққа қатысы жоқ және өкілмен мәміле жасау кезінде олар үшін талап етілмейтін ішкі қатынастарды көрсететін мәліметтердің болуы, сенімхат болуы қажеттігін туғызады. Өкіл мен өкілдік беруші арасындағы қатынастарды көрсететін ішкі мәліметтердің коммерциялық құпияға да қатысы бар.
Шартта өкілдің өкілеттігін сенімхат берместен көрсетуде мындай шарт заңның сенімхатқа қоятын барлық талаптарына сай болуы тиіс [7.243].
Құқықтық реттелуінде елеулі ерекшеліктер бар коммерциялық өкілдік ерікті өкілдіктің ерекше түрі болып табылады, оның құқықтық реттелу ерекшеліктері Азаматтық кодекстің 166-бабында бянды етілген.
Коммерциялық өкілдіктің айырым ерекшелігі - өкілдікке ерекше субъект – коммерциялық өкілдің қатысуында. Кәсіпкерлер өкілдік беруші адаммен еңбек қатынастары жоқ өкілдік беруші адаммен жазбаша түрде жасасқан шарттың негізінде жұмыс жүргізетін, өзінің қызметі үшін сыйақы алатын және өзіне берілген тапсырманы орындауды әдеттегі кәсіпкердің қамқорлығындай әрекет етуге міндетті кәсіпкерлік қызмет саласында шарт жасасуда кәсіпкерлердің атынан ұдайы әрі өз бетінше әрекет ететін адам коммерциялық өкіл болып табылады. Коммерциялық өкілдік кәсіпкерлік қызметтің дербес түрі болып табылады.
Өкілдік беруші адамға қатысты, коммерциялық өкіл қашан да бөгде адам болып саналады. Лауазымдық немесе еңбек қатынастарына сәйкес заңды тұлға өкілдігін коммерциялық өкілдікке жатқызуға болмайды, өйткені коммерциялық өкіл өкілдікті кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын тұлға болып табылады.
Өкілеттігі жоқ өкілдік. Өкілдік берушінің еркімен, заң сот шешімі немесе әкімшілік акт және уәкілеттігі белгілеген шекте ғана уәкілеттігі бар адам өкіл ретінде әрекет ете алады. Сонымен бірге бір адам ешқандай заңды негізсіз оның заңды өкілі болмастан, сондай-ақ өкілдікке сенім білдіруші мен тиісінше рәсімделген келісімсіз не тиісінше рәсімделген сенімхатсыз басқа адамның атынан және оның мүддесіне мәмілелер жасайтын көптеген өмірлік жағдайлар кездеседі. Өкілдікті белгілеу туралы мәміленің заң талап ететін нысаны бұзылғанда да осындай жағдай пайда болады. Сенімхаттың жазбаша не нотариаттық түрі бұзылған уақытта өкілдікті белгілеу туралы мәміле не сенімхат жарамсыз деп танылады және өкілдікті тиісті дәрежеде жүзеге асыру жөнінде сөз етуге болмайды. Тиісті уәкілеттілік берілген адам өкілдікті жүзеге асыруда өзіне берілген өкілеттілік көлемінен шығып кететін жағдайлар да болуы мүмкін.
Уәкілеттігі жоқ адамның немесе уәкілеттігі көп адамның әрекеттері өкілеттігі жоқ өкілдік немесе нақты өкілдік деп аталады [8.154].
