Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өкілдік.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.74 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................................3 бет

I Өкілдік туралы жалпы түсінік

1.1 Өкілдіктің заңдық мәні...........................................................................5 бет

1.2 Өкілдіктің субъектілік құрамы..............................................................7 бет

    1. Өкілдіктің пайда болу негіздері және түрлері...................................12 бет

II Сотта өкілдік ету

2.1 Сотта өкілдік ету ұғымы.....................................................................18 бет

2.2 Сотта өкілдік ету түрлері....................................................................20 бет

2.3 Соттағы өкілдің өкілеттіктері және оларды ресімдеу .....................22 бет

Қорытынды....................................................................................................25 бет

Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................27 бет

Кіріспе

Өкілдік деп – басқа адамның атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін.

Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сондай – ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.

Азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез-келген субъектілері, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады.

Өз атынан болуы – заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және сол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды.

Өкілеттіктің туындауының негізі – заң фактісі болып табылады.Өкілдік негізінде бір тұлғаның екінші тұлғамен өкілеттікті бөлісуі жатыр. Іс - әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі ғана қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі.

Бір адамның өз атынан өкілдік етуі үшін екінші адамға берген жазбаша өкілдігі сенімхат деп танылады. Сенімхатты пайдалану кезінде «уәкілдік» және «өкілетті» деген терминдарды ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші атынан іс-әрекетке қатынасуы, ал өкілеттік - өкілдік беруші үшін өкілді жасауға құқылы әрекеттерінің шеңбері болып табылады.

Өкілдік беруші қайсы бір құқық өкілеттілігін өкілге тапсырады, оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді, сондықтан сенімхат әр кезде мерзімді құжат. Азаматтық кодекстің 168-бабына сәйкес сенімхат 3 жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін.

Бұл тақырыптың мақсаты: тараптардың құқықтары мен міндеттерін, оларды пайдаланатын уақытта құындыру. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Өкілдік атты курстық жұмыстың бірінші тарауы - өкілдік туралы жалпы түсінік, екінші тарауы – сотта өкілдік ету туралы сұрақтар қарастырылған. Бұл сұрақтарды қарастыру барысында заң ғылымдарының мынадай еңбектерін пайдаландым: Төлеуғалиев Қ. «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы», Жайлин Л.А «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы», Ө.М. Хамзин «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы», Сулейменов Ж.К. және Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» және т.б.

I Өкілдік туралы жалпы түсінік

1.1 Өкілдіктің заңдық мәні

Жалпы ереже бойынша, азаматтық құқың субъектілерінің басқа тұлғалардың - өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей-ақ мүліктік айналымға өз бетінше қатысу мүмкіндігі болады. Солай болса да, азаматтық айналымда өкілдік институты кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, мысалы, заңға байланысты тікелей қатысуына әрекет қабілеттігінің жоқтығы немесе өзге де өмірлік нақты мән-жайларға байланысты өкілдік беруші адам өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмайтын, науқастығына, жұмыс бастылығына байланысты өзі қатыса алмайтын жағдайларда өкілдіктің қажеттігі туады. Өкілдің арнайы білімін, біліктілігін немесе тәжірибесін пайдалану үшін өкілдердің қызметіне жүгінетін бірқатар жағдайлар бар. Мысалы, бағалы қағаздар рыногында мәмілелер жасауда өкілдік ету.

Азаматтық құқықта бір адамның екінші адамның атынан жасаған мәмілелері немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтың қатынастар өкілдік деп аталады. Басқа адамның мүдделері ұшін мәміле жасайтын адам өкіл деп, оның мүддесіне мәміле жасалатын адам – сенім білдіруші немесе өкілдік беруші деп, ал сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) мүдделері үшін өкіл мәміле жасайтын адамдар – үшінші жақ деп аталады [1.348].

Өкілдікті құқықтық реттеу азаматтық құқыққа тән және көптеген ережелері бойынша көптеген елдердегі реттеулерге ұқсайды. Мүліктік айналымда өкілдік айтарлықтай кең қолданылады, бірақ оның қолданылуында кездесетін ерекшеліктерді атап көрсету қажет. Өкілдің өзі ғана жасай алатын мәмілелерде, сондай-ақ заң актілері бойынша өкілдің жеке қатысуы көзделген мәмілелерді жасауда не олардың өкіл арқылы жасалуына тыйым салынатын мәмілелерде өкілдік қолданылмайды. Өсиет қағазды толтыру өкіл арқылы жасауға тыйым салынған мәмілеге мысал бола алады. Егер өсиет қалдырушы қандай да бір себеппен өсиетке қол қоя алмаса, онда оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы адамның қатысуымен өсиет қалдырушының қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, басқа азамат қол қояды. Қол қойған адам өсиет қалдырушының өкілі емес, оның еркін қағаз бетінде белгілі бір құралмен бейнелеуші болады.

Бірқатар мәмілелер немесе заңдық маңызы бар әрекеттер, мысалы, некелесу, еңбек шартын жасасу, өмір бойы күтіп бағатын келісіммен үйді иеліктен шығару шартын жасасу заң актілерінде тікелей тыйым салынбағанның өзінде өзінің сипаты бойынша өкілдің өзі қатысуын талап етеді, сондықтан оларды өкіл арқылы жасасу мүмкін емес.

Өкілдің өкілдік беруші адамның мүддесіне заңдық мәмілелер жасауы өкілдіктің елеулі қызметі болып табылады. Бұл Азаматтық кодекстің өкілдікке анықтама беретін 163-бабында тікелей баянды етілген. Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасасу белгісі жөнінен өкілдіктің барлық өзге қатынастардан айырмашылығы бар, өйткені оларда бір тұлға екінші тұлғаны алмастырады (мысалы, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін, оның органы - директор, басқа арқылы жүзеге асыру) немесе оған іс жүзінде көмектеседі (мысалы, ақылы көмек көрсетеді, мердігерлік жұмыстарды жүзеге асырады, тауарларды өткізеді немесе делдалдық қызмет көрсетеді).

Заңдық әрекеттерді жасау өкілдік берушінің еркін қайталамауды ғана емес, өзінің дербес еркін көрсетуді де талап етеді. Сондықтан, өкілдік ұғымына тек өзін жіберген тұлғаның еркін көрсетуді де талап етеді. Сондықтан өкілдік ұғымына тек өзін жіберген тұлғаның еркін жеткізетін және өз бетінше өзінің еркін білдірмейтін, заңдық әрекеттер жасамайтын құрал болып саналатын уәкілдің, хабарманның қызметі кірмейді.

Өкілдік өкілдің сенім білдіруші адамның атынан мәміле жасалуын көздейді. Мәмілені сенім білдірушінің мүддесі үшін оның есебінен, бірақ өз атына комиссионер жасайды, ал шарттың тиісті талаптары болғанда – сенімгер басқарушы да жасайды. Көп ретте комиссия жөніндегі қатынастарды Азаматтық кодекстің 163-бабындағы тікелей өкілдік мағынасынан өзгеше жасырын өкілдікке жатқызады. Бірақ комиссияның шарты бойынша қатынастарда өкілдіктің мәнді белгілері бойынша жоқ. Комиссияның өкілдік пен экономиялық белгілер бойынша ғана ұқсас белгілері бар – басқаның есебінен әрекет жасау, бірақ заңдық белгісі бойынша емес, өйткені оның мәні өкілдік берушінің атынан әрекет ету болып табылады. Сондықтан комиссия және өкілдік бойынша қатынастардың салдары бір-бірінен айтарлықтай өзгеше болады, бұл комиссияны өкілдікке жатқызуға мүмкіндік бермейді. Басқалардың мүдделері үшін болса да, өз атынан әрекет ететін адамдар өкілдер бола алмайды. Сондықтан, мысалы, сенімгер басқарушының, уәкілетті адамның өз атынан әрекет етуі қызметі өкілдік болмайды [2.357].

Өзге адамның мүдделері үшін жүзеге асырылатын, бірақ ол үшін азаматтық-құқықтық салдары болмайтын қызметте өкілдік бола алмайды, Өйткені, өкілдіктің мәнді белгісі өкілдің заңдық мәмлелер жасауы болып табылады. Мысалы, оларға өзге адамның атынан мәміле жасау емес, мәмілелер жасауға көмектесу тапсырылатын коммерциялық делдалдардық қызметі немесе болашақта жасалатын мәмілелерге, азаматтық-құқықтық шарт болып есептелмейтін ниет хаттамасына қол қоюға байланысты келіссөздерге қатысу тапсырылатын адамдардың (атап айтқанда, лауазымдық міндетіне осындай жұмыстарды жүргізу кіретін заңды тұлға қызметкерлерінің) қызметі өкілдік бола алмайды.