- •I Азаматтық процестегі тараптар және олардың маңызы
- •1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі
- •1.2 Азаматтық істегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны
- •II. Азаматтық процесстегі біріккен қатысушылық және олардың тараптар мәртебесіне әсері
- •2.1 Азаматтық процесстегі біріккен қатысушылық түсінігі, саралануы
- •3.1 Тиісті емес жауапкер түсінігі және процестегі рөлі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Нормативтік құқықтық актілер
- •Арнайы әдебиеттер
- •III.Судебная практика.
II. Азаматтық процесстегі біріккен қатысушылық және олардың тараптар мәртебесіне әсері
2.1 Азаматтық процесстегі біріккен қатысушылық түсінігі, саралануы
Азаматтық іс жүргізуге бірнеше талапкерлер мен бірнеше жауапкерлер қатыса алады. Істе тараптар ретінде қатысатын бірнеше тұлғалардың іс жүргізуге бірігіп қатысуы «іс жүргізудегі біріккен қатысушылық » деп аталады, ал бұл тұлғалардың өзі – « біріккен қатысушылар » болып табылады. Бірақ әр тараптағы тұлғалар санына байланыссыз іс жүргізуде әрдайым екі тарап: талапкерлік және жауапкерлік болады.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығында біріккен қатысушылық институтына Азаматтық іс жүргізу кодексінің 50-бабы арналған. Оның мазмұнынан біріккен қатысушылықтың келесі екі белгісін көрсетуге болады:
істегі әр тарапта не тараптардың бірінде бірнеше тұлғалардың болуы (талапты бірнеше талапкерлер немесе бірнеше жауапкерлер бірігіп қоюы мүмкін);
істегі әр біріккен қатысушылардың өз еріктігі (әр талапкер немесе жауапкер екінші тарапқа қатысты іске өзі қатысады);
Бірақ, аталған белгілер біріккен қатысушыларды іске қатысушы өзге тұлғалардан ажырату үшін жеткіліксіз. Сондықтан азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында іс жүргізудегі біріккен қатысушылықтың басқа да белгілері көрсетіледі:
біріккен қатысушылық – бұл әрдайым даулы материалды – құқықтық қатынастың субъектілері. Бұл белгі бойынша жеке талап қоймайтын үшінші тұлғалардан талапкерлер, алжауапкерлер – сәйкес емес жауапкерлерден ажыратылады.
Талапкерлердің талаптарының құқықтары және жауапкерлердің міндеттерінің қойылған талап бойынша өзгерілмейді. Бұл белгі құқық туралы дау пәніне жеке талап қоймаған үшінші тұлғалардан бірігіп талап қоюшыларды шектеуге мүмкіндік береді.
Басқа тараптағы біріккен қатысушылар мүдделеріне қарсы бір тарап біріккен қатысушылар мүдделерінің жалпылығы.
Іс жүргізудегі біріккен қатысушылықтың соңғы екі белгісі азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларында бекітілген. Осылай Азаматтық іс жүргізу кодексінің 228-бабы келесіні бекітеді: бірнеше талапкерлер пайдасына шешім шығарғанда сот олардың әрқайсысына тиесілі үлесін және өндіру құқығы жалпы келісілгендігін көрсетеді. Бірнеше жауапкерлерге қарсы шешім шығарғанда әр жауапкер шешімнің қандай үлесін орындайтынын немесе олардың жауапкершілігі жалпы келісілгендігін көрсетеді. Осылай, іс жүргізудегі біріккен қатысушылық – бұл іс шешімінде жалпы қызығушылығы бар не мүдделері бір-біріне әсер етпейтін бірнеше талапкерлердің немесе жауапкерлердің бір іске қатысуы.
Талапкер
|
жауапкер жауапкер жауапкер |
талапкер талапкер талапкер |
Жауапкер
|
Біріккен қатысушылықтың негізгі мақсаты – істегі үнемділікке қол жеткізу. Бұл мақсаттың болуын Е.А Нефедьев ескеген: яғни, оның ойынша бір өндіріске бірнеше тұлғаларды талапкерлер немесе жауапкерлер ретінде біріктіру арқылы келесіге қол жеткізуге болады:
сот өндірісін жеңілдету және жылдамдату;
сот пен тараптар үшін еңбектерін жеңілдету (айғақ деректерін бір істе бірігуі)
сот шығындарын азайту;
Сонымен қатар, бұл жолмен бір-біріне қарсы болатын шешімдердің шығарылуы ескертіледі. Оған қоса жауапкер тарапындағы көпшілік тұлғалардың әр шоғырлануы іс жүргізудегі біріккен қатысушылық болып есептелмейді. Істе негізгі және қосымша жауапкер қатысуы мүмкін. Қосымша жауапкердің қатысу жағдайлары заңмен қарастырылған. Мысалы, жастары 14 пен 18 аралығындағы кәмелетке жетпегендердің келтірілген зияны үшін жеке жалақы бар заңды өкілдерінің қосымша жауапкершілігі. Қосымша жауапкердің жауапкершілігі негізгі жауапкер жауапкершілігін жоймайды. Азаматтық сот өндірісінде сыбайластықты тараптармен шектеуге болмайды, бұл үшінші тұлғалар қатарында да орын алуы мүмкін. Біріккен қатысушылықтың туындау негізідері туралы мәселе ғылыми әдебиетте даулы болып табылады. Азаматтық іс жүргізу заңдылығында бұл мәселе орын алмаған. Ревалюцияға дейінгі теория мен заңдылықтағы біріккент қатысушылықтың негіздерін қарастыру қызығушылық танытады. Е.В Васьковский біріккен қатысушылыққа келесі жағдайларда заңмен жол беріледі деген:
Біріншіден, талаптың нақты негізі басым болғанда (егер дау пәнін құрайтын құқық пен міндет бір негізден шығатын болса);
Екіншіден, талаптың заңды негізібасым болғанда (егер бірнеше тұлға дау пәніне жалпы құқыққа ие болса);
Үшіншіден, шағым талаптарының пәндері мен негіздері бір тектес болғанда (егер шағым талаптар өз мазмұны бойынша бірдей болса );
Алғашқы екі жағдайда біріккен қатысушылықты «материалдық », ал үшінші жағдайда біріккен қатысушылықты нақты деуге болады, себебі біріккен талаптар арасында кейбір қатынастарда ұқсастық бар, бірақ нақты материалдық байланыс жоқ. Бірккен қатысушылық негіздері болып көрсетілген концепция неміс құқығы теориясында жасалған: біріккен қатысушылыққа құқық бірлігі мен бір тектестігі болғанда жол беріледі. Қарама-қарсы мағынаны сол кездегі француз құқығында бекіткен: біріккен қатысушылық таза прцессуалдық институт ретінде қарастырылған, бұған іс қарастыруға тиімді болған жағдайда жол берілген. Әр нақты жағдайда біріккен қатысушылыққа жол беруді немесе бермеуді сот шешеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында ғалымдардың пікірлері бөлініп кеткен. Оған сәйкес біріккен қатысушылықтың келесі үш жағдайда туындайды:
дау пәні жалпы құқық немесе міндет: жалпы меншік құқығы, авторлық құқөық, мұрагерлік құқық, міндеттеуші қатынастар қатарынан жауапкершілік болып табылады.
Шағым талаптары бір негізден туындайды;
Талаптар бір тектес, негізбен мазмұн бойынша басым болмаса да (мысалы, есептелген ,бірақ төленбеген жалақыны өндіру туралы бір мекемеге бірнеше қызметкерлердің талабы);
Біріккен қатысушылықтың үшінші негізін бөліп көрсетуге қарсы әдебиетте бірқатар авторлар қарсылық білдірген (мысалы, Н.А. Громошина, А.Б. Монахов). Олардың ойынша, бұл жағдайда талаптар бірігеді және біріккен қатысушылықтың туындау мүмкіндігін біріккен қатысушылар арасындағы материалды – құқықтық байланыс ғана шектейді. Іс жүргізушілер арасында Азаматтық іс жүргізу кодексі келесі нормасын талқылауға қатысты пікірталас жүреді: « Сот осы сот қарауында бір тараптар қатысатын бір тектес істер немесе түрлі жауапкерлерге бір талапкер талаптары, не бір жауапкерге түрлі талапкерлердің талаптары бойынша бірнеше істер болғанын анықтаса, бұл істерді бір өндіріске біріктіруге құқылы ». Талаптарды субъективті түрде біріктіруді біріккен қатысушылықты туындаудың бір негіздерінің бірі болып табылады. Тараптарда тұлғалардың көптігі іс жүргізудегі біріккен қатысушылыққа тән барлық ьбелгіліермен сипатталады.
1909 жылы Е.А. Нефедьев «талаптарды субъективті түрде біріктіру» және «біріккен қатысушылық» терминдері бір құбылысты білдіреді деп, бірақ түрлі тараптан, түрлі белгілер бойынша «біріккен қатысушылық» сөзімен талапкер мен жауапкер тарапында бірнеше тұлғалардың бірігу фактісін білдіретінін айтқан.
Біріккен қатысушылықты келесі екі белгі бойынша түрлерге бөлуге болады:
қай тарапта тұлғалар көпшілігі орын алуына байланысты белсенді, белсенді емес және аралас біріккен қатысушылыр ажыратылады. Істе бірнеше талапкерлер мен бір жауапкер қатысқанда белсенді біріккен қатысушылық болса, бір талапкер мен бірнеше жауапкер қатысса белсенді емес біріккен қатысушылық болып табылады. Екі тарапта да бірнеше тұлғалар қатысса аралас біріккен қатысушылық орын алады.
Барлық біріккен қатысушылар қатысуынсыз істі қарау не қарамау мүмкіндігіне байланысты қажетті және факультативті бірккен қатысушылық ажыратылады.
