- •III Қорытынды...................................................................................................23
- •IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................25
- •1.1 Азаматтық сот ісін жүргізуде дәлелдемелер түсінігі және мәні
- •1.2 Дәлелдемелердің сот процесінде алатын орны
- •2.1 Іс жүргізуге басқа да тұлғалардың қатысуы
- •Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелермен ұқсастығы мен айырмашылығы
Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелермен ұқсастығы мен айырмашылығы
Қылмыстық істі тергеу барысында табылған заттай дәлелдемелер сотпен танылуы үшін кейбір ғылыми және техникалық талаптарға сай болу керек. Сондықтан заттай дәлелдемелерді жинау және сақтау кезінде салыстырудың қатаң түріндегі стандарттық тәртібін сақтау керек.
Заттай дәлелдемелерді жинауда шек келтірмей және дәлелдік құндылғын жойып алмайтындай етіп атқаруымыз керек. Оқыға болған жердегі орталық нүктеден бастап оны анықтаған жүйемен жүргізеді. Заттай дәлелдемелер қылмыс жасалған жерге жақын табылған сайын соншалықтан дәлелдік құндылыгы арта туседі. Қылмыс болған жердегі оқиғаны саралап шығудың, әдетте тек жалғыз ғана мүмкіндігі болады сондықтан оны орындау ұқыпты және қатесіз жүргізілу керек.
Заттай дәлелдемелерді жинау.
Заттай дәлелдемелерді жинаудағы негізгі сипаттама:
Қандай да бір мағынаға ие барлық заттарды жинау (оқиға болған жерде және заттай дәлелдемелерді жинамай, оларды буып орауды, байлауды, бекітпей тұрып суретке түсіріп алу);
Өзгерту немесе бүліну, зақым , зиян келуден заттай дәлелдемелерді қорғау. Айғақтық заттарды қарауда тек оларды өзгеріске ұшыратпай және бүлінуге зақым, зиян келуге жол бермей іске асыру керек;
Барлық заттай дәлелдемелерді және олардың буып түйілуін таңбалау;
Бәрін белгілеп қою керек, не нәрсе орында жоқ, не зақымдаған және не жетіспеді;
Үлгілерді және салыстыруға тиісті белгілерді алу( кілемдегі дақ және дағы жоқ кілем, сезіктінің үстінен табылған шыны сынықтары және оқиға болған жерден табылған шыны сынықтары);
Ізделуге тиісті заттар мен өзара орналасу орнын құжаттандыру. Заттарды құжаттау барысында олардың жалпы сипаттамасы берілу керек;
Лабораторияға жіберуге арналған заттай дәлелдемелер салынңан барлық ыдыстарды өз аттарымен белгңлеу және мөрлеу. Барлық ыдыстарңа іске байланысты мәліметтер жазылу керек. Барлық заттай дәлелдемелер жеке жеке буып түйіледі.
Криминалистердің қарауға тиесілі заттары:
а) қару:
Оқ ататын қару(оқтар, гильзалар).
Пышақтар және басқа да кесуге арналған құралдар.
б) аспаптар және бұзу, сындыру құрал саймандарының іздері:
Өтірік емес құрал саймандар
Өтірік құрал саймандар
Ендер, таңбалар
Жіптер, арқандар
Заттай дәлелдемелерді іздеу
Тергеушінің міндеті өз ісінің нәтижесінде өзгені құрбан еткен сезіктіні табуға көмектесетін заттай дәлелдемелерді табу. Заттай дәлелдемелер бңрден көзге түсе бермейді, оны белгілі бір жүйемен іздеуге тура келеді. Сонымен заттай дәлелдемелерді жоғалтып алмайтындай тез табуға жағдайлар туғызу керек. Бұндай жағдайда уақыт бекер жоғалмайды және оқиға болған жерге екі рет қарауды ұйымдастырудың керегі болмайды.
Территориялық іздеу әдісін жүргізу.
Табиғаттың әсерәнен немесе өтуінен тез бұзылатын дәлелдемелер әдетте бірінші болып жиналуңа тиіс. Содан соң қаралатын заттай дәлелдемелер оқиғанын басталған жері мен оқтғаға араласқан тұлғалардың арасынан, қалған заттарды ой жүйесіндегідей кезектілңкпен қараңан дұрыс болады.
Қорытынды
Азаматтық іс жүргізу пәнінен жазған курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер түсінігі және мәні». Курстық жұмысты жазу барысында көптеген мәліметтерге (әдебиет, газет журнал, интернет, орысша әдебиеттер) сүйене отырып курстық жұмысымның тақырыбын толық аштым деп ойлаймын.
Кіріспе бөлімінде, жалпы дәлелдемелер деген не, ол не үшін қажет, яғни дәлелдемелер түсінігіне тоқталдым. Сот процесінде дәлелдемелерді қандай түрде, қалай, кім, кімге және қазіргі таңда дәлелдемелердің қандай түрлері сотқа ұсынылатынын айтып кеткен болатынмын. Қазіргі таңда жаңа ғылыми техникалық құралдарңа, элекроникалық даму жүйесіне байланысты дәлелдемелердің жаңа түрлерінің енуі, олардың дамуы және жүзеге асырылуы туралы мәселе қозғағанмын.
Сонымен қатар, азаматтық сот ісін жүргізуде дәлелдемелердің қатыстылығы мен мүмкіндіктері, дәлелдемелерге баға беру, дәлелдемелерді қамтамасыз ету деген бөліктеріне жеке жеке тоқталғанмын. Дәлелдемелердің азаматтық сот процесінде қалай жүзеге асырылуы, яғни сотқа дәлелдемелерді кімдерге ұсынуға құқығы бар, қандай тұлғалар дәлелдемелерді рстайды, сотқа дәлелдемелер табыс ету міндеттілігі туралы осы курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде бөлімінде көре аласыздар.
Ал, негізгі бөлімінде, азаматтық іс жүргізуіндегі дәлелдемелердің жіктелуі, яғни дәлелдемелердің қандай түрлері бар екендігі туралы, оларға жеке анықтама беріп, әр түрінін міндеттерін жүзеге асырылуын көрсеттім.
Сонымен қатар, заттай дәлелдемелерді негіздері, оларды сақтау, қарау тәртібі және сол заттай дәлелдемелерге билік ету мәселелерін қарастырдым.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімінін 2.1 бөлімшесінде азаматтық сот процесінде басқа да тұлғалардың қатысуы туралы айтылды. Олар : аудармашылар, куәгерлер, мамандар, сарапшылар болып табылады. Сотта олардың қайсыларының қатысуы міндетті, қайсыларының қатысуы міндетті емес туралы, олардың әр біреуінің азаматтық процессте атқарылу жұмыстары түрліше келетіні, соған орай олардың сотта атқарылу міндеттері осы курстық жұмысымда жеке жеке тоқталып, жан жақты қарастырдым.
Ал курстық жұмысымның 2.2 бөлігінде Қазақстан Республикасындағы қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер туралы жазылған. Бұл бөлімде жалпы осы екі құқық саласы арасындағы айырмашылығын байқаймыз.
Курстық жұмысымды жазу барысында тақырыбы толық ашылды деп ойлаймын. Курстық жұмысты жаза отырып ұстанұан мақсатым азаматтық процессте дәлелдемелердің теориялық және практикалық проблемаларын қарастыру болып табылады.
Курстық жұмысымды қорытындылай келе, дәлелдемелерге мынадай түсінік бергім келеді. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негәздейтін мән жайлардың бар не жоғын, сондай ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі
Алматы 2009 (20бет)
2 Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы Е. О.Егембердиев «Фолиант» баспасы Астана – 2006 (140 бет)
3 «Заң» республикалық , құқықтық, ғылыми – практикалық журналы 2009ж наурыз №3 (26 бет)
4 Заң» республикалық , құқықтық, ғылыми – практикалық журналы 2003ж шілде №7 (44 бет)
5 «Заң және заман» қоғамдық - саяси, ғылыми – құқықтық журнал №6 (103) маусым 2006ж (6 бет)
6 «Әділ сот» ғылыми – құқықтық журнал 2010 қаңтар – ақпан 2008ж (26 бет)
7 «Заңгер» Қазақстан Республикасының құқық жарғысы №3 (104) 2009 наурыз (14 бет)
8 «ДЕ - Юре» нотариус және заңгер журналы №1 қаңтар 2010 (43 бет)
9 «Фемида» республиканский юридический науно – практический журнал 3(151) 2009г
