Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Длелдемелер тсінігі мен мні.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.66 Кб
Скачать

1.2 Дәлелдемелердің сот процесінде алатын орны

Қазіргі таңда өзгертілген заң екі тарапқа да дәлелдеменің ауыртпалығын, не білдіретінін баяндайды: әр тарап өз талаптарына және наразылықтарына байланысты жағдаяттарды дәлелдеу керек; дәлелдемелерді іске қатысушы тараптар, жеке тұлғалар және заңды тұлғалар келтіре алады.

Соттың алдында жазбаша және заттай дәлелдемені қайтарып алуда өтініш беруші тұлға:

  • дәлелдеменің жазбашасын келесі затты суреттеп белгілеу ( қай құжат екенін анық көрсету және оны кімнен кері қайтарып алу керек екендігін көрсету және тағы басқа);

  • оны жеке өзі алуына себеп болған кедергілерді көрсету;

  • жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі екендігіне дәлелді негіз келтіру.

Істі қарастырып жатқан сот дәлелдемелерді жинау үшін басқа қалада немесе басқа ауданда қарастыру керек болса, онда ол сол жердің жергілікті сотына іске байланысты дәлелдемелерді жинауды тапсырады.Бұларға келіп жеткен міндетті тапсырманы сол жердің жергілікті соты он күн ішінде орындау керек. Хаттамалар және тағы да басқа дәлелдемелер, соттың тапсырма бойынша алынған, сот отырысында жария етіледі, ол бойынша сот отырысында хаттамаға жазылады. Тараптардың және басқа тұлғалардың дәлелдемелерді келтіру қиынға соқса ( ондай жағдай құжаттар мемлекеттік органда болғанда немесе кей азаматтар оны беруден бас тартса тағы басқа болады), онда олар сотқа дәлелдемелерді қайтарып алу жөнінде өтініш білдіре алады, мұндай жағдайда сот іске қатысушы адамдармен дәлелдемелер жинауға қатысады; азаматардан немесе ұйымдардан жазбаша және заттай дәлелдемелерді беруді талап етіп, сараптама тағайындайды.

Жаңа заң ГПК бекіткен нормаларды орындамаудағы нітижелерді бекітеді, тараптар өз талаптарын және наразылықтарын дәлелдеу керек, бұл бақталастықта шынайы әрекетті қамтамасыз етеді.

Тараптардың дәлелдеуде міндеттерді орындамауда және құқықты теріс пайдалану, талап қоюшының ауытқуы болып табылады. Олар сотқа келсе де дәлелдемелердің болмауы, істі қарастыруды түрлі себепсіз сылтаулармен созу және тағы басқа болып табылады.

Заң мұндай жағдайда тараптардың сотқа келмей қалуын хабардар етуді және дәлелді себептерді келтіруді талап етеді.

Егер талап етуші оның қатысуынсыз істі қарастыруды талап етпесе және екінші мәрте шақырғанда келмесе,ал жауап беруші мәселені шешуді талап етпесе,сот арызды қараусыз қалдырады. Бұл істің тоқтатылуына алып келеді.

Егер талап қоюшы істі оның қатысуынсыз қарауды сұраса және жауап беруші мәселені шешуді талап етсе, сот істі талап қоюшының қатысуынсыз қолда бар дәлелдемелермен қарастырады. Сонымен қатар, егер жауап беруші сот белгілеген уақытта талаптарға және өз наразылықтарына дәлелдеме түрінде жазбаша түсініктеме ұсынса,онда оның сот отырысына қатысуынсыз сот істі қолда бар дәлелдемелермен қарастырады және мұндай жағдай ешқандай кедергі тудырмайды.Іске қатысушы өкіл сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар болады. Белгісіз себептермен өкілдің келмей қалуы істі қарастыруға кедергі болып табылмайды. Іске қатысушы тұлға оның іске қатысуына өзі жауапты және өкілдің сотқа қатысуын талап қоюшы және жауап беруші оздері қамтамасыз ету керек. Тұлғаның міндетіне байланысты , жауапкершілікті орындамау , дәлелсіз сотқа келмеуіне айыппұл тағайындалған , олар бұрын АІЖК нің 2,111,158, 159 шы баптарымен реттелді , бірақ кейін олар пайдасыз болып есептелінді, сондықтан АІЖК нен бұл тұлғаларға айыппұл алынып тасталынды. Жаңа заң бұрыңғы қиын шешілетін жағдайларды қарастыруда пайдалы шараларды аңықтады. Бұрында екі жақтын қатысуысыз сараптама жүргізу мүмкін болмады.

Соттық дәлелдемелер – азаматтық іс бойынша тараптардың талаптар мен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән жайлардың бар жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән жайлар , яғни іс бойынша нақты деректерді аңықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер.

Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән жайлардың бар не жоғын , сондай ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән жайларды солардың негізінде анықтайтын занды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады./1,20 бет\

Дәлелдеме қажеттілігіне жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде мүмкін емес болады деп қауіптенетін тұлғалар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз етуді сұрай алады. Қамтамасыз ету туралы арызда қамтамасыз етуге байланысты жағдай , себептер арызданушыны қамтамасыз етуді сұрауға итермелеген жағдаяттарға байланысты нақты қажетті дәлелдемелер келтіру керек. Іс жүріп жатқан аудандағы дәлелдемелерді қамтамасыз етуде іс аяқталғанға дейін арыз сотқа беріледі. Судьяның арызды қабылдау және қабылдамау аңықтамасына шағым немесе қарсылық білдірілуі мүмкін. Сот шешім шығарғаннан кейін , іске дәлелдемелерді қамтамасыз етуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар , егер дәлелдемелерді қамтамасыз ету арызы істі қарастырып жатқан сотқа берілмесе , қосымша мәлеметтермен толықтырулы керек. Іс қатысушы арызданушыға және басқа тұлғаларға дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты және орны хабардар етіледі , бірақ олардың (тараптардың) келмей қалуы сотта арызды қарастыруға кедергі болмайды. Хаттамалар және жинақталған барлық материалдар істі қарастырып жатқан сотқа табыс етіледі. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету іс қозғалғанға дейін мемлекеттік нотариаттық конторалар тәртібінде және мемлекеттік нотариат туралы заңмен қарастырылады. Егерде азаматтық іс сотта қаралып жатқан болса, онда бұл жағдайда нотариаттық конторалар дәлелдемелерді қамтамасыз ете алмайды. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібінде мемлекеттік нотариустар куәгерлерден жауап алады, жазбаша және заттай дәлелдемелерге тексеріс жүргізеді және сараптама тағайындайды. Нотариус белгіленген процессуалдық іс әрекеттерді жүзеге асыру кезінде АІЖК нің ережелеріне сүйінеді. Нотариус дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақытын және орнын қарсы жақты және қызығушылық білдірген басқа да тұлғаларға хабардар етеді. Олардың келмей қалуы тағайындалған әрекетті орындауға кедергі болмайды. Кейінге қалдыру немесе іске кімнің қатысатыны белгісіз болған жағдайда, дәлелдемелерді нотариус қарсы жақтың немесе қызығушылық білдірген тұлғалардың хабарынсыз қамтамасыз етіледі. Куәгердің немесе сарапшының нотариустың шақыруына келмей қалған жағдайда , нотариус олардың тұрғын орындары бойынша , сәйкес шараларды қабылдау үшін сотқа хабардар етеді. Нотариус куәгерді және сарапшыны жалған жауап беру немесе жауап беруден бас тартқандары үшін жауапкершілікке әкеліп соғатының ескертеді.

Соттың ішкі сенімділігі бойынша дәлелдемелерге баға беріледі. Сот істегі дәлелдемелерді жан жақты және толықтай әділ қарауға негіз болады. Дәлелдемердің дұрыс екендігін не дәлелдемедегі мәлеметтердің шынайлық немесе жалған болғандығын тек судья өзі шешеді. Өзінің баға беру ойында сот ешкімге де тәуелді емес және формальды бұйрықтарға байланысты емес , сонымен қатар оған дәлелдемеге баға беру сырттан бұйырылуы мүмкін емес. Тіпті жоғарғы тұрған сот істі қарастырып жатқан дәлелдеменің дұрыс не дұрыс еместігін бағалауға және дәлелдемелердің басқаларынан басым екенін айтуға құқылы емес.

АІЖК-нің нормаларына сәйкес сот үшін дәлелдемелер ешқандай белгіленген күшке ие емес. Кез келген дәлелдемені сот үшін шындыққа сәйкес келмесе қабылдамайды. Әр дәлелдеме жеке дара бағаланады және өз ішінде өзара байланысты болып келеді. Бұл сотқа оларды біб бірімен салыстырып, жеке дәлелдемелер арасындағы қайшылықтарды алып тастауға мүмкіндік береді.

Сонымен, соттық дәлелдемені бағалау нәтижесі шешімнің дәлелді бөлімінде баяндалады, онда сот қорытындысы негізделген және оны теріске шығаратын дәлелдемелерді көрсету керек.

Айтып кеткендей,сот тек заңдық фактілерді куәландыратын немесе жоққа шығаратын, іске қатысты дәлелдемелерді қарастырады. Енді сот процессінде дәлелдемелердің қатыстылығына тоқталып кетсек. Қатыстылық міндет ережелері бұл барлық керекті дәлелдемелерді тарту, қарама қарсы жақ фактілік мәліметтер үрдісін тоқтатып тұрған артықшылықты айрықшалау болып табылады. Іске қатысты емес, маңызы жоқ дәлелдемелерді қабылдауға жол бермейді. Қатыстылық дәлелдемелерін орындау нормалары іс жүргізу кепілдігімен бірқатар қамтамассыз етіледі. Азаматтық істі талқылау сатысында талап қоюшы іске қатысты дәлелдемелерді көрсету керек. Айыптау тарабы дәлелдеменің жеке ұқсастығын сипаттап, судьяға дәлелдеменің орналасқан жерін аиту керек. Судья келтірілген дәлелдемелер мен фактілер арасындағы байланысты қарастырмай, жалпы дәлелдемелерді іске қатыстылығына қарай қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Судьяның іске қатысты дәлелдемелерді азаматтық істі қайта қарау сатысында қабыл алмауы, тұлғаны соттық талқылаудың барысында ұқсас дәлелдемелерді қайта келтіру құқығынан айырмайды. Дәлелдеменің мүмкіндігі жағдайды дәлелдеуде пайдалануда шектеулі. Егер де қатыстылық дәлелдемесі жалпы сипатта болып және кез келген азаматтық істі қарастырғанда қолданса, мүмкінділік ережесі кей жеке істерде қолданылады. Негізінен ол әр түрлі келісім шарттарды реттеитін азаматтық құқық нормаларына сәйкес қолданады. Азаматтық құқықтық келісімнің бұзылу салдарына байланысты екі топқа бөлінуі мүмкін:

Заң бекіткен жәй жазбаша түрі;

Ноториалдық куәландыру түрінде жасалып бұзылғанда келісімшарт жарамсыз болып табылуы .

Мәміленің бірінші тобына мыналар жатады, мысалы, жылжымалы мүлікті беру шарты. Онда беруші заңды тұлға болса және заңда белгіленген минималды еңбек ақысынан сыйлық бес есе жоғары болады; шарт болашақта уәде беруді қамтиды; бір жылға арендаға алу шарты; жалға алу шарты; азаматтар арасында борышқа (займ) алу шарты; егер қарызға алу заңмен белгіленген еңбек ақы төлемінен он есе артық болса және қарыз беруші заңды тұлға болып келсе және тағы басқа. Көрсетілген шарттардың бұзылуы, екі жақты да дауласу жағдайында куәгерлік жауап беруші құқығынан айырады, бірақ оларды жазбаша дәлелдемелерді әкелу құқығынан айырмайды. Нотариалды формадағы шарттардың ережелерін орындамау, оның жалған мәміле екндігіне алып келеді. Егер бір жақ толықтай немесе ара арасында талаптарды орындаған болып нотариалдық растауды талап етіп, қарама қарсы жақ оны растаудан бас тартса, сот талаптарды орындаған жақтың талабы бойынша мәмілені рас деп мойындай алады. Бұл жағдайда келесі нотариалдық растауды талап етпейді. Ал нотариалдық растаудан бас тартқан жақ қарсы жаққа шартты орындауда кемеуілдеткен кезіндегі шығынды толтыру керек. Сот іске қатысты куәландыратын немесе жоққа шығағаратын заңдық факт дәлелдемелерін қарастырыды.

ҚР АІЖК-нің 69-бабына сәйкес дәлеледемелер ретінде жол беруге болмайтын нақты деректерге тоқталсақ:

Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде: 1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс әрекетерді қолдана отырып;

2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалана отырып;

3) осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс әрекетінің жүргізуіне байланысты;

4) қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс әрекетіне қатысуына байланысты;

5) іс жүргізу іс әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;

6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден ;

7) дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынқан болса, олар нақты деректердің растығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, олар нақты деректердің растығына әсер ете немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиіс.

Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардың өтінімі бойынша сот белгілейді.

Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.

II Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелердің жіктелуі