- •III Қорытынды...................................................................................................23
- •IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................25
- •1.1 Азаматтық сот ісін жүргізуде дәлелдемелер түсінігі және мәні
- •1.2 Дәлелдемелердің сот процесінде алатын орны
- •2.1 Іс жүргізуге басқа да тұлғалардың қатысуы
- •Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелермен ұқсастығы мен айырмашылығы
1.1 Азаматтық сот ісін жүргізуде дәлелдемелер түсінігі және мәні
Азаматтық іс жүргізуде дәлелдемелік құқық мәселелері негізгі орын алады. әдебиетте дәстүр бойынша нақты мәліметтерді, сонымен қатар сол айғақтарды алуға көмектесетін құралдарды дәлелдемелер деп түсіндіреді.
70-шы жылдардың басында заң әдебиетінде азаматтық сот ісін жүргізуге айғақтардың осы түрін енгізу қажеттілігі туралы оң пікірлер айтылған. 1964 жылғы РСФСР АІЖК-нің 49- бабында бекітілген дәлелдеу құралдарының тізбесі техниканың даму деңгейіне сай келмеген және нақты түсініктеме берілгенде іс жүргізуден дыбыс және бейнежазбалар, компьютерлік басылымдар себепсіз алынған. Бұл мәселеге 1973 жылы профессор м. Треушников көңіл аударған. «Электрониканың дамуы, оның адамдардың тұрмысына енуімен байланысты шындықтың көп айғақтарын фнонграмма, бейнежазбалар мен басқа да құралдар арқылы тіркеуге болады деген, кейбір адамдардың түсінігінде осы құралдар «күшті» дәлелдеме деген сипаттама халықтың көзқарасы қалыптасады. Азаматтық іс жүргізу жалпы ғылыми-техникалық процесінің дамуынан шетте қалмайды. Жаңа техникалық құралдар арқылы дәлелдеу құралдар санының кеңеюі сот органдарын техникалық жарақтандыруын жақсарту, істерді дұрыс және тез қарауға ынталандыру болып табылады.»
Электроникалық дамуы мен оның адамдардың тұрмысына енуіне байланысты дыбыс және бейнежазбалардың және басқа да жоғары сапалы құралдардың көмегімен, әсіресе қолданыстағы бұрыннан үйренген ақпаратты жеткізушілермен салыстырғанда, айғақтарды тіркеу мүмкіндігі кеңейді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдық қатынастардың өзгеруіне ықпал етті.
Сонымен техникалық құралдардың тізімінде бекітілетін үнпаспалар және бейнежазбалар толыққанды болмайды. Қазіргі таңда дыбыс және бейнежазбаның жеткізушілеріне әртүрлі өлшемдегі дыбыс және бейнежазбаларды, лазерлік дискілерді(CD), сандық жазбалары бар дискілерді (DVD) жатқызуға болады. Оларда дыбыс жазбасы мен бейнесуреті, еске сақтау- флеш картасы, тағы басқа бірден тіркеу мүмкіндігі бар. Іс жүргізу тәртібінде істің мән-жайын анықтау үшін ұялы телефон аппараттарында сақталған дыбыстық хабарламаны, сандық диктофон мен автожауап қайтарғыштардың жазбаларын пайдаланады және рұқсат етіледі. Бұл техникалық құралдар мен оның ішіндегі бекітілген ақпарат қарастырылатын істерде нақты мән-жайларды анықтау үшін азаматтық іс жүргізуде қолдануға жол берілмейді. Қазіргі кезде көптеген іскерлік келіссөздер ұялы байланыс құралдары арқылы жүргізіледі. Бұл жерде ұялы телефондардағы сақталған келіссөздердің жазбаларын іс жүргізуде қолдану мүмкіндіктері көкейтесті мәсәлесі болып тұр. Дыбыс және бейнежазбаларды сақтаудың барлық техникалық жабдықтарын атап өту мүмкін емес. Дыбыс және бейнежазбаларды енгізу арқылы дәлелдеу құралдары тізімін кеңейту, тәжірибеде оларды маңызды жағдайларда нотариаттық іс- әрекеттерді атқарғанда, ал содан соң,дау болған жағдайда сотта дәлелдеген кезде тіркеу тәсілі ретінде пайдалану мүмкіндігін береді. Нотариаттық іс- әрекеттер барысында ғана емес, оның алдындағы сұхбат, нотариусқа жүгінген адамдардың сұрақтарына берілген жауаптарын да жазуға баолады.
Дыбыс және бейнежазбаларды пайдалануға нотариаттық іс- әрекетерге қатысушылардың алдын- ала келісімін алу – сотта мұндай құралдарды дәлелдеме ретінде пайдалану шарты болып табылады. Нотариаттық іс- әрекеттерді атқару барысында бұл құралдарды пайдаланғаны туралы актінің өзінде көрсеткен жөн, осы дәлелдемелерді сотқа ұсынғанда нотариус жазбалардың қашан, кімнің және қандай жағдайларда жасалғандарын көрсету керек.
М. Треушниковтың пайымдауынша, олады дербес дәлелдеме құралы деп санау керек және тиісінше дәлелдеме құралы ретінде оларды іс жүргізуге жол беру үшін қолданып жүрген іс жүргізу заңнамаларға тиісті өзгерістерді негізу керек (жазба және заттай дәлелдемелер тәсілдерінен ерекшеленген), « сақталған магниттік ақпаратты жеткізушіні тыңдау не көру жазба немесе заттай дәлелдемелер тәсілдерінен ерекше айыруды талап етеді », деп негізделген.
А. Боннердің пікірінше, қазіргі іс жүргізудегі ақпаратты сақтау құралдары: бейнежазбалар, суреттер, кинофильмдер және тағы басқа маңызды ерекшіліктерге иеленеді. Сол ерекшілік материалдық және іс жүргізу заңнамаларында көрсетілуі керек. Ол қазіргі ақпаратты тіркеу құралдарын заттай дәлелдемелерге жатқызу керек деп санаған. Ол РСФСР АІЖК-ның 49- бабының тұжырымын өзгертуді, оның ішінде машиналық құжаттарды, суреттерді, киноленталар, магниттік және бейнежазбаларды, құралдар арқылы алынған деректерді дәлелдеудің дербес құралы ретінде бөліп шығаруды ұсынған.
Осы мәселе бойынша басқа да көзқарастар бар. Оларға сәйкес қазіргі ақпараттың қайнар көздері- іс жүргізу заңнамаларында белгілі дәлелдеу құралдары қамтылған. Бұл көзқарасқа сәйкес кейбір авторлар дыбыс және бейнежазбаларды заттай дәлелдемелерге, ал басқаларын жазбаша дәлелдемелерге жатқызған. Соңғылары өз көзқарастарын былай дәлелдеген: дыбыс және бейнежазба ақпаратты беру үшін қызмет етеді, егер оны дәлелдеме ретінде сотта қолданса, ақпарат оның сырт келбеті мен ішкі белгілерінен емес, құжаттың мазмұнынан іс жүргізу субъектілері болып табылады.
Дыбыс және бейнежазбаларды заттай дәлелдемелерден бөлу керек. Дыбыс және бейнежазбалардың өздерінің мазмұнымен іске маңызы бар мән- жайлар туралы куәлік етеді. Дыбыс және бейне касеталар, лазерлік немесе DVD- дискілері, басқа да дыбыс және бейнежазбаларды жеткізушілер болса заттай дәлелдемелер болып табылады. Бұл жағдайда олар өзінің мазмұны емес, өзінің нысанымен, сырт келбетімен, өзінің айғақ ретінде болуымен заңдық айғақтарды растайды немесе теріске шығарады. Заңсыз жасалынған (контрофактік) дыбыс және бейнежазбалардың көшірмелері келтірілген зиянды өтеу туралы ісінде заттай дәлелдемелер болып табылады.
Жазба, заттай дәлелдемелердің және дыбыс және бейнежазбалардың арасында ортақ болатын сол дәлелдемелердің осы түрлері заттық дәлелдемелерге жатады, яғни олардың ішінде ақпарат негізінде табиғаттың өлі обьектілерінде, қимылсыз тұрған заттарда сақталады.
Дыбыс және бейнежазбалар жазбаша дәлелдемелер сияқты ішіндегі жазылған ақпараттың көмегімен істің белгілі бір мән- жайларын дәлелдейді. Мысалы, куәгердің қарызды уақытысында қайтаруды уәде беруі туралы жазба, азаматтың іскерлік беделі мен қадір- қасиетін, ар- намысын масқаралау туралы пікірлердің жазбасы, моральдық зиян келтірген үшін өтемақы төлеу істерін келтіруге болады.
Бұл дәлелдемелердің айырмашылығы мынада: іс жүргізудегі қатысушыларға дыбыс және бейнежазбалардан ақпаратты көру және есту ағзалары арқылы түсірмейді, ол заттай дәлелдемелерді қараған кезде немесе жазбаша дәлелдемелерді зерттеу барысында орын алады.
Электрондық немесе басқа жеткізушідегі сақталынған айғақтар туралы мәліметтерді ұғыну үшін арнайы дыбыс немесе бейне көрсету аппаратурасы ылғи керек болады. Бұл аппаратура көру және есту ағзалардың көмегімен жазбаша немесе басқа қабылдауға ыңғайлы ақпараттың түріне өзгертеді.
Сондықтан дыбыс және бейнежазбаның жеткізушісі емес, дыбыс және бейнежазбалардың дәл өздері соттық дәлелдеме болып табылады.
Дыбыс жазбасы деп, магниттік, электрондық немесе басқа жеткізушіде бейненің ілескен немесе ілеспеген дыбыстық қатармен сабақтас бейне ретінде сақталғаның айтамыз.
Тәжірибеде дыбыс және бейнежазбаларды дәлелдеме ретінде қолданғанда ҚР АІЖК-нің 67,68-ші баптарында қатыстылық пен жарамдылық санаттарынан берілген түсініктеме басым болады.
Ресей Федерациясының ӘІЖК-де 77-ші бабында сәйкес:
«Электрондық немесе басқа да жеткізушіге басылған дыбыс және бейнежазбаларды берген немесе оларды талап еткен тұлғалар жазбалардың қашан, қалай, кімнің және қандай жағдайларда жазылғанын көрсету керек».
Сонымен қатар, дыбыс және бейнежазбаларды дәлелдеме ретінде берген немесе оларды талап еткен істерде қатысушы болған тұлға істер үшін маңызы бар мән-жайлардың қайсысын растау немесе теріске шығару керек екенін белгілеу керек. Оған қоса, ол қашан, кімнің және қандай жағдайларда жазбалардың жасалғанын көрсету керек. Бұл ереже дәлелдеменің осы түрін жарамдылығын және қатыстылығын тексеріп қамтамасыз етуге бағытталған. Жазбаның түпнұсқалық екендігін анықтау үшін, жазбаның кейбір жерлерін нақтылау үшін, қандай жағдайларда жасалғанын нақтылау үшін, егер ол тараптардың біреуі болмаса, керек жағдайларда жазбаны жасаған тұлғаны сотқа шақырып, куә ретінде одан жауап алады. Жазбаның жалған уақытын білу- оның түпнұсқалық екенін және іске маңызы бар оқиғалар мен әрекеттердің, жасалған уақытын анықтауға мүмкіндік алады. Одан басқа, жасалған жазбадағы мәліметтердің (жасалған жері, арақашықтығы, тағы басқа) барлығы, жазбаны жасаған уақыты сотқа оны зерттеу мен баға беру үшін керек, сонымен қатар оның түпнұсқалық екенін зерделеген мамандар мен сарапшыларға керек.
Бір қарағанда, егер куә өзінің қайдан хабардар болғанын хабарлай алмаса, оның куәлік айғақтары дәлелдеме бола алмайды. Бұл жағдайда ұсынылған жазбалар жарамдылық тараптарына сай келмейді және іс жүргізуге жіберілмеуі мүмкін. Біріншіден, қазіргі техникалық құралдар дыбыс және бейнежазбаларды адамның тікелей қатысуынсыз автоматты түрде жасауына мүмкіндік береді( автожауап ұайтарғыш жазбалары, аңду жүйелері, күзет жүйелері, тағы басқа). Екіншіден, дыбыс жіне бейнежазбаны берген тұлға, оны кім, қаша жасағанын, мысалы, егер сол жазбаны оған әдейі тастап кетсе, поштамен жіберген болса, шындығында мүлдкм білмеуі де мүмкін. Осы сияқты жазбаларды дәлелдеме санынан алып тастаған дұрыс болмауы да мүмкін. Осыған орай, істе қатысатын тұлғалардың ұсынған дыбыс жіне бейнежазбаларды сот қабылдап және зерттеу керек деп, сонымен қатар, егер олар іске маңызы бар мән жайларды анықтауға көмектесетін болса, олардың талап еткен өтініштерін қанағаттандыру керек. Барлық жағдайларда қашан, кім және қандай жағдайларда бұл дыбыс және бейнежазбалардың жасалғанын ұсынған тұлғадан сот анықтап алу керек. Бірақ мұндай мәліметтердің болмауы жазбаны дәлелдемелердің санынан шығаруға негіз бола алмайды, керісінше, ол түпнұсқа екенін көрсететінін, одан әрі мұқият зерттеудің керектігін, оған қоса сараптаманы тағайындау мен мамандарды тарту арқылы дәлелдейді.
Барлық дыбыс және бейнежазбалар сотқа ұсынылады, дәлелдемелерді ұсынудың, талап етудің, зерттеудің және бағалаудың ережелері бойынша дыбыс және бейнежазбалалды сот зерттейді және бағалайды. Бұған дыбыс және бейнетаспа, лазерлік дискілер, тағы басқалары жатады. Сонымен қатар, оларды мүдделі адамның өтініші бойынша сот талап ете алады. Бұл дәлелдемелерді зерттеуде белгілі бір ерекшеліктер бар. Зерттеу сот барысында жазбаны тыңдау не көру жолымен немесе осы мақсаттарға арнайы техникалық көмегімен ішіндегі ақпаратпен танысуға арнайы жабдықталған орындарды атқарады. Бұл үшін сотта тиісті техникалық құралдардың керектігі сөзсіз. Бұл жағдайларда іске қатысушы тұлғалардың ұсынған техникалық құралдарын пайдалануға да болады. Соңғы көрсетілген жағдайларда тыңдап көрген дыбыс және бейнежазбаларды бүліну мен жойылудан сақтау үшін ылғи маманды тарту керек. Адамның жеке немесе отбасылық өмірлеріне байланысты жазбаларды ашық сот отырысында тек сол тұлғалардың келісімімен тыңдауға не көруге болады. Басқа жағдайларда олар жабық сот отырысында зерттеледі. Бірақ бұл жағдайда басқа іс жүргізу мәселесіне тірелеміз, адамдардың жеке немесе отбасылық өмірлеріне байланысты болып, сол тұлғалардың келісімдерін алмай жасалған дыбыс және бейнежазбаларды азаматтық әс жүргізуде қолдану жарамдылығанын мәселесін бұл мәселе аса күрделі болып табылады және де оның бір жақты шешімі жоқ. Осыған байланысты дыбыс және бейнежазбалар сияқты дәлелдемелердің жарамдылығы туралы мәселені сот қарастырғанда келесі өлшемдерді басшылыққа алу керек:
Әр түрлі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік немесе басқа да мекемелердің кәсіби жұмыстарын атқарғанда заңмен бекітілген тәртіпті бұзып жасаған жазбалары іс жүргізуде қолданысқа жатпайды және дәлелдемелердің жарамдылық ережелеріне сай келмейді. Себебі олар заңды бұзу арқылы жасалынады және ҚР АІЖК екінші бөлімінің 79-бабына с ай оның заңдық күші жоқ.
Заң бойынша куә ретінде жауап алуға болмайтын тұлғалардың ақпарат ретінде берген дыбыс және бейне жазбалары іс жүргізуде дәлелдеме ретінде қолданылмайды және оған жол берілмейді. Іс жүргізуде сыр шертіп айтылған, қылмыстық іс бойынша қорғалушылар мен айыпталушылардың (сезікті) сұхбаттарының, азаматтық іс бойынша өкіл мен өкілділікті беруші сұхбаттарының жазбаларын қолдануға жол бермеу керек.
Құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінгенде , тараптардың оздері соттың қарауына жеке және отбасылық өмірлерінің мән жайларын ұсынады. Мұндай мән жайларды зерттеп белгілемесе нақты істі шешу және шешімді шығару мүмкін емес.
Сырттан қарағанда тараптардың өздері жеке өмірлеріне соттың енуіне рұқсат береді. Сот болса , дәлелдемелерді жан жақты және толық зерттеуге , заңнамаларды дұрыс қолдануға және нақты мән жайларды анықтауға жағдай жасау керек. Соның ішінде тараптардың бәріне қолдарындағы бар дәлелдемелердің бәрін ұсынуға мүмкіндік беру керек. Сондықтан, барлық дыбыс және бейнежазбалар азаматтар мен әртүрлі мекемелермен арнайы немесе кездейсоқ жасалған болса , азаматтық іс жүргізуден қолдануы мүмкін
Және сотпен қабылданып зерттелу керек. Жеке өмірдің құпиясын сақтау сияқты дәлелдемелерді жабық сот отырысында зерттелуге мүмкіндік береді. Осындай жазбаларды дәлелдеме ретінде тұлғалардың алған ақпараттарын іс жүргізуде зерттеуге болады. Тұлғалардың берген келісімдеріне қарамастан, олар куәлік айғақтардан бас тартуға мүмкіндіктері (жақын туыстар, заң шығарушы- органдардың депутаттары, тағы басқа.),себебі қорғалатын белгілі бір жағдайда алынған ақпарат құпиясы емес, ол қоғамның белгілі бір моральдық және адамгершілік ұстанымдарының құқықтық қорғалуы болып табылады. Мысалы, ұлымен сөйлескенде мәлім болған кейбір мән жайлар туралы куәлік айғақтарды беруден анасынан бас тартуына болады. Бірақ осындай сөйлескенінің дыбыс және бейнежазбасы сот дәлелдемесі болып табылады, сонымен бірге ұлының анасына жазған хаты іс бойынша дәлелдеме болып табылады.
Дәлелдеменің осы түрін зерттегенде негәзгі қарастыратыны- оның түпнұсқалық екенін тексеру. Дәлелдеменің бұл түрі басқа дәлелдемелерге қарағанда көбінесе жалған болып келеді. Сондықтан, егер ұсынылған дыбыс және бейнежазбалардың, лазерлік және DVD дискілерде немесе басқа да жеткізушілердің ақпаратының түпнұсқа екеніне күмән келтірсе сот маманды тартып сот- техникалықт сараптамасын тағайындау керек. Мысалы, дыбыс жазбаны сот отырысында тыңдағанда жасанды іздер сотта анықталмаған деген уәждерге сілтеп, фоноскопиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға жол берілмейді.
Бұл дәледемелерді бағалау жалпы ережелер бойынша жасалынады. Сот үшін олардың көзделген күші жоқ және басқа дәлелдемелермен қатар жиынтығы ретінде бағаланады. Сондықтан дыбыс және бейнежазбаларды қолдануды дәлелдеменің дербес түрі ретінде танып, ҚР Жоғарғы сотының арнайы нормативтік қаулысының қабылдау қажеттілігі туындады.
