Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Длелдемелер тсінігі мен мні.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177.66 Кб
Скачать

Жоспар

Кіріспе......................................................................................................................3

І Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер............................................................5

1.1 Азаматтық сот ісін жүргізуде дәлелдемелер түсінігі және мәні.................5

1.2 Дәлелдемелердің сот процесінде алатын орны...........................................11

ІІ Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелердің жіктелуі...................................16

2.1 Іс жүргізуге басқа да тұлғалардың қатысуы................................................16

2.2 Қазақстан Республикасындағы қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелермен ұқсастығы мен айырмашылығы..........................................21

III Қорытынды...................................................................................................23

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................25

Кіріспе

Азаматтардың субьективті құрылымы мен заңмен қорғалған міндеттерді сот азаматтық істі көтеру мен олардың қаралуымен қамтамасыз етеді.

Тақырыптың өзектілігі. Азаматтық істегі ең маңызды мәселелердің бірі болып сотқа дейінгі істің қаралуында нақты деректердің болуы болып табылады. Сондықтан азаматтық іс жүргізуде дәлелдемелік құқық мәселелері негізгі орын алады. Әдебиетте дәстүр бойынша нақты мәліметтерді, сонымен қатар сол айғақтарды алуға көмектесетін құралдарды дәлелдемелер деп түсіндіреді.Сот қарастыратын, сондай – ақ қорғайтын субьективті құқықтардың жалпы юрисдикациясы мен заңмен қорғалатын азаматтардың мүдделері азаматтық істерді қарастыру мен шешу жолы арқылы іске асады. Әділеттілік орнатудың бастапқы және маңызды шарты болып, сотта істі қозғағанға дейінгі айғақтарды сот дәл бекітуінің қажеттілігі болып саналады.Әдетте, соттық істі қарастыру мен шешу аралығымен субьектілер арасында юрисдицикалық құқықтық қарым – қатынас жасау аралығында жеткілікті уақыт өтеді, сол уақыт аралығында сот айғақ бойынша ақпарат жинауы тиіс.

Курстық жұмысымның мақсаты азаматтық процессте дәлелдемелердің теориялық және практикалық проблемаларын қарастыру болып табылады.

Төменде әлдеқайда жиі қойылатын сұрақтарға орай ақпараттар беріліп отыр. Олар:

Азаматтық іс бойынша дәлелдемелерді жинау міндеті кімге жүктелген?

Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді. Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы. Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдемдеседі. (ҚР АІЖК-нің 7-тарауы)

Заңмен талап қоюды қамтамасыз етудің қандай шаралары көзделген?

Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:

1) жауапкерге тиісті және онда немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу (банктiң корреспонденттiк шотындағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда);

2) жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;

3) басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған қатысты өзге де міндеттемелерді орындауына тыйым салу;

4) мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған жағдайда, мүлікті өткізуді тоқтата тұру;

5) мемлекеттік органның, ұйымның немесе лауазымды адамның дауға салынатын актісінің қолданылуын тоқтата тұру;

6) борышкер сот тәртібімен дауға салатын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру болуы мүмкін. Қажет болған жағдайларда сот ҚР АІЖК-нің 158-бабында аталған мақсаттарға сай келетін талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды қабылдауы мүмкін. (ҚР АІЖК-нің 159-бабы)

Жоғарыда айтылған себептер проблемаларды шешу кезінде заң шығарушыдан тұрақтылықты талап етеді. Мысалға, дәлелдемелердің жаңа түрлерін енгізуі. Қазіргі таңда дәлелдемелерді қамтамасыз етудің қайнар көздері заңда түгелдей қамтылмағандығы құпия емес. Бұл қиыншылықтардың шешу жолдары болашақта мазмұндалады.

Нақты жұмысқа қызығушылықты білдіру ,оның түпкі феноменіне қарамастан ,бұл және басқада сұрақтарға қатысты ортақ пікірге келе алмайды. Бұл жұмысқа қатысты көптеген проблемалар даулы мәселе болып табылады қорғану үшін ұсынылған аргуметтер автордың пікірі бойынша дұрыс көзқарас ,оның шынайылығына күмән келтірмейтін сияқты Заң шығарушы дәлелдемелер түсінігіне нақты анықтама берілмегенмен,алдағы уақытта айтылып кеткен дәлелдемелер институттарының консерватизміне қарамастан,жаңа қырымен көріне бастайды.

Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер мәселелері З.Х Баймолдин,А.С.Курылов,Ф.Н Фаткулин және өзге де авторлар еңбектерінде айтылған .

Курстық жұмысымның міндеті дәлелдемелер ұсыну процесінің жаңа даму бағыттарын қарастыру болып табылады, соның ішінде :

  • дәлелдеме обьктісін шығару

  • дәлелдеме процедурасын шығару

  • дәлелдеменің бағасын анықтау.

I Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелер