- •1 Арыс сұрыптау станциясының және оның кіріс
- •2.Станса жұмысын жоспарлау және жедел басқару
- •1 Сурет. «арыс» стансасының басқару құрылымы
- •2.1 Поезд ақпараттарын және тасымалдау құжаттарын өңдеудің станциялы технологиялық орталығының жұмысын ұйымдастыру
- •3. Арыс сұрыптау станцияларындағы жергілікті жұмыстың сипаттамасы
- •3.1Стансадағы еңбекті қорғау мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
- •3.2 Дербес тапсырманың есебі.
- •3.3 Стансадағы маневр диспетчерінің міндеттері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
3.1Стансадағы еңбекті қорғау мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Қазіргі жұмыс істеп жатқан барлық кәсіпорындарда, техника қауіпсіздігі және еңбек жағдайларын қорғау жөнінде іс-шаралар әзірлеуге ерекше назар аударылады, сонымен бірге жан-жақты сауықтыру және еңбек жағдайларын жеңілдету халықтың әл-ауқатын көтерудің маңызды міндеттерінің бірі деп көрсетілуде.
Келешекте ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалануды көздеу, жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету үшін технология мен жабдықтарды жетілдіру, атмосферадағы заттектердің зиянды тастандыларымен өндірістік, көмектік және өзге шулармен дірілмен, электр және магниттік өрістердің әсер етуімен күрестің жаңа әдістері мен құралдарын әзірлеу қажет.
Электржарақаттардың басып көпшілігі (76%) кернеуі 380 және 220 вольт өндірістік жиіліктегі ауыспалы токтың әсер ету нәтижесінде болады.
Түрлі электрқондырғыларда болған жазатайым оқиғаларды талдау жарақаттардың басым көпшілігі 72% тарату құрылғыларына, коммутациялық аппаратураға және қорғану аппараттарына қызмет көрсету кезінде болатынын көрсетеді. Әдетте қондырғылардың бұл түрімен жұмыс істеуге тек электртехникалық қызметкерлерге ғана рұқсат етіледі.
Жарақаттардың 15%-ға жуығы түрлі қызметкерлердің, оның ішіне электрлік емес мамандықтағы қызметкерлердің ауа және кабельдік желі электр тартылымы, электрмен пісіру аппаратурасы сияқты электрлік қондырғыларға қызмет көрсетуі кезінде болады.
Темір жол стансасы жағдайларында адамды электрлік ағынның зақымдауынан қорғаудың негізгі шаралары мыналар болып табылады: қауіпсіз кернеудегі токты қолдану, токөтер бөліктер мен сымдарды оқшауламалау, токөтер бөліктерге жанасудан қорғану қорғаныстық жерлендіру және нөлдеу зақымдану қаупін жоятын-автоматты қорғаныстық ажырату жеке қорғану құралдарын қолдану.
Ылғалды жайларда жұмыс істеу кезінде орны ауыстырылатын құрал-сайман мен шамдалдар үшін 36в. аспайтын кернеуді пайдаланады, ал ерекше ылғал жаларда, металл аппараттардың сыйымдылықтардың ішінде жұмыс істеу кезінде электржабдықтардың, шамдалдардың, электрлік құрал-саймандардың кернеуі 12V аспау керек. Аз кернеу көздері-гальваникалық элемент, аккумулятор батереялары, түзеткіш және түрлендіргіш қондырғылар бола алады. Авариялар мен жазатайым оқиғалардың негізгі себептерінің бірі электржабдықтардың ток өтер бөліктері мен сымдарының зақымдалуы мен оқшауламаның болмауы.
Оқшаулама материалы қоршаған орта жағдайлары мен электржабдықты пайдалану ерекшелігіне сәйкес болуы керек, яғни агрессиялық заттардың, ылғалдығы, қыздыру әсеріне және механикалық әсер етуге төзімді болуы керек. Токтың жылыстауы 0,001А аспауы үшін, оқшаулама кедергісі мейлінше жоғары болу керек.
Кернеуде болып тұрған жабдықтардың бөліктеріне адамның жанасуы үлкен қауіп тудырады, оны жою үшін қорғныстық жерлендіру және нөлдеу қолданылады.
Жерлендірудің қорғаныстық әсерінің мәні мынады, ток өтер бөліктерге жазатайым жанасқан адам жерлендіруге параллельді электр тізбегіне қосылады, сондықтан адамның денесінен өткен ток шұғыл азаяды. Қорғаныстық жерлендіруге электр машиналардың, жылжымалы және орны ауыстырылатын электрқабылдағыштардың, трансформаторлардың, шамдалдардың корпустары, электр машиналар мен аппараттардың жетектері, трансфоматорлардың екінші орамасы, тарату құрылғыларының. басқару қалқандарының қаңқасы мен металл құрылымдары, кабельдік құрылымдар, сымдардың металл қабықшасы және электртартылымдардың құбырлары, сондай-ақ электр жабдықты пайдаланумен және орнатумен байланысты өзге металл құрылымдар жатады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету-адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнінде мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады.
Өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғамның және мемлекеттің өрттен қорғалған жағдайы.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері мыналар болып табылады:
-өрт қауіпсіздігі саласында адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау.
-ұйымдар мен азаматтардың қызметіндегі қауіп дәрежесін дер кезінде анықтау, өрт қауіпсіздігі саласында алдын-алу шараларына және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды үйрету;
-өртті сөндірудің міндеттілігі, бірінші кезектегі авариялық-құтқару және өзге қажетті жұмыстарды жүргізу, медициналық көмек көрсету, азаматтар мен зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, өрт нәтижесінде азаматтардың денсаулығы мен мүлігіне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне келтірілген зиянның орнын толтыру.
Өрт профилактикасы өрттер мен жарылыстардың алдын алу жүйесінде негізгі бағыт болады, ал өрттер мен жарылыстарды ескерту және жою оттың таралу сферасын шектеуді қосқанда және жанып жатқан бөлмелерден адамдар мен мүліктерді ойдағыдай эвакуациялауды қамтамасыз ету бойынша, іс – шараларды қарастырады. Жалпы кәсіпорындарда қолдану керек өрттің алдын алудың негізгі іс-шараларын, оларды үш бағыт бойынша классификациялауға болады:
1) Өртті және жарылысты ескерту:
2) Өрттен және жарылыстан қорғау:
3) Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары:
Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау мәселелері 12.03.2004 жылы бекітілген «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы» заңымен реттеледі. Еңбек етуге салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау қамқорлық көрсету мәселесі әрқашан Үкіметтің назарында болды және басты мәселелердің бірі болып қалуда. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы мәселеге байланысты теориялық және практикалық міндеттерді шешуге көптеген техникалық экномикалық ұйымдастырушы және құқықты іс-шаралар бағытталады.
Жаңа техниканы, жаңа неғұрлым жетілдірілген технологиялық процестерді ендіру «техника қауіпсіздігінен қауіпсіз техникаға» принціпін кезекпен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі жұмыс істеп жатқан барлық кәсіпорындарда, техника қауіпсіздігі және еңбек жағдайларын қорғау жөнінде іс-шаралар әзірлеуге ерекше назар аударылады, сонымен бірге жан-жақты сауықтыру және еңбек жағдайларын жеңілдету халықтың әл-ауқатын көтерудің маңызды міндеттерінің бірі деп көрсетілуде.
Келешекте ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалануды көздеу, жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету үшін технология мен жабдықтарды жетілдіру, атмосферадағы заттектердің зиянды тастандыларымен өндірістік, көмектік және өзге шулармен дірілмен, электр және магниттік өрістердің әсер етуімен күрестің жаңа әдістері мен құралдарын әзірлеу қажет.
Желдеткіштің жобаланған жүйесі жұмыс орын ш.ү.к. қамтамасыз етеді.
Көміртек тотықтары-20 мг/м3
Азот оксидтері - 5 мг/м3
Альдегиттер-0,5 мг/м3
Тұз қышқылының булары- 5 мг/м3
Күкірт қышықылының булары - 1 мг/м3
Бензин булары - 100 мг/м3
Ауыз суының шығынынан үнемдеу мақсатында сумен қайтара қамту көзделеді.
Жуғыш құрылғылар мен технологиялық жабдықтардың ақаба сулары өздігінен ағуымен тазартқыш ғимараттарға беріледі. ГП 902-2-403,86 бойынша қабылданған, тазартылған ағындылар жуғыш құрылғыларға қайтара беріледі.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету-адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнінде мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады.
Жұмысқа жіберу тәртібі
Жолаушылар платформалары шектерінде қабылдау-жөнелту жолдарын тазалауды құрамды кем дегенде екі адам бар жұмысшылар тобы жүргізуі тиіс, олардың біреуі пойызардың қозғалысын бақылау бойынша аға жұмысшы болып тағайындалады және топтың қауіпсіздігі үшін жауап береді. Қағида бойынша мұндай жұмыс пойыздардың қарқынды қозғалыс кезеңіне дейін немесе одан кейін жүргізілуі тиіс.
