Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арыс дп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Мазмұны:

1 Арыс сұрыптау станциясының және оның кіріс

жолдарының техникалық –пайдалану сипаттамалары

2. Станса жұмысын жоспарлау және жедел басқару

2.1Поезд ақпараттарын және тасымалдау құжаттарын өңдеудің станциялы технологиялық орталығының жұмысын ұйымдастыру

3 Арыс сұрыптау станцияларындағы жергілікті жұмыстың сипаттамасы

3.1 Стансадағы еңбекті қорғау мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

3.2Дербес тапсырманың есебі.

3.3Стансадағы маневр диспетчерінің міндеттері

4. Қорытынды

5. Пайдаланылған әдебиеттер

1 Арыс сұрыптау станциясының және оның кіріс

жолдарының техникалық –пайдалану сипаттамалары

Арыс станциясы жұмыс сипаттамасы бойынша Ташкент, Түркістан, Шымкент жақтан келетін, вагон айналымды өңдейтін, кластан тыс екі жақты сұрыптау станциясы болып табылады.Арыс станциясында жалпы 106 жол бар.

Тақ бағытта:

Арыс -1-Акдала-екі жолды,әр жол бойынша екіжақты автоблокировкамен жабдықталған.I-Басты жол тақ пойыздар үшін дұрыс болып табылады.II-басты жол жұп пойыздар үшін дұрыс болып табылады.

Жұп бағытта:

Арыс-I-Талдыкудук- екі жолды.Әр жол бойынша бір жақты автобликировкамен жабдықталған.I-басты жол тақ пойыздарға арналған,ал II-басты жол жұп пойыздарға арналған.

Арыс-I-Арыс-II-жүк пойыздарының қозғалысына арналған ,екі жақты автоблокировкамен жабдықталған, екі жолды.

Арыс-I-Арыс-II-жүк және жолаушы пойыздарының қозғалысына арналған екі жақты автоблокировкамен жабдықталған, бір жолды.

Жол торабы келесілерден тұрады:

  1. Тақ сұрыптау жүйесі:

5-жолдан және екі басты жолдан тұратын «А» қабылдау паркі;

-14 –жолдан тұратын «В» қабылдау –жөнелту паркі;

-3-жолдан тұратын сұрыптау паркіне параллель орналасқан «Б» қабылдау-жөнелту паркі;

-9-жолдан және екі басты жол және бір бос жолдан тұратын «Г» жөнелту паркі.

II. Жұп сұрыптау жүйесі:

-8-жолдан және бір бос жолдан тұратын «Д» қабылдау паркі;

-18- жолдан және бір бос жолдан тұратын «Е» сұрыптау паркі;

-7-жолдан және бір тарту және бос жолдан тұратын «Ж» жөнелту паркі.

III. Жұп және тақ сұрыптау жүйелері үшін 8-жолдан тұратын бір «С» сұрыптау паркі бар.

IV.Станцияда пойыздарды бөлшектеп-құрастыру үшін екі дөңес бар:

Станцияға жанастырылған кіріс жолдар: «Торнадо» ЖШС, «Теміржол су» ЖШС, «Арыс шпал зауыты»ЖШС, МТС Арыс базасы ,« Сарыбасова А» ЖК ПЧ-54, «ТЭК» Алматы ЖШС, «Қоңырат» ЖШС,ЖК «Бауыржан», «Жеті қазына» ЖШС, МП Қабылсай, «Арыс отын» ЖШС, «Алтын құм» ЖШС.

Станцияның негізгі жұмысына вагондарды сұрыптау;өңдеусіз пойыздарды өткізу операцияларын орындау;вагондарды техникалық және коммериялық тексеру, оларды жөндеу жатады. Сонымен бірге станцияда локомотивті бригадаларды ауыстыру, жүктерді сұрыптау, вагондарды тиеу-түсіру, кіріс жолдарына қызмет көрсету, изотермиялық және рефрижераторлы вагондарға қызмет көрсету, жолаушы пойыздарының рейсін дайындау іске асырылады.

Жұмыс көлеміне және жол желісінің белгісіне байланысты Арыс сұрыптау станциясы тәулігіне 3 мыңнан жоғары вагон өңдейтін-негізгі 1,5-3 мың вагонға дейінгі-аудандық және көмекші болып бөлінеді. Сұрыптау қондырғыларының түріне байланысты дөңесті және дөңессіз станциялар болады. Бірінші түрдегі станцияда үлкен, орта, кіші қуатты дөңестерде пойыздарды бөлшектеп-құрастырады, екіншісінде-жартылай дөңестерде. Станцияның сұрыптау жинағының санына байланысты қабылдау, сұрыптау, жөнелту паркі кезекпен орналасқан бір жақты және екі жақты болады .

Арыс сұрыптау станциясының өндірістік әрекеті кез келген пойыздарды бөлшектеу, жаңа белгідегі құрамдарды жинау, пойыздарды құрастыру және жіберу, сондай-ақ транзиттік пойыздарға өңдеусіз қызмет көрсету болып табылады. Сұрыптау станциясында жергілікті вагондармен жұмыс көлемі әдетте үлкен емес. Құрамы жиі өзгеретін пойыздар немесе транзитті пойыздардың меншікті салмағы сұрыптау станциясының жалпы пойыз ағымында аз.

Бұл станцияның жол торабы және техникалық жабдықталуы транзитті пойыздардың және вагондардың үлкен санын өңдеуді қамтамасыз ету керек. Өңделетін вагондар қабылдау жолына түседі, онда техникалық және коммерциялық ақаулықтарын анықтау үшін тексереді, бөлшектеуге дайындайды, одан соң сұрыптау дөңестерінде сұрыптайды. Операция орындалғанан кейін сұрыптау жолдарында жіберу жолына шығаратын жаңа құрамды құрастырады. Мұнда техникалық қызмет көрсету пунктінің жұмысшылары вагондардың ақаулығын тексереді. Құрамға локомотивті тіркегеннен кейін, пойыз станциядан жөнелтіледі.