Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ Методические указания по выполнению дипломной работы. КАЗ..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
232.96 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

I Жалпы ережелер..............................................................................

II Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кезеңдері ..................

2.1 Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыптары ..…..

2.2 Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) ғылыми

жетекшілерін тағайындау .................................................................

2.3. Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырма …………………

2.4 Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымы ………………

III Дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеуге қойылатын талаптар ………

IV Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі ……

V Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі ……………

VI Қосымшалар .………………………………………………

I. Жалпы ережелер

1.1. Бұл дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың мақсаты ҚР БҒМ 2009ж. 31 шілдесіндегі № 366 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖБС 5.03.016-2009 сәйкес Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да дипломдық жұмыстарға (жобаларға) қойылатын жалпы талаптарды бекіту болып табылады.

1.2. Дипломдық жұмыс (жоба) мамандықтың оқу жоспарына сәйкес оқудың қорытынды кезеңіде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.

1.3. Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты:

- студенттердің оқу барысында алған теориялық және тәжірибелік, кәсіби білімдерін жүйелеу, бекіту және кеңейту;

- дербес ғылыми зерттеу және нақты сұрақтар мен мәселелерді әзірлеу және зерттеу кезінде тәжірибе жасау әдістемесін игеру;

- студенттің дайындық, оның заманауи экономика, ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында өз бетінше жұмыс істеуіне көмектесетін тәжірибелік дағдыларды, кәсіби құзырлықты меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмыс (жоба) тиісті ғылым салалары нақты мамандықтарының маңызды сұрақтары мен мәселелерін дербес зерттеу нәтижелерін жинақтауы керек.

1.5. Дипломдық жұмыс (жоба) келесі талаптардың біріне жауап беруі тиіс:

- ғалымдар, сарапшылар, тәжірибелік мамандар, инженерлер, экономистер, инженер-құрастырушылар жүргізген зерттеулер мен жобалық шешімдердің нәтижелерін зерттеу және жинақтау;

- зерттелетін нысан бойынша ғылыми-негізделген теориялық қорытындылар мен ұсыныстардың болуы;

- нақты міндеттерді, сұрақтар мен мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-негізделген нәтижелер болуы керек.

1.6. Осы мақсаттарға жету үшін бітіруші студент келесі міндеттер шеңберін шешуі қажет:

- таңдалған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеуі керек;

- қажетті мәліметтерді жинау жолымен зерттеу нысанының (пәнінің) күйіне талдау жасау;

- зерттеу барысында алынған нәтижелерді жинақтау негізінде нақты қорытындылары мен ұсыныстар жасау;

- алынған нәтижелерді жинақтау негізінде зерттеу нысандарының қызметін жетілдіру жолдарын немесе нақты мәселелерді, сұрақтар мен міндеттерді шешу жолдарын ұсыну.

1.7. Дипломдық жұмыста (жобада) жүргізілген барлық мәліметтердің нақтылығы мен әділдігіне, қабылданған шешімдерге дипломдық жұмыстың (жобаның) авторы ретінде студент жауап береді.

II. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кезеңдері

2.1. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбына қойылатын талаптар

2.1.1. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбын мамандарды даярлаудың бейініне, мамандыққа сәйкес шығарушы кафедра әзірлейді, тақырыптар факультет Кеңесінде қарастырылады және ректордың бұйрығымен бекітіледі.

2.1.2. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыбы экономика, ғылым, техника мен мәдениет дамуының жағдайы мен келешегіне сәйкес келуі керек және бүгінгі күнгі өндірістің, білім, ғылымның және мәдениеттің шынайы міндеттері мен мәселелері ескерлуі қажет.

2.1.3. Дипломдық жұмыстардың тақырыптарындағы тақырыптардың жалпы тізімі түлектер санынан 2-3 есеге көп болуы қажет және жыл сайын 30%-дан кем емесі жаңартылып отыруы қажет.

2.1.4. Студент кафедра меңгерушісінің атына жазылған жеке өтініш негізінде бекітілген тақырыптардан дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын таңдайды. Өтінішінде бітіруші студент оған дипломдық жұмысты жазу үшін нақты бір тақырыпты бекіту өтінішімен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы қатарынан нақты бір оқытушыны ғылыми жетекші етіп тағайындауды да сұрай алады. Студент өтінішінің үлгісі 1 қосымшада келтірілген.

2.1.5. Студент зерттеу үшін бекітілген тақырыптар арасында жоқ өз тақырыбын ұсына алады. Бұл үшін ол өзінің ғылыми және тәжірибелік мүдделеріне сүйене отырып, өз шешімін жазбаша түрде негіздеуі қажет.

2.1.6. Сырттай (қашықтықтан) оқу бөлімінде білім алатын студент дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын өндірістік қажеттілікке немесе өзінің тәжірибелік қызметі бейініне сәйкес таңдай немесе ұсына алады.

2.1.7. Студенттер мүдделі шаруашылық субъектілерінің жазбаша тапсырыстары (келісімшарт) бойынша тақырыптарға дипломдық жұмыстарды (жобаларды) орындай алады.

2.1.8. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы студентке ағымдағы оқу жылының бітіру курсының басында белгіленеді және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

2.1.9. Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын қажет болған жағдайда диплом алдындағы іс-тәжірибеден өту аяқталған соң шығарушы кафедра меңгерушісінің дәлелді ұсынысы негізінде өзгертуге, нақтылауға және түзетуге болады.

2.2. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) ғылыми жетекшілерін тағайындау

2.2.1. Ғылыми жетекшілер ретінде профессорлар, доценттер, ғылыми дәрежесі бар анағұрлым тәжірибелі оқытушылар және аталмыш жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар қызметі мен ғылыми басылымдары маманды дайындау бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері тағайындалады.

2.2.2. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі міндетті:

- дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін тапсырма беруге;

- дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуының барлық кезеңдері көрсетілген барлық кезеңге дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуының күнтізбелік кестесін әзірлеуге;

- бастапқы мәліметтер көздерін және қажетті негізгі әдебиеттерді, соның ішінде монографияларды, заңнамалық-нормативтік актілерді, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, мерзімді ғылыми басылымдардан мақалаларды, нұсқаулықтар, ережелер, дәрістік курстар, журналдар, дипломдық жұмыс (жоба) тиісті арнайы әдебиетті терең меңгеру негізінде орындалуы қажет болғандықтан, оның ішінде шетел тілдеріндегі журналдарды ұсынуға;

- студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың күнтізбелік кестесін сақтауы үшін ағымдық бақылауды жүзеге асыруға;

- белгіленген уақытта дипломдық жұмыстың көлемі мен бөлімдері бойынша консультациялар өткізуге.

2.2.3. Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз етуге, студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындауы туралы мерзімдік есептерінің мерзімін бекітуге және ғылыми жетекшімен бірігіп дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық деңгейі туралы аралық есепті қабылдауға міндетті.

Шығарушы кафедра студенттерінің дипломдық жұмыстарының (жобаларының) дайындығы туралы ақпарат факультет деканына беріледі. Студент дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырмаға сәйкес дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық деңгейі туралы үш есепті ұсынуы қажет:

біріншісі - оқу үдерісінің кетесіне сәйкес іс-тәжірибеге кетекнге дейінгі I тарауының орындалуы туралы аралық есеп;

екіншісі – оқу үдерісінің кестесіне сәйкес іс-тәжірибе аяқталған соң II және III тараулардың орындалуы туралы аралық есеп;

үшінші есеп оқу үдерісінің кестесіне сәйкес МАК жұмысы басталғанға дейін бір ай бұрын – алдын ала қорғау алдында дипломдық жұмыстың (жобаның) аяқталуы туралы.

Дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалу кестесін сақтамаған және дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық деңгейі туралы есеп берілмеген жағдайда ғылыми жетекші шара қолдану үшін кафедра меңгерушісіне жазбаша түрде ақпарат береді.