- •Оқулық авторлары туралы
- •І. Жалпы бөлім қазақстандағы балалар хирургиясының даму тарихы
- •Балалар жасындағы хирургияның ерекшеліктері
- •Балалар хирургиясының деонтологиясы
- •Іі. Торокальдық хирургия кеуде қуысы ағзаларының іштен туа біткен ақаулары және ауруларының семиотикасы мен тексеру әдістері
- •Тыныс алу мүшелерін тексеру
- •Инструменталдық әдістер
- •Функциялық әдістер
- •Қандағы оттегін анықтау әдістері
- •Көкірек қуысының даму ақаулары
- •Өкпенің даму ақаулары және хирургиялық аурулары
- •Трахея және бронхтардың туа біткен және жүре пайда болған стеноздары
- •Бронхоэктазия
- •Өкпенің жедел бактериальдық деструкциясы
- •Көкірек қуысының жарақаты
- •Өңештің даму ақаулары мен аурулары
- •Көкет жарықтары
- •Ііі. Абдоминальдық хирургия Құрсақ қуысының жедел хирургиялық ауруларының семиотикасы және тексеру жүргізу әдістері
- •Құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының ақаулары
- •Пилоростеноз
- •Нәрестелердегi туа пайда болған iшек өтiмсiздiгi
- •Туа пайда болған өтiмсiздiгiнiң әртүрлi түрiне арналған салыстырмалы диагностикалық кесте
- •Жүре пайда болған ішек өтімсіздігі
- •Ас қорыту жолдарының қосарлануы және құрсақ қуысындағы киста тәрізді түзілістері
- •Проктологиялық науқастарды зерттеу әдістері
- •Балалардағы мегаколон. Гиршпрунг ауруы
- •Мен хирургиялық аурулары
- •Асқазан-ішек жолдарынан қан кету
- •Портальдық гипертензия
- •Көкбауыр аурулары
- •Бауыр эхинококкозы
- •Асқазан мен асқазан асты бездің аурулары
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары
- •Құрсақ қуысы ағзаларының жарақаттары
- •Құрсақ қуысының қуысты ағзаларының жарақаттары.
- •Урология урологиялық науқастарды тексеру және қосымша зерттеу әдістері
- •Несеп-жыныс жүйесінің жоғарғы бөлімінің даму ақаулары
- •Зәр шығару-жыныс жолдарының жоғарғы бөлімінің даму ақаулары мен аурулары.
- •Гидронефроз
- •Несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлімінің даму ақаулары мен аурулары
- •Сыртқы жыныс ағзаларының даму ақаулары мен аурулары
- •Аталық бездің аурулары
- •Шап жарығы
- •Зәр шығару жолдарының жедел және созылмалы қабынуы
- •Зәр шығару және жыныс мүшелерінің жарақаттары
- •Іріңді хирургия іріңді-қабыну инфекциясының ерекшеліктері және науқастарды тексеру әдістері
- •Жұмсақ тіндердің іріңді қабыну аурулары
- •Сүйектердің қабыну аурулары
- •Жедел аппендицит
- •Жедел аппендициттің жас балалардағы ерекшеліктері
- •Жаңа туған нәрестелер мен омыраудағы балалардағы жедел аппендицит
- •Перитониттер
- •Парапроктит ауруы
- •Ойық жаралы некрозды энтероколит
- •Хирургиялық сепсис
- •Құрсақ қуысындағы іріңдіктер
- •Паранефрит
- •Медиастинум ағзаларының қабынуы
- •Іріңді – қабыну аурулардың иммундық терапиясы
- •Детоксикацияның қазіргі заманғы түрлері
- •VI. Балалар травматологиясы және ортопедиясы травматология
- •Балалардағы сүйек сынықтары мен шығуларының ерекшеліктері
- •Бала жасына сай сүйек сынуы кезіндегі иммобилизацияның мөлшерлі мерзімі (тәулікпен)
- •Қол сүйектерінің сынықтары
- •Қол сүйектерінің шығуы
- •Аяқ сүйектерінің сынықтары
- •Омыртқа және жамбас сүйектерінің сынықтары
- •Патологиялық сынықтар
- •Тума жарақаттар
- •Күйіктер мен үсулер
- •Жұмсақ тіндердің зақымдалуы
- •Соғылулар
- •Жаралар
- •Ортопедия сан сүйегінің ұршық басының туа біткен шығуы
- •Туа біткен қисық мойын
- •Іштен туа біткен қотан аяқ (маймақтық)
- •VII. Онкология
- •Жұмсақ тіндердің қатерсіз ісіктері
- •VIII. Балалар реанимациясы
- •Бала реанимациясы және қарқынды емі
- •Жедел ағымды тыныс тапшылығы
- •Жүрек қызметі-қан айналымының жетіспеушілігі
- •Коллапс
- •Жедел ағымды бүйрек жетіспеушілігі
- •Кома жағдайын қарқынды емдеу
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •050002, Алматы қаласы, ш. Валиханов көшесі, 48 үй
- •0 71400 Г. Семей, ул. Шугаева, 4.
VII. Онкология
Онкология туралы жалпы түсінік
Ағзадағы әр түрлі орналасымдағы белгілі бір тіндердің шамадан тыс өсуін ісік деп атайды. Ісік ауру ретінде өзіне тән қасиеттерімен әр науқастың ерекшелігіне және ісіктің себебіне байланысты пайда болады. Барлық ісіктер соған байланысты екі түрге бөлінеді; қатерлі және қатерсіз ісіктер.
Қатерсіз ісіктер атында көрсетілгендей жақсы болжамды ағыммен өтеді. Қатерсіз ісіктер даму барысында өзін қоршаған тіндерді қысып ығыстырады, көбінде олардың капсуласы болады, сонымен қатар метастаз бермейді, радикальды операциядан кейін рецидив бермейді, яғни қайталанбайды. Бұл ісіктерді гистологиялық тексеру кезінде өзгеріске ұшыраған жасушалардан табылады. Егер қатерсіз ісік өмірге аса қажет ағзада орналасса, онда науқастың денсаулығына, немесе өміріне қауіп тудыратын жағдайлар да сирек емес. Кей кезде эпителиальды клеткадан тұратын қатерсіз ісік қатерлі ісікке айналуы мүмкін.
Ісікке дер кезінде дұрыс диагноз қою үшін төмендегі тексерулерді жүргізу қажет:
функциялық және зертханалық тексерулер:
сыртқы дем алу жағдайын бағалау (қалыпты жағдайда, күш түсіретін жүктеме кезінде, еріндерінің, терісінің түсі); көкірек қуысының және медиастинумның ісіктерінде өкпенің ісікпен немесе кистамен қысылуынан ентігу түрінде дем алудың бұзылуы, минуттық дем алыс көлемінің ұлғаюы анықталады.
жүректің функциялық жағдайы (тахикардия, экстрасистолия; алдыңғы және артқы медиастинумда орналасқан үлкен көлемді ісіктерде жүректің электрлік осінің солға ығысуы болады
зәрдегі катехоламиндердің белсенділігін анықтау; симпатикалық жүйке жүйесінің ісіктерінде катехоламиннің экскрециясы артады, бұл белгі жетілмеген ісіктерге тән
рентгенологиялық тексерулер – ісіктердің көлемін, орналасуын және сипатын анықтау үшін
жалпы шолу рентгенографиясы және рентгеноскопиясы
суперэкспонизациялық рентгенография
өңешті, асқазанды, ішекті контрастық тексеру
томография
пневмомедиастинография
жасанды пневмоторакс
ангиокардиография
бронхография, ирригография, урография, цистография
компьютерная томография
магниттік резонанс.
Егер жалпы рентгенография патологиялық құрылымның көлемі және қоршаған тіндер жайлы жалпы мағлұмат берсе, томография оның қатар-қатар қабаттары бойынша суретін береді. Ең бағалы мәліметтерді компьютерлік томография береді. Ол ісіктің құрылымын, басқа тіндермен және ағзалармен байланысын, құрылымдағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
3) арнайы тексеру әдістері:
жүйке жүйесінің ісігіне күдіктенгенде сүйек қуысының пункциясы жақсы мағлұмат болады. Миелограмманы тексеруді жетілмеген ісіктерде және жүйелік ауруларда тағайындайды. Стернальдық пункция жалпы наркозбен төстің Кассирский инесімен 0,5-1 см тереңдікке енгізіліп жасалады, ал кішкентай балаларда (5 жасқа дейін) мықын сүйектің «қанатын» пункциялайды. Қан құрғақ шприцке 0,2-0,3 мл көлемде алынып, жағынды жасалады.
биопсия – эксцизиондық биопсияда лимфа түйіндерінің капсуласы зақымданусыз алынады.
4) эндоскопиялық тексеру әдістері:
бронхография
бронхоскопия
эзофагоскопия
урография
цистоскопия
цистография және басқалар.
