- •Оқулық авторлары туралы
- •І. Жалпы бөлім қазақстандағы балалар хирургиясының даму тарихы
- •Балалар жасындағы хирургияның ерекшеліктері
- •Балалар хирургиясының деонтологиясы
- •Іі. Торокальдық хирургия кеуде қуысы ағзаларының іштен туа біткен ақаулары және ауруларының семиотикасы мен тексеру әдістері
- •Тыныс алу мүшелерін тексеру
- •Инструменталдық әдістер
- •Функциялық әдістер
- •Қандағы оттегін анықтау әдістері
- •Көкірек қуысының даму ақаулары
- •Өкпенің даму ақаулары және хирургиялық аурулары
- •Трахея және бронхтардың туа біткен және жүре пайда болған стеноздары
- •Бронхоэктазия
- •Өкпенің жедел бактериальдық деструкциясы
- •Көкірек қуысының жарақаты
- •Өңештің даму ақаулары мен аурулары
- •Көкет жарықтары
- •Ііі. Абдоминальдық хирургия Құрсақ қуысының жедел хирургиялық ауруларының семиотикасы және тексеру жүргізу әдістері
- •Құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының ақаулары
- •Пилоростеноз
- •Нәрестелердегi туа пайда болған iшек өтiмсiздiгi
- •Туа пайда болған өтiмсiздiгiнiң әртүрлi түрiне арналған салыстырмалы диагностикалық кесте
- •Жүре пайда болған ішек өтімсіздігі
- •Ас қорыту жолдарының қосарлануы және құрсақ қуысындағы киста тәрізді түзілістері
- •Проктологиялық науқастарды зерттеу әдістері
- •Балалардағы мегаколон. Гиршпрунг ауруы
- •Мен хирургиялық аурулары
- •Асқазан-ішек жолдарынан қан кету
- •Портальдық гипертензия
- •Көкбауыр аурулары
- •Бауыр эхинококкозы
- •Асқазан мен асқазан асты бездің аурулары
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары
- •Құрсақ қуысы ағзаларының жарақаттары
- •Құрсақ қуысының қуысты ағзаларының жарақаттары.
- •Урология урологиялық науқастарды тексеру және қосымша зерттеу әдістері
- •Несеп-жыныс жүйесінің жоғарғы бөлімінің даму ақаулары
- •Зәр шығару-жыныс жолдарының жоғарғы бөлімінің даму ақаулары мен аурулары.
- •Гидронефроз
- •Несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлімінің даму ақаулары мен аурулары
- •Сыртқы жыныс ағзаларының даму ақаулары мен аурулары
- •Аталық бездің аурулары
- •Шап жарығы
- •Зәр шығару жолдарының жедел және созылмалы қабынуы
- •Зәр шығару және жыныс мүшелерінің жарақаттары
- •Іріңді хирургия іріңді-қабыну инфекциясының ерекшеліктері және науқастарды тексеру әдістері
- •Жұмсақ тіндердің іріңді қабыну аурулары
- •Сүйектердің қабыну аурулары
- •Жедел аппендицит
- •Жедел аппендициттің жас балалардағы ерекшеліктері
- •Жаңа туған нәрестелер мен омыраудағы балалардағы жедел аппендицит
- •Перитониттер
- •Парапроктит ауруы
- •Ойық жаралы некрозды энтероколит
- •Хирургиялық сепсис
- •Құрсақ қуысындағы іріңдіктер
- •Паранефрит
- •Медиастинум ағзаларының қабынуы
- •Іріңді – қабыну аурулардың иммундық терапиясы
- •Детоксикацияның қазіргі заманғы түрлері
- •VI. Балалар травматологиясы және ортопедиясы травматология
- •Балалардағы сүйек сынықтары мен шығуларының ерекшеліктері
- •Бала жасына сай сүйек сынуы кезіндегі иммобилизацияның мөлшерлі мерзімі (тәулікпен)
- •Қол сүйектерінің сынықтары
- •Қол сүйектерінің шығуы
- •Аяқ сүйектерінің сынықтары
- •Омыртқа және жамбас сүйектерінің сынықтары
- •Патологиялық сынықтар
- •Тума жарақаттар
- •Күйіктер мен үсулер
- •Жұмсақ тіндердің зақымдалуы
- •Соғылулар
- •Жаралар
- •Ортопедия сан сүйегінің ұршық басының туа біткен шығуы
- •Туа біткен қисық мойын
- •Іштен туа біткен қотан аяқ (маймақтық)
- •VII. Онкология
- •Жұмсақ тіндердің қатерсіз ісіктері
- •VIII. Балалар реанимациясы
- •Бала реанимациясы және қарқынды емі
- •Жедел ағымды тыныс тапшылығы
- •Жүрек қызметі-қан айналымының жетіспеушілігі
- •Коллапс
- •Жедел ағымды бүйрек жетіспеушілігі
- •Кома жағдайын қарқынды емдеу
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •050002, Алматы қаласы, ш. Валиханов көшесі, 48 үй
- •0 71400 Г. Семей, ул. Шугаева, 4.
Балалар жасындағы хирургияның ерекшеліктері
Біздің отандас және шетел педиатрларының, физиологтарының, топограф-анатомдарының еңбектерінде балалар мен ересек адамдардың арасыңдағы физиологиялық және анатомиялық өздеріне тән ерекшеліктеріне мән берілген (А.П.Гундобин, АА.Ки-сель, Ф.И.Валькер).
Эмбриогенезді және жан-жануарлардың, адамның перенатальдық, постнатальдық даму заңдылықтарын түсінуде П.К.Анохиннің системогенез деген ғылыми кағидасы үлкен роль атқарады. Белгілі бір функцияны орындау үшін ағзаның әрбір жеке морфологиялык құрылымдары өзіне ғана тән және әр түрлі бағытта дамып жетіледі де (гетерохромдык даму) ағзаға керек уақытында жаңа жағдайларға икемделіп, оның жан сақтап қалуын қамтамасыз етеді.
Адам өмірін, физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, үш кезеңге бөлуге болады: жетілу, толысқан кезең және инволюция. Бірақ жас балаларға тән ерекшеліктер, олардағы ең тез жетілу алғашқы 15 жыл деуге негіз болады. Жоғарыда айтылған жетілу кезеңдері морфологиялық және функциялық өзгерістермен көзге түседі. Балалардың түрлі ағзалары, әрқалай уақытта өсіп жетіледі. Мысалға: өкпе -7 жаста, бүйректер - 9 жаста, ал эндокриндік бездер тіпті өмір бойы өзгеріске ұшырайды. Тіндік, немесе ағзалық жетілмегендік кейбір жағдайларда функцияның бұзылуына әкеліп соғады. Тіннің және ағзаның морфологиялық жетілмеуін уақытша жетілмегендік деп атауға болады, ал мұндай жетілмегендік ағза функциясының бұзылуына себеп. Мұндай бұзылыс бірақта дәл осы жастағы балада болуы тиіс. Осындай өзгерістерді уақытша жетілмегендік белгісі деп атайды. Осыған мынадай мысалдарды келтіруге болады:
1. Гипертермиялық синдром әр түрлі жеңіл-желпі себептердің салдарынан дамиды, оның ауырлығы мен тез дамитындығы оны тудырған себептердің күрделілігі мен ауырлығына сәйкес келмейді.
Мысалға: жеңіл-желпі операция, электролиттер мен су балансының бұзылуы, инфекциялық үрдіс, баланың жасына сәйкес атропиннің дозасын енгізу, т.б. осылар сияқты күнделікті істелініп жататын емдік шаралар жас нәрестелерде, емшек жасындағы балаларда дене қызуының өте жоғары көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Ал ересек балаларда немесе ересек адамдарда мұндай жағдайларда дене қызуының көтерілу мөлшері осыны тудырып отырған себептердің күрделілігіне сай болады.
Тыныс алу жүйесі орталығының сылбырлығынан, жаңа туған нәрестелерде, әсіресе шала туған нәрестелерде, тыныс алу жиілігі бұзылады. Мысалға: аздаған ғана түкіріктің, немесе сүттің тыныс жолдарына түсуі тыныс алуды кенеттен тоқтатуы мүмкін /В.В. Гаврюшов, 1962/. Баланың жасы есейген сайын тыныс алудың бұзылуы сирек кезігеді де, есейгенде мұндай бейімділік мүлде жойылады.
Ас жолдары сфинктерлерінің "бұзылуынан" (дисфункциясы) тағамның жүрмей қалуы мүмкін. Мысалы: кардиальдық сфинктердің ашық болуы (халазия), немесе жабылып қалуы (ахалазия), пилороспазм - асқазанның шыға берісіндегі сфинктердің уақытша жабылып қалуы. Жас нәрестелерде, әсіресе шала туған нәрестелерде, функциялық ішек дискинезиясы болады да, бұл ішек өтімсіздігінің белгілерін еске түсіреді. Мұндай жағдайда оперативтік ем ешқандай көмек жасай алмайды. Ал баланы "жетілдіруге" арналған консервативтік емдер жақсы нәтиже береді (А.И.Ленюшкин, 1965; С.Я.Долецкий, 1984).
Осы сияқты жас нәрестелерде уақытша байқалатын функциялық жетілмегендік туралы көп мысал келтіруге болады. Мұңдай жетілмегендіктер нәресте есейген сайын азая береді. Егер балада әр түрлі асқынулар болмаса немесе өліп қалмаса, көп жағдайларда жоғарыда айтылған жетімсіздіктердің көбі өздігінен жоғалады. Басқаша айтқанда, біраз уақыт өткеннен кейін бұл "бұзылыстар" клиникалық белгі бермейді. Баланың ағзасынде байқалатын осындай өзгерістер, олардың әртүрлі ағзаларының әр түрлі уакытта жетілетіндігін дәлелдейді.
Жоғарыда айтылған, балаларда байқалатын морфологиялық уақытша жетілмегендіктердің клиникалық белгілері көп. Балаларды тексеріп қараған кезде, ең бірінші кезекте оларда іштен туа біткен ақаулар бар не жоқ екеңдігін анықтауға тиіспіз. Көп жағдайларда бұл қиын емес (мысалы өңеш атрезиясы), ал кейде қиынға түседі, мысалы, ішектің туа болған тарылуы /стеноз/. Баланы қарап тексеру кезінде органикалық /хирургиялық/, инфекциялық, соматикалық т.б. ауруларды таба алмасақ, баладағы байқалып түрған бұзылыстар, уақытша морфологиялык жетілмегендіктің салдары деп есептеуге болады. Мұндай жағдайда клиницист жай ғана күтіп отырмайды, ол жаңағы бала ағзасында орын алып отырған морфологиялық уақытша жетілмегендіктерді жоюға арналған жүйелі шараларды қолданып, балада байқалып жатқан тыныс алу бұзылуын, гипертермияны, тері түсінің сарғаюы сияқты т.б. уақытша жетілмегендіктерді жою әрекеттерін жасайды. Бір сөзбен айтқанда, витаминдер, әр түрлі дәрі-дәрмектер, гормондар беріп балада орын алып отырған мүшелердің дисфункциясын түзейтін консервативті емді қолданады.
Балаларда байқалатын әр түрлі бұзылыстардың тағы бір себебі - мүшелердің өсіп-жетілу диспропорциясы немесе өсу дисгармониясы. Клиникалык бақылаулар көрсетіп отырғандай, балалардың түрлі мүшелерінің өсу жылдамдықтары әртүрлі. Соның салдарынан аздаған патологиялық бүзылыстар, тіпті кейде ауыр патологиялық бұзылыстар болуы мүмкін. Міне осындай жағдайда, клиницистке алдында тұрған екі мәселені шешуге тура келеді: балада байқалып отырған бұзылыс жедел дамитын ауру ма, әлде уақытша патологиялық жағдай ма, өйткені осыған байланысты баланы тексеру және емдеу әдістері әртүрлі болады.
Өсу диспропорциялары ішінен ең жиі кездесетін түрлерінен мысал келтірейік: 2-5 жастағы балалардың кәрі жілік сүйегінің басының көлемі мен шеңбер тәріздес қосқыштың диаметрі бір-біріне сай келмегендіктен (сүйек басының көлемі шеңбер тәріздес қосқыштан кіші) сүйектің басы буыннан жартылай шығып тұрады да, орнынан тайып кетуге бейім болады. Кейін, 5 жастан асқан соң (ересек балаларда) бұл қайшылық жоғалған кезде сүйек басының буыннан шығып кету бейімділігі азайады, тіпті мүлде жоғалады.
