- •Оқулық авторлары туралы
- •І. Жалпы бөлім қазақстандағы балалар хирургиясының даму тарихы
- •Балалар жасындағы хирургияның ерекшеліктері
- •Балалар хирургиясының деонтологиясы
- •Іі. Торокальдық хирургия кеуде қуысы ағзаларының іштен туа біткен ақаулары және ауруларының семиотикасы мен тексеру әдістері
- •Тыныс алу мүшелерін тексеру
- •Инструменталдық әдістер
- •Функциялық әдістер
- •Қандағы оттегін анықтау әдістері
- •Көкірек қуысының даму ақаулары
- •Өкпенің даму ақаулары және хирургиялық аурулары
- •Трахея және бронхтардың туа біткен және жүре пайда болған стеноздары
- •Бронхоэктазия
- •Өкпенің жедел бактериальдық деструкциясы
- •Көкірек қуысының жарақаты
- •Өңештің даму ақаулары мен аурулары
- •Көкет жарықтары
- •Ііі. Абдоминальдық хирургия Құрсақ қуысының жедел хирургиялық ауруларының семиотикасы және тексеру жүргізу әдістері
- •Құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының ақаулары
- •Пилоростеноз
- •Нәрестелердегi туа пайда болған iшек өтiмсiздiгi
- •Туа пайда болған өтiмсiздiгiнiң әртүрлi түрiне арналған салыстырмалы диагностикалық кесте
- •Жүре пайда болған ішек өтімсіздігі
- •Ас қорыту жолдарының қосарлануы және құрсақ қуысындағы киста тәрізді түзілістері
- •Проктологиялық науқастарды зерттеу әдістері
- •Балалардағы мегаколон. Гиршпрунг ауруы
- •Мен хирургиялық аурулары
- •Асқазан-ішек жолдарынан қан кету
- •Портальдық гипертензия
- •Көкбауыр аурулары
- •Бауыр эхинококкозы
- •Асқазан мен асқазан асты бездің аурулары
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары
- •Құрсақ қуысы ағзаларының жарақаттары
- •Құрсақ қуысының қуысты ағзаларының жарақаттары.
- •Урология урологиялық науқастарды тексеру және қосымша зерттеу әдістері
- •Несеп-жыныс жүйесінің жоғарғы бөлімінің даму ақаулары
- •Зәр шығару-жыныс жолдарының жоғарғы бөлімінің даму ақаулары мен аурулары.
- •Гидронефроз
- •Несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлімінің даму ақаулары мен аурулары
- •Сыртқы жыныс ағзаларының даму ақаулары мен аурулары
- •Аталық бездің аурулары
- •Шап жарығы
- •Зәр шығару жолдарының жедел және созылмалы қабынуы
- •Зәр шығару және жыныс мүшелерінің жарақаттары
- •Іріңді хирургия іріңді-қабыну инфекциясының ерекшеліктері және науқастарды тексеру әдістері
- •Жұмсақ тіндердің іріңді қабыну аурулары
- •Сүйектердің қабыну аурулары
- •Жедел аппендицит
- •Жедел аппендициттің жас балалардағы ерекшеліктері
- •Жаңа туған нәрестелер мен омыраудағы балалардағы жедел аппендицит
- •Перитониттер
- •Парапроктит ауруы
- •Ойық жаралы некрозды энтероколит
- •Хирургиялық сепсис
- •Құрсақ қуысындағы іріңдіктер
- •Паранефрит
- •Медиастинум ағзаларының қабынуы
- •Іріңді – қабыну аурулардың иммундық терапиясы
- •Детоксикацияның қазіргі заманғы түрлері
- •VI. Балалар травматологиясы және ортопедиясы травматология
- •Балалардағы сүйек сынықтары мен шығуларының ерекшеліктері
- •Бала жасына сай сүйек сынуы кезіндегі иммобилизацияның мөлшерлі мерзімі (тәулікпен)
- •Қол сүйектерінің сынықтары
- •Қол сүйектерінің шығуы
- •Аяқ сүйектерінің сынықтары
- •Омыртқа және жамбас сүйектерінің сынықтары
- •Патологиялық сынықтар
- •Тума жарақаттар
- •Күйіктер мен үсулер
- •Жұмсақ тіндердің зақымдалуы
- •Соғылулар
- •Жаралар
- •Ортопедия сан сүйегінің ұршық басының туа біткен шығуы
- •Туа біткен қисық мойын
- •Іштен туа біткен қотан аяқ (маймақтық)
- •VII. Онкология
- •Жұмсақ тіндердің қатерсіз ісіктері
- •VIII. Балалар реанимациясы
- •Бала реанимациясы және қарқынды емі
- •Жедел ағымды тыныс тапшылығы
- •Жүрек қызметі-қан айналымының жетіспеушілігі
- •Коллапс
- •Жедел ағымды бүйрек жетіспеушілігі
- •Кома жағдайын қарқынды емдеу
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •050002, Алматы қаласы, ш. Валиханов көшесі, 48 үй
- •0 71400 Г. Семей, ул. Шугаева, 4.
Тыныс алу мүшелерін тексеру
Өкпе ауруларын хирургиялық емдеу, патологиялық үрдістерінің локализациясын, оның таралу дәрежесін, жақын орналасқан мүшелермен байланысын дұрыс анықтауды қажет етеді.
Рентгенологиялық әдіс. Рентгенологиялық зерттеуді қарапайым әдістерден бастап жүргізеді: рентгеноскопия және рентгенография. Бұларды балаларға клиникаға түскен, операцияға дейін және операциядан кейін жүргізеді. Бала кішкентай болған сайын оларға рентгенография тиімді. Рентгенограмманы әдетте екі проекцияда жасайды: тура және бүйірлік. Томографиялық зерттеу патологиялық түзілістің тереңдігін, таралуын анықтайды. Томография, балаларда өкпенің түбіріне жақын орналасқан өкпе ісігін анықтауда маңызды роль атқарады. Компьютерлік томография негізгі топографиялық диагноз қою мүмкіндігін жоғарылатады.
Бронхография – бронх тармақтарын контрасты тексеру.
Көрсеткіштері:
трахеобронхиальдық тармақтың дамуының ақаулары;
өкпенің созылмалы, қайталанбалы қабыну өзгерістері;
ұзаққа созылған ателектаздар;
өкпенің созылмалы абсцесі;
пиопневмоторакстан кейінгі өкпенің ұзақ жаншылуы (2 айдан ұзақ);
пульмонэктомия және өкпенің резекциясынан кейінгі кейбір асқынулар.
Қарсы көрсеткіштер:
өкпеден қан кету;
жүрек-тамыр жетіспеушілігі;
баланың жалпы жағдайының ауырлығы;
дене қызуы;
йодқа идиосинкразия;
жұтқыншақта қабыну үрдісінің болуы (тонзиллит, аденоидтар).
Анестезия және контрастты тексеру жүргізу. Баланың бронх ағашын контрастты тексеру наркозбен жүргізілуі тиіс. Ересек балаларда жергілікті жансыздандыруды қолдануға болады. Интубацияны апноэ фонында Т-тәрізді коллекторы бар түтікшемен жүргізеді. Қақырықты жақсылап сорып алғаннан кейін 50-60 секунд өкпені оттегімен желдетеді, содан кейін апноэ фонында кажетті бронхқа интубациялық түтікше арқылы катетер енгізеді. Бұны рентгендік экранның бақылауымен және рентгендік экрансыз жүргізуге болады. Балалардың сәулеленуін азайту мақсатында рентгеноскопиялық бақылауынсыз бронхография әдісі ойлап табылған. Бұл жағдайда бронхқа интубациялық трубка арқылы енгізілетін катетердің проксимальдық ұшына Ричардсон баллонын жалғайды. Баллонның көмегімен катетер арқылы бронхқа ауа үрлейді. Содан кейін баланы бүйіріне бұрып контрастты затты енгізеді. Контрасттық заттың мөлшерін баланың жасына және бронх ағашының зақымдалу деңгейіне байланысты есептеледі. Әрбір жаққа 3-тен 12 см.куб-қа дейін сульфойодол енгізеді.
Рентгенограмманы бүйірлік, тура проекциясында горизонталды, вертикалды қалпында жасайды, контрасты затты катетерге жалғастырылған электросорғыштың көмегімен сорып алады.
Әдісті бағалау.
Бірқатар ақауларда (өкпенің гипоплазиясы, бронхтардың тарылуында, кеңеюінде, деформациясында) диагнозды тек бронхографияның көмегімен қоюға болады, ал кейбір басқа ақауларда (агенезия, аплазия, киста және т.б.) бронхография қосымша тексеру әдістері болып табылады.
Ерте табылған бронхоэктазиялық өзгерістер консервативтік ем шараларын қолдануға мүмкіндік береді, үрдістің прогрессиялануын болдырмайды.
Ұзақ созылған ателектаз кезінде, тіпті бронхтардың өтімсіздігін емдегеннен кейін де, бронхтардың кеңеюі түріндегі өзгерістер немесе абсцестер қалады. Оларды бронхографиялық тексерулермен анықтауға болады.
Бронхография оперативті көмекке көрсеткішті анықтауда маңызды роль атқаратын, абсцестердің үлкендігі мен локализациясын анықтауға көмектеседі.
Ұзақ, 2 ай бойы пиопнемоторакстан жаншылған өкпе консервативтік әдіспен қалпына келмейді. Бұл жағдайда өкпе декортикациясына көрсеткіш қояды. Алдын ала жүргізілген бронхография өкпенің жаншылған аймағындағы бронх ағашының жағдайын анықтауға көмектеседі. Бұл оперативтік көмектің көлемін анықтауда да маңызды роль атқарады.
Бронхтық жыланкөз болғанда бронхография оның орналасуын (локализациясын), көлемін, басқа қуыстармен байланыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ангиопульмонография. Өкпе тамырларын контрастты тексерудің бұл әдісі, өкпедегі қан айналымының морфологиялық және функциялық жағдайына сипаттама береді.
Жүргізуге көрсеткіштер: өкпенің даму ақаулары, кистозды өкпе, бронхоэктаздық өкпенің анық суретінің болмауы.
Қарсы көрсеткіштер: жалпы жағдайының ауырлығы, жүрек- тамыр жетіспеушілігі, йодқа жоғары сезімталдық.
Тексеру әдістемесі. Тексеруден 1 күн бұрын йодқа сезімталдықка сынақ жүргізеді. Бұл үшін тамыр ішіне 1 мл 70% диодон немесе кардиотраст ерітіндісін енгізеді. Тексеру кезінде, контрастты затты 1 мл ерітіндісін баланың дене салмағына қарай v.saphena magna-ға немесе v. вasilica-ға венесекция жолымен өкпе артериясына зонд арқылы енгізіледі. Контрастты затты енгізген кезде қарапайым немесе автоматтандырылған шприцтер қолданылады. Ангиопульмонография кезінде катетерге физиологиялық ерітінді және гепарин (1000 бірлік 10 мл ерітіндіге) бар система жалғасады.
Асқынулар:
Субэндокардиальды бұлшық еттік жүйеге зондтың енгізілуі кезінде механикалық тітіркендіруге байланысты жүрек ырғағының бұзылуы;
Катетерді енгізгеннен кейінгі венаның спазмы: спазм басталғанда зондты енгізу тоқтатылады; зонд арқылы 5-10 мл 0,25% новокаин ерітіндісін енгізеді;
Зонд жүрек қуысында жүрек қабырғасын және тамырларды зақымдауы мүмкін.
Әдісті бағалау. Ангиопульмонография, бронхоскопиямен бірге, жалғыз өкпе кезінде қауіпті болып саналатын бронхографияның көмегінсіз өкпе агенезиясы диагнозын қоюға мүмкіндік береді. Басқа өкпенің даму ақаулары кезінде (бөліктік эмфизема) ангиопульмоноография өкпе тініндегі ақаулардың локализациясына және сипатына қосымша деректер береді. Бронхоэктазия кезінде ангиопульмонография өкпенің зақымдалған шекараларын нақты анықтайды.
Медиастинография. Контрасттауды газбен жасайды. Ол патологиялық түзілістің орналасуын анықтау үшін жүргізіледі. 3-4 жас аралығындағы балаларға тексеруді наркозбен жүргізеді, ал ересекбалаларда жергілікті анестезиямен жүргізіледі.
Тексеру әдістемесі. Газды енгізудің тура және тура емес жолдары бар. Біріншісіне: ретроманубриальдық, парастернальдық, паравертебральдық, транстрахеальдық; екіншісіне – пресакральдық, ретрокифондальдық әдістер жатады.
Ретроманубриальдық әдіс қауіпсіз әдіс болып табылады. Баланы трахеотомия кезіндегідей қалыпта жатқызады. Инені төстің артқы беткейіне параллель ретроманубриальдық кеңістікке енгізеді. Иненің алдында новокаинді инфильтрат тудырады. Ірі тамырлардан пульсация пайда болғанын сезгеннен кейін инені енгізуді тоқтатады. Шприцтің поршенін тартып, инеден ауа және қанның жоқтығына көз жеткізу керек, содан кейін пневмоторакстік аппарат жүйесі арқылы газды енгізеді. 5 жасқа дейінгі балаларға 300 мл газ; 5-10 жас – 400 мл дейін; 10 жастан жоғары – 500 мл дейін енгізеді. Дұрыс енгізген кезде осы аймақтың үстінен перкуссияда анықталатын тұйықтық тимпаникалық дыбысқа ауысады. Дұрыс енгізбеген кезде төс үстінен тұйықтық сақталады.
Асқынуы. Тері асты эмфиземасы, пневмоторакс.
Әдісті бағалау. Пневмомедиастинография түзілістің локализациясын анықтауда көмектеседі.
