- •Оқулық авторлары туралы
- •І. Жалпы бөлім қазақстандағы балалар хирургиясының даму тарихы
- •Балалар жасындағы хирургияның ерекшеліктері
- •Балалар хирургиясының деонтологиясы
- •Іі. Торокальдық хирургия кеуде қуысы ағзаларының іштен туа біткен ақаулары және ауруларының семиотикасы мен тексеру әдістері
- •Тыныс алу мүшелерін тексеру
- •Инструменталдық әдістер
- •Функциялық әдістер
- •Қандағы оттегін анықтау әдістері
- •Көкірек қуысының даму ақаулары
- •Өкпенің даму ақаулары және хирургиялық аурулары
- •Трахея және бронхтардың туа біткен және жүре пайда болған стеноздары
- •Бронхоэктазия
- •Өкпенің жедел бактериальдық деструкциясы
- •Көкірек қуысының жарақаты
- •Өңештің даму ақаулары мен аурулары
- •Көкет жарықтары
- •Ііі. Абдоминальдық хирургия Құрсақ қуысының жедел хирургиялық ауруларының семиотикасы және тексеру жүргізу әдістері
- •Құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының ақаулары
- •Пилоростеноз
- •Нәрестелердегi туа пайда болған iшек өтiмсiздiгi
- •Туа пайда болған өтiмсiздiгiнiң әртүрлi түрiне арналған салыстырмалы диагностикалық кесте
- •Жүре пайда болған ішек өтімсіздігі
- •Ас қорыту жолдарының қосарлануы және құрсақ қуысындағы киста тәрізді түзілістері
- •Проктологиялық науқастарды зерттеу әдістері
- •Балалардағы мегаколон. Гиршпрунг ауруы
- •Мен хирургиялық аурулары
- •Асқазан-ішек жолдарынан қан кету
- •Портальдық гипертензия
- •Көкбауыр аурулары
- •Бауыр эхинококкозы
- •Асқазан мен асқазан асты бездің аурулары
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары
- •Құрсақ қуысы ағзаларының жарақаттары
- •Құрсақ қуысының қуысты ағзаларының жарақаттары.
- •Урология урологиялық науқастарды тексеру және қосымша зерттеу әдістері
- •Несеп-жыныс жүйесінің жоғарғы бөлімінің даму ақаулары
- •Зәр шығару-жыныс жолдарының жоғарғы бөлімінің даму ақаулары мен аурулары.
- •Гидронефроз
- •Несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлімінің даму ақаулары мен аурулары
- •Сыртқы жыныс ағзаларының даму ақаулары мен аурулары
- •Аталық бездің аурулары
- •Шап жарығы
- •Зәр шығару жолдарының жедел және созылмалы қабынуы
- •Зәр шығару және жыныс мүшелерінің жарақаттары
- •Іріңді хирургия іріңді-қабыну инфекциясының ерекшеліктері және науқастарды тексеру әдістері
- •Жұмсақ тіндердің іріңді қабыну аурулары
- •Сүйектердің қабыну аурулары
- •Жедел аппендицит
- •Жедел аппендициттің жас балалардағы ерекшеліктері
- •Жаңа туған нәрестелер мен омыраудағы балалардағы жедел аппендицит
- •Перитониттер
- •Парапроктит ауруы
- •Ойық жаралы некрозды энтероколит
- •Хирургиялық сепсис
- •Құрсақ қуысындағы іріңдіктер
- •Паранефрит
- •Медиастинум ағзаларының қабынуы
- •Іріңді – қабыну аурулардың иммундық терапиясы
- •Детоксикацияның қазіргі заманғы түрлері
- •VI. Балалар травматологиясы және ортопедиясы травматология
- •Балалардағы сүйек сынықтары мен шығуларының ерекшеліктері
- •Бала жасына сай сүйек сынуы кезіндегі иммобилизацияның мөлшерлі мерзімі (тәулікпен)
- •Қол сүйектерінің сынықтары
- •Қол сүйектерінің шығуы
- •Аяқ сүйектерінің сынықтары
- •Омыртқа және жамбас сүйектерінің сынықтары
- •Патологиялық сынықтар
- •Тума жарақаттар
- •Күйіктер мен үсулер
- •Жұмсақ тіндердің зақымдалуы
- •Соғылулар
- •Жаралар
- •Ортопедия сан сүйегінің ұршық басының туа біткен шығуы
- •Туа біткен қисық мойын
- •Іштен туа біткен қотан аяқ (маймақтық)
- •VII. Онкология
- •Жұмсақ тіндердің қатерсіз ісіктері
- •VIII. Балалар реанимациясы
- •Бала реанимациясы және қарқынды емі
- •Жедел ағымды тыныс тапшылығы
- •Жүрек қызметі-қан айналымының жетіспеушілігі
- •Коллапс
- •Жедел ағымды бүйрек жетіспеушілігі
- •Кома жағдайын қарқынды емдеу
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •050002, Алматы қаласы, ш. Валиханов көшесі, 48 үй
- •0 71400 Г. Семей, ул. Шугаева, 4.
Трахея және бронхтардың туа біткен және жүре пайда болған стеноздары
Трахея және бронхтардың туа біткен және жүре пайда болған стеноздары өте сирек кездеседі. Тудырған себептеріне байланысты трахея және бронхтардың өзіндік стенозын және тыныс жолдарының қысылуына байланысты дамыған стеноздар (компрессиялық) болып бөлінеді.
Ақаудың клиникалық көріністері трахея диаметрінің 50% және одан жоғары бөлігінің бітелуі кезінде байқалады. Трахео-бронхиалдық өтімдіктің бұзылуының клиникасы барлық жағдайда стридороздық тыныс, өкпенің эмфиземасы немесе гиповентиляциясы, обструкция болған жерде трахеобронхиттің дамуымен көрініс береді. Жиі кездесетін стеноздардың себептері
ІІ .1 кестеде көрсетілген.
ІІ .1 кесте
Трахея және бронхтардың стенозын тудыратын себептер
Туа біткен тарылу |
Жүре пайда болған тарылу |
||
Компрессиялық стеноз |
Трахея және бронхтардың өзіндік стенозы |
Компрессия-лық стеноз |
Трахея және бронхтардың өзіндік стенозы |
Аорта және ме-диастинум тамыр ларының даму ақаулары (тамыр лық сақина)
Өкпе артерия сының ілмегі
Бронхогендік киста |
Толық шеміршек сақина |
Ісікпен басылу |
Трахеостомия
Бөгде денелер
Тыныс жолдары ның күйігі
Трахея және бронх-тардың жарақаттық жыртылуы |
Трахеяның және бронхтардың туа біткен стенозы. Жиірек трахея және өңешті орайтын аортаның трахеяны қысатын стеноздар кездеседі. Бұл трахеяның өңешпен бірге қысылуы байқалатын жалғыз тарылу. Аталған белгі, бұл стенозды басқа стеноздардан қарапайым өңештің бүйірлік контрастты рентгенограммада ажыратады. Бұл жағдайда өңештің артқы қабырғасында, аортаның бір бағанының қысылуы анықталады. Бронхоскопия кезінде трахеяның ортаңғы үштен бір бөлігінің алдыңғы қабырғасында қысылу байқалады. Диагноз аортаның ультрадыбыстық зерттеуі кезінде де анықталуы мүмкін. Күдіктенген жағдайларда аортография жасау керек.
Емі. Емдеу негізгі тамырлық сақинаны тілуге бағытталады. Аталған ақау, аортаның трахеяны көп қысқан жерінде трахеомаляция белгілерімен ерекшеленеді. Сондықтан, операция барлық жағдайда аортаның алдыңғы бағанын төске бекітумен (аортопексия) аяқталуы тиіс. Бұл операциядан кейінгі кезеңде трахеомаляция көріністерін азайтады. Өкпе операциясының ілмегі трахея бифуркациясы аймағындағы стенозбен сипатталады. Аталған ақау трахеяның қысылған жерінің толық шеміршектік сақина немесе гипоплазиямен жиі қосарланады.
Бронхогендік киста трахея және өңештің арасында орналасады. Трахея артынан қысылады. Трахеоскопия кезінде шектелген аймақта трахеяның мембранозды бөлігінің пролапсы анықталуы мүмкін. Ақаудың емі кистаны сылып алуға бағытталған.
Трахеяның өзіндік туа біткен стенозы толық шеміршектің сақинасының болуымен және белгілі аймақта трахеяның мембраноздық бөлігінің болмауымен байланысты. Оны трахеоскопия кезінде анықтауға болады. Трахея ұзындығының 30%-дан аз бөлігін қамтитын стеноз кезінде, тарылған бөліктің резекциясын тура анастомоз салумен жасауға болады.
Трахея және бронхтардың жүре пайда болған стеноздары. Трахея және бронхтардың жүре пайда болған стеноздарының себептері - трахеостомия және тыныс жолдарында ұзақ уақыт бөгде денелердің тұруы табылады.
Емі. Трахеяның өзіндік стенозының емін бронхоскоп арқылы тыртықты сылып алудан бастаған дұрыс. Нәтиже болмаған жағдайда, трахеяның резекциясы, трахеяаралық анастомоз салу көрсетілген. Бронхтардың стенозы кезінде емнің алдында зақымдалған жаққа бронхоскопия жасау керек. Обструкция орнында бронхоэктазия дамыған жағдайда стенозды жою өкпенің зақымдалған бөлігінің резекциясымен бірге жүруі керек. Бронхтардың жыртылуынан кейін дамыған стеноздар кезінде тарылған бөліктің резекциясы, трахеобронхтық анастомоз салу жасалады.
