Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
с.а..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72 Кб
Скачать
☆

Диетаға байланысты кеңестер

• Балалар үшін диетаның есебі:

1 жастағы балаға қажетті энергия 1000-1100 ккал құрайды

Тәуліктік каллоражды есептеуде 1 және 15 жас аралығындағы қыздар үшін және 1 және 10 жас аралығындағы ұлдар үшін келесі формула қолданылады:

Тәуліктік каллораж = 1000 + 100 Х n*

Тәуліктік каллоражды есептеуде 1 және 15 жас аралығындағы ұлдар үшін келесі формула қолданылады:

Тәуліктік каллораж = 1000 + 100 Х n* + 100 Х (n* – 11)

*n болған жерде– жасы

Жалпы тәуліктік энергияны қабылдау келесі түрде реттелуі керек:

50-55%;

майлар 30-35%;

ақуыздар 10-15%.

1 грамм көмірмуды сіңіру есебінен 4 ккал толығады, қажетті көмірсуды есептеу тәулігіне және оларға сәйкес ХЕ бойынша жасалады

Ересектер үшін диетаны есептеу:

Тәуліктік каллораж физикалық белсенділігінің қарқындылығына сәйкес анықталады:

Ересектер үшін тәуліктік каллораж

Еңбек қарқындылығы

• Жеңіл еңбек - ой (ақыл) еңбегімен айналысатын жұмысшылар (педагогтар, тәрбиешілер, дене шынықтыру мұғалімдерінен басқа, ғылыми, әдеби, жазба қызметкерлері);

• - жеңіл қимылмен айналысатын қызметкерлер (автоматтандырылған үдерісте жұмыс жасайтындар, сатушылар, қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер) 25,30 ккл/кг

• Орта қарқындағы еңбек Әртүрлі көлік-құралдарының жүргізушілері, коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсетушілер, теміржолшылар және су жолы қызметкерлері 30-35 ккаль/кг

• Ауыр физикалық еңбек - басым көпшілігі ауыршаруалары мен механизаторлар, таукеншілер;

• - ауыр физикалық еңбекпен айналысатындар (тас қалаушы, бетоншы, жер қазушы, жүк көтерушілер, еңбегі механикаландырылмағандар) 35-40 ккаль/кг

Жалпы тәуліктік энергияны қабылдау келесі түрде реттелуі керек:

көмірқышқылдар 50%;

майлар 20%;

ақуыздар 30%.

1 Грамм көмірсуды сіңіру есебінен 4 ккал толығады, қажетті көмірсуды есептеу тәулігіне және оларға сәйкес хе бойынша жасалады

Физикалық белсенділік бойынша ұсыныстар

Физикалық белсенділік өмір сапасын көтереді, бірақ 1-типті ҚД бар науқастың қантын төмендететін әдіс болып саналмайды. ФБ жекелеп науқас жасын, ҚД асқынуын, ілеспе ауруларды, сонымен қатар төзімділігін ескере отырып, таңдалады. ФБ сол кездегі және жүктемеден кейінгі уақытта гипогликемия қаупін жоғарылатады, сондықтан негізгі мақсат – ФБ байланысты гипогликемияны алдын-алу. Гипогликемия қаупі жекеленген және бастапқы гликемияға, инсулин дозасына, түріне, ұзақтылығы мен тиімділігіне,сонымен қатар науқастың жаттығу дәрежесіне байланысты.

Аз уақытты ФБ кезіндегі гипогликемияны алдын-алу (2 сағаттан көп емес) – көмірсуды қосымша қабылдау:

• Гликемияны ФБ алдын және артында өлшеу, қосымша ФБ алдында және артында 1-2 ХЕ қажет пе екенін шешу (жай қорытылатын көмірсу

• Плазма глюкозасының бастапқы деңгейінде > 13 ммоль/л немесе егер ФБ тамақтан кейінгі 2 сағаттан соң орын алса, ФБ алдында қосымша ХЕ қабылдауды қажет етпейді.

• Өзін-өзі бақылау болмаған жағдайда ФБ дейін 1-2 ХЕ және одан кейін 1-2 ХЕ қабылдау керек.

Ұзақ уақытты ФБ кезіндегі гипогликемияны алдын алу (2 сағаттан ұзақ емес)- инсулин мөлшерін азайту, сондықтан ұзақ уақытты жүктемелер жоспарлануы керек:

• Инсулиннің қысқа және ұзақ мерзімді әсер ететін, ФБ кезінде және содан кейін әрекет ететін мөлшерін 20 – 50 % азайту.

• Өте ұзақ және/немесе қарқынды ФБ кезінде: инсулиннің түнде ФБ кейін әсер ететін, кейде – келесі таңда әсер ететін дозасын азайту.

• Ұзақ ФБ кезінде және одан соң: қосымша гликемияны өзі бақылау әр 2-3 сағат сайын, қажет болған жағдайда – жай сіңетін 1-2 ХЕ көмірқышқылын (плазма глюкозасы < 7 ммоль/л болған шамада) немесе тез сіңетінкөмірсуын (плазма глюкозасы < 5 ммоль/л болған шамада) қабылдау.

• 1-типті ҚД ауыратын өзін-өзі бақылайтын және гипогликемияны алдын-алу әдістерін меңгергендер, ФБ кез-келген түрімен айналыса алады, соның ішінде спортпен де келесі қарсы көрсеткіштер мен сақтық шараларын ескерек отырып айналысаалады:

ФБ-ке уақытша қарсы көрсетімдер:

• кетонуриямен байланысты 13 ммоль/л-ден жоғары плазма глюкозасының деңгейі немесе 16 ммоль/л-ден жоғары, тіпті кетонуриясыз (инсулиннің жетіспеушілігі кезінде ФБ гипогликемияны күшейтеді);

• гемофтальм, қабаттануы, көз торының лазеркоагуляциясының бірінші жартыжылдығында; бақыланбайтын артериальды гипертензия; ИБС (кардиологпен келісе отырып).

Өзін-өзі бақылау –дағдыланған науқастар немесе отбасы мүшелерінің гликемияны тұрақты бақылауы, нәтижелерді талдау, диета режимін ескеру және физикалық белсенділік, күнде өзгеріп отыратын жағдайларға байланыссыз өзінше инсулинотерапия жүргізу. Науқастар өздігінше қандағы глюкоза деңгейін негізгі тамақ алдында, постпрандиальды, ұйқы алдында, физикалық белсенділік алдында және одан соң, гипогликемияға күдік кезінде және тоқтатқан уақытта өлшей алу керек. Гликемияны оңтайлы тәулігіне 4-6 рет анықтау.

Қандағы глюкозаның деңгейін анықтау мақсаты:

• шұғыл жағдайлардағы өзгерістерді мониторингілеу және күнделікті бақылау деңгейін бағалау;

• шұғыл және күнделікті инсулин қабылдаудағы бағалау өзгерістерін талдап беру;

• инсулин мөлшерін гликемия деңгейінің өзгермелі төмендеуін таңдау;

• гипогликемияны айқындау және оны емдеу;

• гипергликемияны түзету.