- •Липидті алмасу көрсеткіштері
- •Артериялық қысымды бақылау көрсеткіші
- •Диетаға байланысты кеңестер
- •1 Грамм көмірсуды сіңіру есебінен 4 ккал толығады, қажетті көмірсуды есептеу тәулігіне және оларға сәйкес хе бойынша жасалады
- •Физикалық белсенділік бойынша ұсыныстар
- •Науқастарды оқыту
- •Ары қарай жүргізу
- •Гипергликемиялық кома
- •Гипогликемиялық кома.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Интерннің өзіндік жұмысы
Факультет: Жалпы медицина
Кафедра:Интернатураның терапевттік бейіні мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы
Тақырыбы: Қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу принциптері (диеталық тәртіп, қанттың мөлшерін төмендететін препараттар,инсулинотерапия, физикалық күш түсіру, АҚҚ,гликемияны,липидемияны бақылау және т.б.
Орындаған:Сарсенова А.С ,608 топ
Тексерген:Аралбаева Л.С
Ақтөбе 2017
Жоспар
Қант диабеті ,жіктелісі
Қант диабетінің I және II типі кезіндегі терапевтік есептер АҚҚ,гликемияны,липидемияны бақылау
Қант диабеті 1 ші типі ,емі
Қант диабеті 2ші типі, емі
Асқынулар кезіндегі көрсетілетін жедел-жәрдем
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
қант диабеті (ҚД) – инсулин секрецияларының, инсулин әрекеттерінің немесе осы екі фактордың да бұзылуы нәтижесінде пайда болған, созылмалы гипергликемиямен сипатталатын, метаболиялық (алмастыру) аурулар тобы. ҚД кезіндегі созылмалы гипергликемияда әртүрлі ағзалардың, әсіресе көз, бүйрек, нервтер, жүрек және қантамырларының зақымдануымен, дифункциясымен және жетіспеушілігімен қоса жүреді. (ДДҰ, 1999, 2006 толықтырулармен).
БДҰ жіктеуі 1981ж бойынша қант диабетін 2 түрге бөлген:
1. Инсулинге тәуелді І түрі – 25 жасқа дейінгі жастарда немесе балаларда кездесетін диабет инсулиннің бездік жеткіліксіздігінен оның толық болмауынан дамиды. Ол сырқат адамның қатты арып азуымен ауыр түрде өтеді және инсулинмен емдемесе тез кетоацидоз дамып, адамның өлуіне әкеледі.
2. Инсулинге тәуелсіз ІІ түрі - ұлғайған адамдарда кездесетін және инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамиды (70%). Қанда инсулиннің мөлшері аздап қана төмендеген немесе тіпті қалыпты деңгейде болады. Сырқаттардың арасында дененің толып кетуі жиі байқалады және кетоацидоз дамымайды.
Қанда инсулин аз болғанда ұлпалар қантты сіңіре алмайды, сондықтан қант мөлшері өседі, яғни гипергликемия дамиды. Қалыпты жағдайда қандағы қант мөлшері ашқарынға- 3,5-5,5 ммоль/л. Қандағы қант мөлшерінің өсуі оның организмнен зәрмен шығуына себепкер болады-глюкозурия.
БДҰ-ның мәліметтері бойынша қант диабетімен ауыратындардың саны 20 миллионға жуық, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер 10%, яғни миллионға жуық. Қант диабетінің кең таралуы бұл ауруды әлеументтік ауруға жатқызуға және қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді: жаппай көпшілікті жоспарлы медициналық тексеруден өткізу және қант диабетіне бейімді континентті зерттеу, қант диабетімен аыратын адамдарды диспансерлік бақылауға алу, оларды инсулин препаратымен тегін қамтамасыз ету, осы науқастарға арнайы тамақ түрлерін шығару, санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізу.
Жедел, өмірге қауіп төндіретін диабет асқынулары:
Гипергликемия кетоацидозбен.
Гиперосмолярлы синдром, кетозсыз.
Гипогликемиялық жағдай.
Диабеттің созылмалы асқынулары:
Ринопатия, соқырлықпен асқыну қаупі.
Нефропатия, бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін.
Перифериялық нейропатия және ангиопатия, шеткі тіндердің жарасы болу қаупімен.
Автономды нейропатия, гастроинтестинальды, урогенитальды, жүрек- қантамырлық симптомдарды шақыратын және жыныстық дисфункция.
Көмірсу алмасуының компенсация критериі
ҚД кезіндегі ұсынылған көмірсу алмасуының компенсация деңгейлері
Әртүрлі организациялармен ұсынылған гликемияның мақсаттық мөлшері.
Организация |
% |
Ашқарынға гликемия,ммоль/л(мг/дл) |
Постпрондиальды гликемия,ммоль/л(мг/дл) |
ADA |
< 7 |
< 6,7(120) |
— |
IDF-Europe |
≤ 6,5 |
≤6,0(108) |
≤7,5(135) |
135 |
≤ 6,5 |
<6,0(108) |
<7,8(140)
|
Ескерту: ADA-Америкалық диабеттік ассоцация; AACE-Америкалық эндокринологтер ассоциациясы; IDF-Europe- Халықаралық диабеттер федерациясы.
Қант диабетінің I және II типі кезіндегі терапевтік есептер.
Көмірсу алмасуының көрсеткіштері
Көрсеткіш
|
Физиологиялық норма
|
ҚД кезінде адекватты деңгей көрсеткіші |
ҚД кезінде адекватты емес деңгей көрсеткіші |
|
HbA1c(%) норма кезінде4,0-6,0 |
<6,1 |
6,1-7,5 |
>7,5 |
|
Қан плазмасындағы глюкоза концентрациясын өзіндік бақылау, ммоль/л (мг%) |
Ашқарынға/тағам алдында |
4,0-5,0 (70-90) |
5,1-6,5 (91-120)
|
>6,5 (>120)
|
Тағамнан 2сағ кейін |
4,0-7,5(70-35) |
7,6-9,0 (136-160) |
>9,0 (>160) |
|
Ұйқы алдында
|
4,0-5,0 (70-90) |
6,0-7,5 (110-135) |
>7,5 (>135)
|
|
Липидті алмасу көрсеткіштері
Көрсеткіш
|
Мағынасы
|
Жүрек-қантамырлық асқынулардың қаупі
|
|||||
|
төмен |
орташа |
жоғары |
||||
Жалпы холестерин, ммоль/л (мг%) |
<4,4 (<175)
|
<4,8 (<185)
|
4,8-6,0 (185-230)
|
>6,0 (>230)
|
|||
ТТЛП холестерин, ммоль/л (мг%)
|
<2,5 (<100)
|
<3,0 (<115)
|
3,0-4,0 (115-155)
|
>4,0 (>155)
|
|||
ЖТЛП холестерин, ммоль/л (мг%) |
ер >1,0(>35)
әйел>1,2(>46)
|
>1,2 (>46)
|
1,0-1,2 (35-46)
|
<1,0 (<35)
|
|||
Триглицеридтер, ммоль/л (мг%) |
<1,7 (<150) |
<1,7 (<150) |
1,7-2,2 (150-200)
|
>2,2 (>200)
|
|||
Артериялық қысымды бақылау көрсеткіші
АҚ деңгейі, мм.сын.бағ
|
ангиопатия қаупі
|
||
|
төмен |
орташа |
жоғары |
|
<130/80 |
130-140/80-85 |
>140/85 |
Қант диабетінің 1 ші типі
Қант диабетінің 1-ші түрі ұйқы безінің в-жасушасының деструкциясына байланысты инсулиннің абсолютті жетіспеушілігіне әкеледі.
Код МКБ-10
Е10.Инсулин тәуелді қант диабеті.
Алдын алу
Алдын алуда жалғыз әдіс — генетикалық қауіптілігі жоғары адамдарға біріншілік профилактика:іште жатқандағы вирусты инфекцияларды және балалардағы немесе жасөспірімдердегі вирусты инфекцияны ескерту (қызамық, қызылша, паротит, желшешек және т.б.);
омырау жасындағы балалардың рационынан сиыр сүті негізінде дайындалған немесе глютеннен тұратын тағамдық қоспаларды шектеу (бұл компоненттер в-жасушаға қарсы аутоиммунды реакция шақыруы мүмкін);
тамақтану рационынан нитратталған консерванттарды және бояғыштарды шектеу.
Клиникаға дейінгі кезеңде қант диабетінің 1-ші түрінде иммунологиялық (әртүрлі в-клетка құрылымдарына аутоантидене) және гормональды-метоболикалық (С-пептид мөлшері, инсулин секрециясының ерте фазасының болмауы, Hba1c гликогемоглобин деңгейінің жоғарылауы) маркерлерді және белгілі HLA антигенді анықтау негізінде жүргізіледі.
Емі:
Мақсаты: өмірді сақтау, ауру симптомдарын жою, жедел және созылмалы асқынулардың профилактикасы, өлімді төмендету, қосалқы ауруларын емдеу және өмір сапасын жақсарту.
Қант диабеті I типінің кешенді еміне кіреді:
Диета
Инсулинотерапия
Шектелген физикалық жүктеме
Науқасты үйрету, плазма глюкозасын өзіндік бақылау
Кеш асқынуларының алдын алу және емдеу
Қант диабетінің I типінде медикаментозды емес емнің түрін монотерапия ретінде қолданбайды. Бірақ инсулинотерапиямен қоса арнайы диета және физикалық жүктемелер режимін сақтау керек.
Рационалды тамақтану. Мақсаты: дене массасын қалыпқа келтіру және қан плазмасында глюкозаның қалыпты деңгейін сақтап тұру. Оған тағамның калориясын төмендету, рафинирленген көмірсуларды шектеу және тұрақты түрде тағам қабылдауды реттеу арқылы қол жеткізуге болады.Қант диабетінің I типі кезінде тәуліктік рационда негізгі ингредиенттердің қатынасы физиологиялықтан айырмашылығы болмауы керек.
