- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Дәрістік кешен
- •Негізгі түсініктер
- •Кинетиканың негізгі заңы.
- •Үдерістің молекулалығы мен реті.
- •0,1,2,3 Және n-ші ретті химиялық үдерістер
- •Реакция ретін анықтау әдістері
- •Әдебиеттер тізімі
- •Күрделі үдерістердің кинетикасы
- •Күрделі үдерістердің кинетикасының негізгі принциптері
- •Тізбектес үдерістердің кинетикасы
- •Параллель үдерістердің кинетикасы
- •1) Егер
- •2) Егер
- •Қайтымды үдерістердің кинетикасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Үдеріс жылдамдығына әр түрлі фкторлардың әсер етуі
- •Реагент табиғатының әсері
- •Реагент табиғатының әсері.
- •Көлемнің әсері.
- •Концентрация әсері.
- •Қысымның әсері
- •Температураның әсері
- •Белсендіру энергиясы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Кинетика теориялары
- •Белсенді соқтығысулар теориясы (бст)
- •Аррениустың реакция жылдамдығының эмперикалық теңдігін талдау.
- •Бст теориясының негізгі түсініктері
- •Бст теориясының артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Белсенді комплекс теориясының негізгі түсініктері (бкт).
- •Белсенді комплекс теориясының ерекшеліктері.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Гетерогенді үдерістердің кинетикасы
- •Гетерогенді үдерістердің механизмін талдау
- •Диффузия
- •Молекулалық диффузияның, стационарлы және стационарлы емес үдерістердің кинетикасы
- •Конвективті диффузия.
- •Диффузия жылдамдығының температураға тәуелділігі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Масса берілу. Ұқсастық теориялары
- •Масса берілу
- •Сыртқы масса берілу.
- •Ішкі масса берілу.
- •Ұқсастық теориясының негіздері
- •Нюссельт критериясын талдау
- •Рейнольдс критериясын талдау
- •Прандтл критериясын талдау
- •Пекле критериясын талдау
- •Әдебиеттер тізімі
- •Адсорбциялық үдерістердің термодинамикасы мен кинетикасы
- •Сорбциялық құбылыстардың негізгі түсініктері
- •Адсорбцияның ерекшеліктері.
- •Мономолекулалық адсорбцияның теориялары. Лэгмюр теориясы
- •Фрейндлих теориясы
- •Полемолекулалық адсорбцияның теориясы. Бэт теориясы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Беттік керілістің термодинамикасы мен кинетикасы
- •Беттік керілістің термодинамикасы мен кинетикасы
- •Б еттік керілістің механизмі.
- •Беттік белсенді және инбелсенді заттар. Адсорбцияның механизмі
- •Адсорбция мен беттік керіліс арасындағы тәуелділік
- •Әдебиеттер тізімі
- •Катализ. Гомогенді және гетерогенді катализ
- •Катализдің негізгі түсініктері
- •Катализ үдерісінің классификациясы
- •Катализаторлардың негізгі белгілері.
- •Гомогенді катализ механизмі
- •Гетерогенді катализ механизмі.
- •Катализ теориялары
- •Менделеев теориясы – деформациялық теория
- •Зелинский теориясы – химиялық теория
- •Боденштейн теориясы – физика-химиялық теория
- •Баландин теориясы – мультиплетті теория.
- •Кобозев теориясы – белсенді ансамбльдер теориясы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Фазалық тепе-теңдіктің термодинамикалық теориясы
- •Фазалық тепе-теңдіктің негізгі теориялары
- •Фазалық тепе-теңдіктің негізгі түсініктер
- •Гиббстің фазалар ережесі
- •Жүйені физико-химиялық талдау
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бір компонентті жүйелердің диаграммасын термодинамикалық және фазалық талдау
- •Бір компонентті жүйелердің диаграммалары туралы негізгі түсініктер.
- •Бір компонентті жүйелердің термодинамикасы
- •Үздіксіз және сәйкестік принциптері
- •Су диаграммасын талдау
- •Полиморфизм
- •Күкірт диаграммасын талдау
- •Әдебиеттер тізімі
- •Екі компонентті жүйелердің диаграммасын тұрғызу және фазалық талдау
- •Екі компонентті жүйелердің күй теңдігі
- •Салқындау қисықтарын тұрғызу әдістемесі
- •Екі компонентті жүйелердің диаграммасын тұрғызу әдістемесі
- •Гиббстің фазалар ережесі бойынша диаграмманы талдау
- •Канода бойынша диаграмманы талдау
- •Кристалдану реттілігі диаграмманы талдау
- •Екі компонентті жүйелердің диаграммаларын талдау жоспары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Екі компонентті жүйелердің әр түрлі типті диграммаларын талдау
- •Екі компонентті жүйелердің күй диаграммаларының геометриялық белгілері.
- •Конгруэнтті балқу нүктесі бар екінші типті диаграмманы талдау.
- •Инконгруэнтті балқу нүктесі бар үшініші типті диаграмманы талдау
- •Шексіз еритін төртінші типті диаграмманы талдау
- •Қатты күйде шекті еритін бесінші типті диаграмманы талдау.
- •Сұйық күйде шекті еритін алтыншы типті диаграмманы талдау.
- •Екікомпонентті жүйенің күрделі диаграммалары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Үш компонентті жүйелердің диаграммаларын тұрғызу және талдау әдістемесі
- •Үш компонентті жүйелердің термодинамикасы.
- •Үш компонентті жүйелердің құрамын талдау әдістемесі.
- •Кеңістік диаграмманы тұрғызу және талдау.
- •Жазықтық диаграмманы тұрғызу және талдау.
- •Диаграммалардағы сипаттамалық нүктелердің толық талдау:
- •Әдебиеттер тізімі
- •Геометриялық термодинамика
- •Термодинамикалық потенциалдардың концентрациялық тәуелділігі
- •Жүйедегі фазалар тепе-теңдігіне қысымның әсері.
- •Екі тұздардың ерітіндісіндегі фазалық тепе-теңдік
- •Фазалық күй диаграммасын талдау мен термодинамикалық есептеу мәселесінің қазіргі күйі
- •Фазалық тепе-теңдік диаграммаларын термодинамикалық есептеу және талдау мәселелерінің заманауи күйі
- •Әдебиеттер тізімі
Үздіксіз және сәйкестік принциптері
Физико-химиялық талдаудың кең қолданылуы жүйенің химиялық әрекеттесу компоненттері мінезінің зерттеуінің геометриялық әдісінің оңайлығы мен көрнекілігімен түсіндіріледі.Құрам-қасиет диаграммасының тұрғызылу әдістемесі Н.С.Курнаковпен тұжырымдалған 2 принципке негізделеді.
Сәйкестік принципі:Бұл принципке сәйкес – бір уақытта болатын әрбір фазаға белгілі геометриялық бейне сәйкес.
Мысалы:
Ликвидус қисық сызығына сұйық ерітіндінің болуы сәйкес
Солидус түзу сызығына қатты күйдегі компоненттер арасындағы еріткіштің жоқ болуына сәйкес.
Үздіксіздік принципі:Бұл принципке сәйкес – жүйенің күйін анықтайтын параметрдің үздіксіз өзгеруі кезінде бөлек фазалардың қасиеттері үздіксіз өзгереді.
Осылай, қатты немесе сұйық ерітінділер құрамы үздіксіз өзгерсе олардың қасиеттері (мысалы,меншікті электр өткізгіштік,тұтқырлық,балқу t-сы және т.б.) үздіксіз өзгереді.
Су диаграммасын талдау
Біркомпонентті жүйелердің диаграммасын талдау жоспары:
1.Зерттелетін жүйенің күй диаграммасының ерекшелігін атау.
2.Диаграмманы тұрғызу
3.Барлық облысты фазалар бойынша жазу, диаграммадағы сызық пен нүктелердің қызметін түсіндіру
4.Гиббстің фазалар ережесі бойынша диаграммаға тән нүктелерді талдау.
1. Су диаграммасының мысалында біркомпонентті жүйелердің күй диаграммасын қарастырайық. Су диаграммасының ерекшелігі болып тұрақты тепе-теңдік облыстағы судың 3 агрегаттық күйде болуы табылады (сурет 3).
2.
3. АОВ – судың газ тәрізді күй аймағы
ВОD – судың сұйық күй аймағы
АОD – судың қатты күй –мұз аймағы
Сызықтар:
АО – будың мұзбен тепе-тең сызығы
А
О
→ мұз бу
О В → бу сұйықтық
О D →сұйықтық мұз
т .О→ бу сұйықтық мұз
4. С=к-ф+2(Р,Т)
С1÷3=1-1+2=2 – жүйе бивариантты, фазалық тепе-теңдікті өзгертпей белгілі бір шекте екі параметрді өздігінен өзгертуге болады.
С4÷6=1-2+2=1 – жүйе моновариантты, фазалық тепе-теңдікті өзгертпей белгілі бір шекте тек бір параметрді өздігінен өзгертуге болады.
С0=1-3+2=0 – жүйе нонвариантты, яғни фазалық тепе-теңдікті өзгертпей ешқандай параметрді өзгертуге болмайды.
Варианттылық дегеніміз – қарастырылатын шартта жүйенің тепе-теңдік фазалық күй саны.
Полиморфизм
Температураның немесе қысымның өзгеруі кезіндегі қатты күйдегі кейбір заттар өздерінің құрылысын және қасиеттерін өзгертеді.
Бір заттың бірнеше кристалдық күйде болу құбылысын полиморфизм немесе аллотропия деп атаймыз. Бір заттың әртүрлі кристалдық күйі полиморфты немесе аллотропиялық модификациялары деп аталады. Мысалы,темірдің көлемцентрлі және жақцентрлі кубты торы бар.
Қысымның аздаған өзгерісі әдетте полиморфты өзгерістерге әкеледі,сондықтан біріншіден t-лық аллотропия байқалады.
Күкірт диаграммасын талдау
Күкірт қатты күйде екі критикалық құрылымда болады: моноклинді және ромб тектес.
АО1О2В – Sбу
BO2O3D – Sсұй
О1О2О3 – Sмоноклин
АО1О3D – Sромб
А О1 → Sр Sб
О 1О2 → Sм Sб
О 2В → Sб Sс
O 2O3 → Sс Sм
O 3D → Sс Sр
О 1О3 → Sм Sр
т .О1 → Sб Sм Sр
т .O2 → Sб Sс Sм
т .O3 → Sс Sм Sр
С=к-ф+2(Р,Т)
С1÷4=1-1+2=2 – жүйе бивариантты, фазалық тепе-теңдікті өзгертпей белгілі бір шекте екі параметрді өздігінен өзгертуге болады.
С5÷10=1-2+2=1 – жүйе моновариантты, фазалық тепе-теңдікті өзгертпей белгілі бір шекте тек бір параметрді өздігінен өзгертуге болады
СО1,О2,О3=1-3+2=0 – жүйе нонвариантты, яғни фазалық тепе-теңдікті өзгертпей ешқандай параметрді өзгертуге болмайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Физикалық ұғымдар: гомогенді жүйе, фаза, параметр, варианттылық, компонент, фазалық тепе-теңдік, интенсивті параметрлер.
2. Су диаграммасын толық талдау.
3. Күкірт диаграммасын толық талдау..
Глоссарий:
Полиморфизм – бір заттың бірнеше кристалдық күйде болу құбылысы.
Полиморфты модификациялар – бір заттың әртүрлі кристалдық күйі.
Блиц-тест:
1. Полиморфизм деген не? Полиморфизм- бұл заттар ... бола алатын құбылыс
a) Қатты күйде әр түрлі кристалдық формаларда
b) Әр түрлі агрегаттық күйлерде
c) Сұйық күйде
d) Плазмалық күйде
e) Газ күйінде
2. Жалпы Гиббстың фазалар ережесінің дұрыс теңдеуін көрсетіңдер
a) С = К- Ф +2
b) С= К + Ф -1
c) С = К – Ф – 1
d) С = Ф + 2 – К
e) С = К- Ф + 1
3. Бір компонентті жүйенің күй диаграммасында неше үштік нүктелер болуы мүмкін??
a) үштен көп емес
b) Біреу да емес
c) Бірден көп емес
d) Компоненттердің табиғатымен анықталады
e) Екіден көп емес
4. Бір компонентті жүйенің диаграммасындағы үштік нүктеде еркіндік дәрежесінің саны неге тең?
a) 0
b) 1
c) 2
d) 3
e) 4
5. Күкірт диаграммасынада неше үштік нүкте бар?
a) 3
b) 2
c) 0
d) 1
e) 4
6. Фаза деген не? Фаза – бұл:
a) Физико-химиялық қасиеттері бірдей гетерогенді жүйе бөліктерінің жиынтығы
b) Интенсивті қасиеттері бірдей гетерогенді жүйенің бөлігі
c) Экстенсивті қасиеттері бірдей гомогенді жүйенің бөлігі
d) Экстенсивті қасиеттері бірдей гетерогенді жүйенің бөлігі
e) Интенсивті қасиеттері бірдей гомогенді жүйенің бөлігі
7. Жүйенің компоненті деген не? Жүйенің компоненті деп ... аталады
a) Берілген жүйенің барлық фазаларын қайта өндіру үшін қажетті және жеткілікті химиялық қосылыстардың санын
b) Жүйенің химиялық қосылыстары
c) Әр түрлі фазаларда орналасатын химиялық қосылыстар
d) Берілген жүйенің әр түрлі фазаларын қайта өндіру үшін қажетті жеке химиялық қосылыстарды
e) Заттың ең ұсақ бөлінбейтін бөлшегі
8. Еркіндік дәрежесі деген не? Еркіндік дәрежесі деп ... параметрлер санын айтады
a) өзгеру кезінде фазалық тепе-теңдік ығыспайтын
b) Еркін өзгертуге болатын
c) өзгеру кезінде фазалар саны өзгермейтін
d) өзгеру кезінде фазалар табиғаты өзгермейтін
e) Өзгеру кезінде фазалық тепе-теңдік ығысатын
9. Егер еркіндік дәрежесінің саны 0-ге тең болса, жүйе қандай жағдайда болады?
a) Жүйе фазалар санымен табиғатын өзгерте алалмайды
b) Жүйенің бір да бір сипаты фазалар санының өзгерісісіз өзгермейді
c) Жүйе ортамен энергия алмасуға түсе алмайды
d) Фазалар саны өзгермей әрбір фазадағы сыртқы параметрлер мен концентрация өзгермейді
e) Еркіндік дәрежесі бойынша жүйе күйін сипаттауға болмайды
10. Фазалық тепе-теңдіктің шарттарын атаңдар
a) Фазалардың саны мен табиғатының тұрақтылығы
b) Фазалар санының тұрақтылығы
c) Фазалар табиғатының тұрақтылығы
d) Фазалар саны мен олардың сандық қатынасының тұрақтылығы
e) Фазалардың сандық қатынасының тұрақтылығы
