Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭК Алгоритм Хирургия СД каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.38 Кб
Скачать

28. Алгоритм: Гипсті таңғышты салу тәртібі.

Мақсаты:Жарақаттанған жағдайда емдік иммобилизация үшін (сынықтар, буынның шығулары)

Көрсеткіштері: Аяқ - қолдың механикалық жарақаттары

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Науқастың келісімін алу.

  4. Қолды гигиеналық өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.

  5. Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.

  6. Жұмыс барысында арнайы киім – бет перде, қолғап, ал жапқыш, бас киім кию керек

  7. Гипсті бинт беті металмен немесе мрамормен қапталған арнайы столда дайындалады

  8. Гипсті таңғышты дайындар алдында гипстің сапасын тексеру қажет

  9. Гипс тез қатаю үшін гипстелген бинтті жылы суға салу керек

  10. Гипсті жылы судан алар алдында, судағы ауа көпіршіктері бөлінісінің тоқтауын бақылау керек

  11. Пациентті бинт орауға ыңғайлы етіп отырғызамыз

  12. Аяқ – қолына ыңғайлы қалып береміз ( абайлаңыз ).

  13. Сау аяқ – қолға гипсті лангетаны өлшеп аламыз

  14. Гипс салатын жердің терісіне вазелин немесе балалрға арналған крем жағу керек

  15. Сүйектің шығыңқы жерлеріне дәке салфеткаларын саламыз немесе барлық аймақты мақта –дәке орамымен оқшаулаймыз.

  16. Таңғышты абайлап саламыз

  17. Саусақтарын қан айналымын бақылау үшін ашық қалдырамыз

  18. Таңғыштың түріне байланысты оны қосымша бинтпен бекітеміз

  19. Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.

  20. Қолды жуу және кептіру.

  21. Гипс толық қатқанша аяқ – қолын қозғалтпау керек

  22. Гипсті салғаннан кейін науқасты 2 сағаттай бақылаймыз, стационарлық емдеу жағдайында 2 күнге дейін

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

29. Алгоритм: «Тақия» таңғышын салу техникасы.

Мақсаты: Басты таңу.

Көрсеткіші: Бас жарақаты кезінде маңдай мен иекті жабу.

Құрал жабдықтар:

  • Бинт ені 10 см,

  • Қайшы.

  • ЖҚЗ

  • ҚКҚ

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Науқастың келісімін алу.

  4. Қолды гигиеналық өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.

  5. Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.

  6. Науқасты бетімен өзімізге қаратып отырғызу.

  7. 80 сантимертлік бинтті кесіп дайындаңыз.

  8. Бинттің бөлігін бастың төбе аймағына орналастыру,құлақтын алдында салбырап түру керек,бинттің шеттерін пациенттің немесе көмекшінің қолына ұстату.

  9. Бинттен ұзындығы 1метрдей бинті дайындаймыз байлауға,қосымша орташа бинт ені 10-12 см байлам кесіп алу.

  10. Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинтттің басын оң жақ қолға алу. Маңдай, шүйде сүйектен бекітін орамды өткізу.

  11. Байламдардың жанына жеткенде, бинтті айналдыра байламдардан өткізіп, шүйде сүйекке апару сол жақ байламға дейін.

  12. Бинтті байламнан өткізіп, маңдай сүйектен, бекітетін турдан кішкене жоғары өткізу.

  13. Бастың шашты бөлігін айналдыра отырып толығымен жабу.

  14. Байламды екі рет айналдыра орамды бітіру, байламның бір жақ шетіне бинт байлау.

  15. Пациент ұстап отырған бинттің шетін иек астынан байлау.

  16. Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.

  17. Қолды жуу және кептіру.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы