Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭК Алгоритм Хирургия СД каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.38 Кб
Скачать

27. Алгоритм: Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтауын салу.

Мақсаты: Сынған жерді қозғалтпау, жарақаттық шоктың алдын алу, ұлпалардын қосымша зақымдануын алдын алу

Көрсеткіші: Балтырдың жарақаттануы. Буынның шығуы немесе сынуы

Қарама қарсы көрсеткіші: Жоқ

Құрал-жабдықтар:

  • крамер жақтауы ұзындығы 1м, көлденеңі 10см;

  • залалсыздандырылған таңғыш заттар ( салфетка, мақта шариктері);

  • бинт, дәке, мақта;

  • мақта-дәке жастықшасы;

  • залалсыздандырылған шприц;

  • ауырсынуды басатын дәрілер (баралгин ерітіндісі-5,0 немесе1мл 2% промедол, фентанил 1мл 0,005% көк тамырға, трамал-100мг);

  • зембіл;

  • ҚКҚ

  • СИЗ

Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:

  • Жарақат болған жердін ауырсынуы

  • Қорқыныш

  • Жара . Жарадан қан кету

  • Естен тану . Есенгіреу

  • Шок

  • Жарақат жердің қозғалысының тежелуі

  • Сүйектің ұштары мен ұлпалар мен қан тамырларының закымдалуы ,

  • Жараға иньфекцияның түсуі

Іс- әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Науқастың келісімін алу.

  4. Қолды гигиеналық өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.

  5. Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.

  6. Науқасқа емшараны түсіндіру, сынған жердің табан буыны мен тізе буынын қамтитын жақтауды аламыз .

  7. Иммобилизация алдында ауырсынуды басатын дәрі енгізу, қан ағуды тоқтатамыз асептикалық таңғыш таңамыз

  8. Егер жактау дайын болмаса оны салардың алдында бинтпен немесе мақтамен ораймыз , сүйектің шығыңқы тұстарына ойылудың алдын алу үшін жұмсақ дәке қоямыз;

  9. Қосымша жарақат болдырмау үшін жақтауды киімнің үстіне саламыз

  10. Көмектесуші жақтауды сау аяғына өлшеп алады. Шинаның жоғарғы бұрышына 2 ұзын бинт байлаймыз. Егер жақтауды дұрыс салмаған жағдайда, оны шешіп қайтадан өлшеп салу керек

  11. Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, бинтпен бекітіңіз.

  12. Табан буынына мақталы – дәкені қоямыз.

  13. Жақтаудың біреуін дайындап, табаннан бастап сан сүйегінің 3/1 бөлігіне дейін қамтимыз

  14. Екі жақтауды екі жағынан салып бекітеміз немесе U тәріздес, табан буыны тік бұрышты болу керек

  15. Жақтауларды бинтпен бекітеміз

  16. Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.

  17. Қолды жуу және кептіру.

  18. Науқасты зембілге ыңғайлы жағдайда орналастырамыз

Нәтижені бағалау. Жақтау дұрыс салынған, ауырсыну басылған, таңғыш құрғақ, пациенттің жағдайы жақсарған.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176

бұйрығы