Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭК Алгоритм Хирургия СД каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.38 Кб
Скачать

25. Алгоритм: Филончиков-Гроссих бойынша операциялық алаңды өңдеу.

Мақсаты: Операциялық аймақты өңдеу.

Керекті құрал- жабдықтар:

  • Қауіпсіз ұстара,

  • 1% йодонат ерітіндісі,

  • заласыздандырылған мақта тампондары,

  • пинцет,

  • 70% спирт.

  • ЖҚЗ

  • ҚКҚ

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. 1% йодонат ерітіндісіне малынған залалсыздандырылған салфетканы пинцетпен алыңыз.

  2. Хирургқа пинцет немесе корнцангты беру.

  3. Ота алаңын кеңінен өңдеу.

  4. Пинцетті немесе корнцангты қолданылған құрал-жабдықтарды өңдейтін ыдысқа (емкость) салу.

  5. Операция жасалатын аймақты шетіне қарай 1% йодонат ерітіндісімен 2 рет сүртіңіз.

  6. Ота аймағын шектейтін тесігі бар залалсыздандырылған жаймамен науқасты жабу.

  7. Ота жасайтын аймақтың терісін бір рет антисептикпен өңдеу.

  8. Терідегі қанды тігіс салар алдында бір рет антисептикпен өңдеу.

  9. Тігіс салғанан кейі теріні бір рет антисептикпен өңдеу

Ескерту:

  • Науқасқа операция алдында жалпы гигиеналық ванна жүргізіңіз.

  • Төсек жаймаларын, іш киімдерін ауыстырыңыз.

  • Операция алдында таңертең операция аймағындағы түктерді құрғақ тәсілмен қыруыңыз

  • Операциядан 30минутбұрын науқасты шешіндіріңіз.

  • Басына орамал тартыңыз.

  • Аяғына бахила кигізіңіз.

  • Науқасты каталкаға жатқызыңыз.

  • Операция бөлімшесіне жеткізңіз.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

26. Алгоритм: « Ноқта » тәрізді байлам салу тәсілі.

Мақсаты: Емдік

Көрсеткіші: Беттің және астыңғы жақтың зақымдануы

Құрал-жабдықтар:

  • Бинт ені 10см

  • Қайшы

  • Залалсыздандырылмаған қолғаптар

  • ҚКҚ

Іс әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Науқастың келісімін алу.

  4. Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу.

  5. Залалсыздандырылған қолғапты кию.

  6. Науқасты өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, манипуляцияны түсіндіру.

  7. Бинттің ұшын сол жақ қолға, бинтті оң жақ қолға.

  8. Бастың маңдай, шүйде бөлігіне бекітетін, циркулярлы тур өткізу - 1айналым.

  9. Шүйде сүйектен иекке қарай жалғастыру, әрі қарай самай арқылы құлақтың алдымен бастың төбе бөлігіне апарып 2 қайта орау- 2айналым.

  10. 2-айналымды 3-4 рет қайталау.

  11. Бинтті шүйдеге түсіріп, бекітетін айналым жасау.

  12. Бас жақта бекітетін айналымдармен байламды бітіру.

  13. Бинт ұшын маңдай бөлігінде бекітіп аяқтау.

  14. Қолданылған қолғапты шешу ҚКҚ-ға тастау.

  15. Қолды жуып,кептіру.

Құжаттандыру:

1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы