Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭК Алгоритм Хирургия СД каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.38 Кб
Скачать

23. Стандарт: Иық буынына «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасы

Мақсаты: Жарақаттанған қолдың иммобилизациясын (қозғалтмауын) қамтамасыз ету

Көрсеткіштері: Таңғыш материалды, гипс лангетін, шинаны бекіту.

Құрал-жабдықтар:

  • Бинт ені 10 см,

  • Қайшы ,

  • Лейкопластырь

  • ҚКҚ

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Науқастың келісімін алу.

  4. Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.

  5. Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.

  6. Науқасты өзіне қаратып отырғызуы керек.

  7. Тоқпан жіліктің жоғарғы үштен бір бөлігіне 1-2 рет айналдыра отырып бекіту жасау.

  8. Бинтті кеуденің артқы бөлігінен айналдырыңыз.

  9. Арқадан кеуде арқылы қолтық астынан жүргізу.

  10. Бинтті кеуденің алдынан алып, иықтың жараланған жерінен жүргізіңіз.

  11. Иықты циркуляторлы жүргізіп, арқадан өткізіп, алдыңғы орамның 2/1 немесе 3/2 бөлігін жабу.

  12. Иықты толық жабу үшін 1 және 2 орамды қайта жүргізу.

  13. Бинтті иықтың төменгі жағынан бекіту.

  14. Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.

  15. Қолды жуу және кептіру.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176

бұйрығы

  1. Алгоритм. Ашық пневмоторакс кезінде жедел көмек

Анықтама: Пневмоторакс – плевра қуысына ауаның жиналуы.

Мақсаты: Тыныс бұзылуының, механикалық асфиксияның алдын алу, пневмотораксты жою

Көрсеткіші: Тесілген жерден плевра куысына ауаның еркін еніп кетуі, тыныс жеткіліксіздігінің дамуы

Қарсы көрсеткіштері: Жоқ

Керекті құралдар:

  • Зембіл

  • залалсыздандырылған шприц 2,0 анальгетик енгізу үшін

  • Кетатоп ерітіндісі 2,0

  • Залалсыздандырылған мақта шариктері, дәке

  • Спирт, антисептикалық ерітінді

  • Оттегі

  • Қолғап (ЖҚЗ)

  • ҚКҚ

Дамуы мүмкін асқынулары:

  • Ентігу, тұншығу, шок , естен тану,

  • Механикалық асфиксия

  • Тыныс алу және жүрек-тамыр жетіспеушілігі

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Науқастың келісімін алу.

  4. Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу,

  5. Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.

  6. Дәрігердің тағайындауы бойынша: Ауырсыну сезімін басу үшін б/е трамадол ерітіндісін 2,0 енгізу.

  7. Жарақатты антисептикпен өңдеу.

  8. Жарақаттың айналысын спиртпен, йодпен өңдеп стерильді окклюзионды (ауа жібермейтін) таңғыш қою.

  9. Мұзды мұйық қою.

  10. Оксигенотерапия жүргізу.

  11. Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.

  12. Қолды жуу және кептіру.

  13. Науқасты зембілмен отырғызып хирургия бөлімшеге жеткізу.

  14. АҚҚ, пульс, тыныс алуды бақылау.

Нәтижесін бағалау: Тыныс алуының, АҚҚ, пульстің жақсаруы.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы