Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭК Алгоритм Хирургия СД каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.38 Кб
Скачать

21. Алгоритм: Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде жедел көмек көрсету.

Мақсаты: Емдік

Көрсеткіштері: Асқазан және 12 елі ішек ойық жарасында, созылмалы ойық жаралы колит.

Қарсы көрсеткіштері: Жоқ

Керекті құралдар:

  • Зембіл

  • Кальций хлор ерітіндісі – 10%-10,0

  • 5% аминокопрон қышқылы – 2 мл

  • 12,5% этамзилат ерітіндісі – 2 мл

  • Мұзды мұйық

  • Жастықша

Асқынулар:

  • Қансырау, қан кету

  • Бас ауруы, әлсіреу, АҚҚ төмендеуі

  • Геморрагиялық шок

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты тыныштандырып

  2. Бір жақ қырымен аяқ жағын көтеріңкіреп жатқызу.

  3. Толығымен су және тамақ ішуге тиым салу.

  4. Ішке мұзды мұйық қою

  5. Мұздықты 15-20 минутқа қойылады, 2-3 минут үзіліспен қайталап қойылады.

  6. Қан тоқтатын дәрілер кальций хлор ерітіндісі – 10%-10,0 к/т енгізу.

  7. 5% аминокопрон қышқылы – 10 мл немесе 12,5% этамзилит ерітіндісі – 2 мл к/т енгізу.

  8. Хирургия бөлімшесіне жеткізу.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

22. Стандарт: «Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жараны өңдеу тәсілі»

Мақсаты: Емдік

Көрсеткіштері: Жараның болуы

Ресурстары:

  • 2 пинцет,

  • Залалсыздандырылған материалдары бар бикс,

  • Антисептик ерітінділері,

  • Залалсыздандырылған қолғаптар,

  • 50% анальгин,

  • 1% димедрол,

  • 1% йодонат, немесе 70%спирт,

  • ҚКҚ.

  • ЖҚЗ (жеке қорғаныс заттары)

Іс – әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Науқастың келісімін алу.

  4. Қолды гигиеналық өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.

  5. Залалсыздандырылған резеңкелі қолғапты кию.

  6. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз

  7. Жараны қараңыз

  8. Дәрігердің тағайындауы бойынша: 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол енгізіп, ауырсынуды басыңыз

  9. Жараның айналасын 1% йодонатқа немесе 70%спиртке батырылған залалсыз салфеткамен пинцет арқылы 2 рет өңдеңіз

  10. Жараның бетіне пинцет арқылы залалсыз салфетка қойыңыз

  11. Таңғыш материалды кез-келген әдіспен бекітіңіз

  12. Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.

  13. Қолды жуу және кептіру.

  14. Стационарға тасымалдаңыз

Ескерту:

  • Жарадан қан кетіп жатса тоқтатыңыз,

  • Сіреспенің, газды гангренаның алдын алу шаралары емханада немесе қабылдау бөлімінде жүргізіледі

  • Тістелген жара болса құтырудың алдын алу шаралары жүргізіліп, есепке алынады

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176

Бұйрығы