Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЭК Алгоритм Хирургия СД каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.38 Кб
Скачать

19. Алгоритм: «Гиппократ» қалпағын салу ережесі.

Мақсаты: Бастағы таңғыш материалды бекіту.

Көрсеткіші: Бас жарақатында.

Құрал- жабдықтар:

  • Бинт ені 10 см,

  • Қайшы ,

  • Лейкопластырь

  • ҚКҚ

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Науқастың келісімін алу.

  4. Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.

  5. Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.

  6. Науқасты өзіне қаратып отырғызуы керек.

  7. 2 бинт алыңыз да оларды 15 см ұзындықта тарқатыңыз.

  8. Бір бинттің шетін екінші бинттің шетіне қойып, бір-біріне қарама-қарсы бағытта ораңыз, 2 басты бинт жасалады.

  9. 2 басты бинтті оң және сол қолыңызға алыңыз

  10. Бинтті бастың маңдай бөлігіне қойып, 2 басын шүйде аймағына қарай апарыңыз

  11. Шүйде аймағында айқастырыңыз, 1 басын шүйдеден маңдайға қарай төбе бөлігін жауып, екінші басымен басты айналдыра ораңыз

  12. №2 бинттің басымен маңдай аймағында айқастыра отырып №1 бинтпен маңдайдан шүйдеге қарай жүріңіз. №2 бинтті төбе арқылы әкеліп №1 бинтті жабыңыз.

  13. Төбе аймағы жабылғанша басты айналдыра ораңыз

  14. Бинттің турын бас сүйек толық жабылғанша қайталаңыз

  15. Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.

  16. Қолды жуу және кептіру.

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176

бұйрығы

20. Алгоритм: Медбикенің залалсыздандырылған халат, қалпақ, маска, қолғапты кию тәсілдері.

Мақсаты: Студеннтерге операциялық іс-шаралар алдында залалсыздандырылған халат,қалпақ,маска,қолғапты кию тәсілдерін үйрету.

Керекті құрал - жабдықтар:

    • операциялық киімдері бар залалсыздандырылған бикс

    • 96 % этил спирті

    • Залалсыздандырылған шарик

    • Залалсыздандырылған корнцанг

    • Залалсыздандырылған пинцет

    • Залалсыздандырылған вазелин майы

    • Залалсыздандырылған қолғап

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолды гигиеналык денгейде жуу

  2. Қолды хирургиялық деңгейде өңдеу

  3. Педальдің көмегімен биксті ашыңыз, (немесе 1 рет қолданылатын киімді пайдаланыңыз)

  4. Индикаторды алып, оның жағдайын бағалаңыз .(көрсеткіш балқытылған болу керек).

  5. Колды этил спиртімен ылғалданған мақта шаригымен өңдеу

  6. Залалсыздандырылғанорамалмен колды құрғату

  7. Залалсыздандырылған бет пердені кию, орамалды тарту, санитарка арт жағынан байлауга көмектеседі.

  8. Биксті жабу

  9. Қолды залалсыздандырылған салфеткамен өңдейміз.

  10. Биксті қайтадан ашып халатты аламыз.

  11. Халатты бикстен жағасынан ұстап алып жанындағы заттарға тимейтіндей етіп жазып ұстаймыз

  12. Халаттың ішкі бетін өзіңіңзге қаратыңыз

  13. Халаттың 2 қолын бір мезгілде көмекшінің көмегімен киіңіз

  14. Артынан халаттың жоғарғы бауларын байлаңыз (көмекші).

  15. Мейірбике халаттың жеңінің бауларын өзі байлайды

  16. Халаттың белдігін көмекшіге қолын тигізбеі береді, көмекші арт жағынан байлайды.

  17. Қолғапты мейірбикенің өзі киеді.

  18. Қолғапты спиртпен өңдейді .

Құжаттандыру:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы