Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИОХИМИЯ А-Б ЖАУАП.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.42 Кб
Скачать

25 Фермент акиваторлары мен ингибиторлары ( тежегіштер)

Фермент активтілігі орта әр түрлі химиялық байланыстар болуына байланысты. Ондай заттардың кейбіреулері фермент активтілігін арттырады, мұндай қосылыстар активаторлар деп аталады. Ал екіші бір заттар фермент әрекетін баяулатады, тіпті оны тежейді. Мұндай заттар ингибитолар деп аталады.

Активаторлар ферменттік реакцияларды тездетеді. Мысалы, қарын сөлінде тұз қышқылы пепсинді активтендіреді, сөйтіп белок гидролизі тездейді.

Ингибиторлар ферменттік реакцияларды біршама немесе тежейді.

Ферменттер әсерінің бәсекелес және бәсекелес емес тежеушісін ажыратып бөледі. Бәсекелес тежеуші өзінің құрылымы бойынша субстратқа ұқсайды, ол сондықтан да ферментті «алдай алады», оның активті орталығымен байланыс жасайды да, ферменттің әсерін шектеп тастайды.

Бәсекелес емес ингибиторлардың құрылымы субстраттан бөлек және ол ферменттің субстрат байланысатын активті орталығымен байланыспайды, басқа маңызды жерімен, мысалы НS-тобымен байланысады. Бұл кезде фермент молекуласының пішіні өзгереді де, оның катализдік орталығында қайтымды инактивация болады. Бәсекелес емес ингибиторлар қайтымды түрде бос ферментпен де комплексімен де байланыс жасайды, осылайша емес комплекс түзеді

26 Ферменттердің топтастырылуы

Фермент дегеніміз биохимиялық реакциялар кезінде катализдік активтілік көрсететін белоктар екені белгілі.Сондықтан,ферменттерді химиялық құрамы бойынша 2 топқа бөлеінеді:

  • Қарапайым ферменттер – қарапайым белоктар,бұлар гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді. Қарапайым ферменттерге мыналар жатады: рибонуклеаза,пепсин,трипсин,химотрипсин,папаин,амилазалар және гидролаза класына жататын басқа да ферменттер.

  • Күрделі ферменттер- күрделі белоктар. Күрделі ферменттер 2 бөліктен: белоктық және белоктық емес бөліктен тұрады. Ферменттердің белоктық бөлігі апофермент деп,ал белоктық емес бөлігі простетикалық топ немесе кофактор деп аталады.апофермент кофакторсыз активті болмайды. Күрделі ферменттердің кофакторлары металл иондары немесе белоктық емес органикалық заттар. Мұндағы металл иондары активаторлар деп аталады.Активаторлар мына иондар:Na,K,Fe,Cu,Co,Zn,Mg,Mn,Ni. 180 шамасынан астам ферментте металл иондары активатор қызметін атқарады. Кофактор белоктық емес зат болғандықтан кофермент деп аталады.

  • Ферменттер катализдейтін химиялық реакция түріне қарай 6 классқа бөлінеді.

  • Оксидоредуктаза сутегінің атомдарын немесе электрондарды бөліп және қосып алу арқылы субстарттың тотығу тотықсыздану процесін үдететін фермент.  Трансфераза атомдардың түрліше топтарының тасымалдану реакциясын катализдейтін фермент. Тасымалдайтын тобының атауына сәйкес метилтрансфераза, аминотрансфераза және т.б. деп аталады.  Гидролаза заттардың түрліше топтарының гидролизіне қатысатын фермент:  а) эстеразалар күрделі эфирлі байланыстарды гидролиздейді.  ә) липаза триглицеридтерді глицерин және май қышқылына ыдыратады.  б) гликозидазалар көмірсулардағы глюкозидтік байланыстарды гидролиздейді. Оларға амилаза, лактаза, мальтаза және т.б. жатады.  в) протеиназалар белоктардағы, полипептидтердегі пептидтік байланыстарды гидролиздейді.  Лиаза еселенген байланысты түзе немесе бұза отырып, түрлі атомдар тобы қосып немесе ажыратып алу реакциясын катализдейтін фермент.  Изомераза изомеризация реакциясын катализдейтін фермент.  Лигаза (синтетаза) АТФ энергиясының есебінен түрлі заттардың синтезделу реакциясын шапшаңдататын фермент. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]