Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12, 13, 14, 15.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.75 Кб
Скачать

2. Дағдарысқа қарсы басқарудағы дау-жанжал себептері және олардың ролі.

Қақтығыс тенденцияларын түсіну және мойындау менеджерден олардың туындауын және туындау себебін түсінуді талап етеді. Қақтығыстар еңбек процессі аясында туындауы мүмкін, мысалға, ұйымдағы жұмыстың нашар болуы және ұйым басқаруының аяқталмағандығын, ұйымның әлеуметтік қарым–қатынастарының жаман болуы немесе ұйым мүшелерінің өзіндік ерекшеліктері. Қақтығыс себептерін жақынырақ қарастырайық.

Еңбек процесінен туындаған дау–жанжал себептері. Жұмыс барысы жұмысшылардың қарым–қатынасын көздейді, яғни билікке және қол астында, еңбектік қарым-қатынаста болу. Барлық осы процесстер ұйым және оның орындалуы көз-қарасынан күрделі болып есептелінеді. Алдын ала олардың арасында қатысатын субъектілердің қарама–қайшылықтары орын алады, яғни жұмысшылар, жұмыс топтары және ұйымның бөлімшелері.

Дау–жанжалдар мынадай жағдайларда туындайды:

- Мақсаттарды алға қою және оларды шешу;

- Жұмыс арысындағы жұмыстар мен шарттарды орналастыру мен орындау;

- Ресурстарды бөлу және орналастыру;

- Коммуникацияларды жүзеге асыру

Мақсаттарға жету мен олардың әртүрлілігі қарама-қайшылықтар, келіспеушіліктер және тартыс туғызуы мүмкін, себебі жұмысшылар мақсатқа жету жолындағы көз–қарастары мен тиімділіктері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, шешімдердің қайсысы тиімді екендігіндегі әр түрлі көріністе болуы мүмкін, кейде ол ой-пікір қақтығыстарына әкелуі мүмкін.

Қызметтік шара мен шарттарды орналастыру процессінде қақтығыстардың туындауы мыналарға байланысты болады:

- Шарттардың тәуелділігі: бір жұмысшы немесе бір толық топ басқалардың шараларды орындауында тәуелді болады – мысал үшін, конвейерде және басқа да өндіріс процесстеріндегі жұмыста, ондай жерлерде көптеген жұмысшылардың іс-қимыл әрекеттері.

- Мәселелерді алмастыру, яғни олардың шешілуі тігінен көлденең деңгейдегі қарым-қатынастардың жылжуына. Мысалы, жұмысшыларды қажетті құралдармен қамтамасыз етуде жеткізушілермен немесе қатарлық жұмысшылар арасында қақтығысқа әкеледі, бұл мәселелерді шешу бөлім басшыларының шарты.

- «басшылық және қол астындағы жұмысшылар» жүйесіндегі функциялардың орындалмауы.

13.2 кестесінде тартыстардың туындау себептері және оларды жоюдағы немесе азайтудағы жалпы ұсыныс берілген.

Кесте 13.1 - Тартыстардың туындау себептері және оларды жоюдағы немесе азайтудағы жалпы ұсыныс

Себептер

Объективті болуының мінездемесі

Дағдарысқа қарсы басқарудағы менеджердің әрекеті

1.

Еңбек процессі барысында туындаған

Көп жағдайларда сөзсіз

Жұмысшыларға ақпаратты жедел жеткізу, қатаң бақылау

2.

Ұйымның нашар жұмысынан туындауы

Болмауы тиіс

Ұйымның еңбек және басқаруын жетілдіру

3.

Ұйымның нашар әлеуметтік қарым – қатынасынан туындаған

Басшының мәселеге зейінсіз қарауы

Шартты түрде ұйым мәдениетін құру, жұмысшылар арасында ұйымдастырушылық пен әлеуметтік қатынас

4.

Жеке бас мінезі

Өмірде болуы мүмкін, бірақ оларды тоқтатуға болады

Ұжымдағы қатынастар нормасын құру

Дау–жанжалдардың ең таралған себептерінің бірі – ресурстарды бөлудегі қажеттіліктер, көп жағдайда олар шектеулі болады.

Ұйымның нашар жұмысынан туындаған тартыстардың себептері:

- Адамдарды басқарудағы біртұтастық принципінің бұзылуы;

- Жұмыстағы технологиялық және процедуралық белгісіздік;

- Жұмыстың дұрыс бөлінбеуі, яғни басқару, құқық, жауапкершілік және тағы басқа.

Дағдарысқа қарсы басқаруда қақтығыстардың себептері ұйымның жұмысының жаман болуымен байланысты екендігін ескеру қажет.

Ұжымның жеке ерекшеліктеріне байланысты орнаған қақтығыстар себебі:

- жұмысшылардың стилі және манерасының әртүрлілігі;

- эмоция және сезімдердің әртүрлілігі;

- жұмысшылардың жеке басының негативі:

- басқа адамдардың қажеттілігіне назар аудармаушылық, қаталдылық және тағы басқалары.

3. Дау-жанжалды дағдарыс жағдайында басқару.

Дау-жанжалдың даму процесі 4 стадиядан тұрады:

1. Дау-жанжалдық жағдайдың туындау стадиясы, жанжалдық жағдай 2 жақтың мүддесі қарама–қайшы шыққан жағдайда туындайды. Жанжалдық жағдай ерік бойынша және болашақта тайталасушы жақтардың тілегі бойынша бүрмеленуі мүмкін. Дау-жанжалдық жағдайдың сыртқы себептері қызметкерлер арасындағы қатынастың шиеленісуі, жағымсыз жағдайлар, эмоционалды көріністер және т.б..

2. Инциденттік оқиғаның туындау стадиясы – бұл стадияда жанжал субъектілерінің қақтығысы мен шиеленісуші жағдайлар шешуге мүмкіндік болатын жағдайлар жүргізіледі. Тайталасушы жақтар үшін қызметті жандандыруға себеп болып табылады. Инцидент мақсатқа бағытталған немесе күтпеген жерден туындауы мұмкін.

3. Қатынастағы дағдарыстар стадиясы – бұл стадияда инцидентпен шиеленісе жанжал қайта өсіп қатынастарда дағдарыстар пайда болады., ол ашық және жабық түрде көрінуі мүмкін. Ашық жанжал – агресивтік әсер, ұрыс – талас түріндегі қақтығыстар, ал жабық – нақты қарсылықтың болуымен сипатталады.

4. Дау-жанжалды аяқтау стадиясы – бұл стадияда жанжал белгілі себептерден шешіледі. Дау-жанжалды аяқтау барлық кезде бір мәнді бола бермейді, ол жанжалдан шығу немесе табыстау жағдайында жойылуы және үшінші күштің араласуымен тоқтатылуы мүмкін.

Дағдарыс жағдайында жанжалды шешу әдістері.

Жұмыс ситуацияларында дау-жанжалдар теориясы мен практикадасында 2 стратегиясы белгілі:

1. Дау-жанжалдын алдын алу;

2. Дау-жанжалдарды шешу

Дау-жанжалдарды басқарудың келесі жолдары белгілі:

1. «Дау-жанжалдардан қашу», бұл, стресске ұшырамау үшін, адамның дау-жанжалдан алыс болуы.

2. Қарсы күрес, конкуренция – бұл өз көз-қарасынды қандай да болсын бағамен қабылдау басқа қатысушылардың пікірін сынға алмау

3. Дау-жанжалды азайту, бұл жағдайда басшы қақтығысты ескермейді, ұжымдағы жақсы қарым-қатынасты қолдауға тырысады. Ол қақтығыстарға қарсы тұруға келесі ескертпелермен шақырады: «біз барлығымыз бір топпыз», «бұл үлкен мәселе емес» және тағы басқа.

4. Дау-жанжалдарды келісім арқылы шешу, бұл шешім қабылдаушы әр жаққа ұтымды болады.

Келісімге, ымыраға (компромисске) қабілеттілік – бұл өте құнды қасиет, қақтығыстың тез шешілуіне мүмкіндік береді. Бірақ, келісімдік өте тез және жай шықса, бұл қабылданып отырған шешім сапасына әсер етеді және есеп болып шешіледі, мысалы бір затты «әділеттілікпен» бірдей бөлу.

5. Дау–жанжал себептерін түсіну үшін қақтығысты еңбектестікпен шешу, яғни көз–қарастағы ерекшеліктер мен өзгешеліктерді мойындау және өзге де көз–қарастармен танысуға дайындылық, барлық жақтарға тиімді шешім қабылдау.

Дау-жанжалдарды шешу үшін – кез келген әдістерді қолдануға болады. Басшы мен өзге жұмысшылар тобының нақты жағдайға тәуелді болу керек, ашып айтқанда себептері, қақтығыс нәрсесі, қатысушылардың жеке бас өзгешеліктері.

Дәріс 14. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі, дағдарыстан шығудың жолдары және дағдарысқа қарсы басқару технологиясы

Мақсаты: Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігін және дағдарыстан шығудың жолдарын анықтау, дағдарысқа қарсы басқару технологиясы мен Дағдарыс жағдайлардың қаржылық реттеуінің негізгі бағыттарын сипаттау.

Жоспары:

1. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі және дағдарыстан шығудың жолдары.

2. Дағдарысқа қарсы басқару технологиясы

3. Дағдарыс жағдайлардың қаржылық реттеуінің негізгі бағыттары.

1. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі және дағдарыстан шығудың жолдары.

Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігіне әсер ететін негізгі факторлар:

1) Дағдарысқа қарсы басқару профессионалдылығы және арнайы дайындық. Мұнда басқару профессионалдылығымен қатар профессионалды білім қажет.

2) Табиғаттан берілген және арнайы дайындық процесінде жинақталған басқару өнері. Көптеген дағдарыстық жағдайда жекелеген басқару өнері дағдарыстан шығудың шешуші факторы болып табылады.

3) Тәуекелдік шешімдерді өңдеу әдістемесі.

4) Жағдайды ғылыми талдау, тенденцияларды болжау.

5) Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігінің маңызды факторы болып корпаративтілік табылады. Корпаративтілік бұл ішкі потриотизм және энтуазизм.

6) Лидерлік бұл тек менеджердің жеке қасиеті емес, ол бүкіл басқару жүйесінің сипаты.

7) Оперативтілік және басқару икемділігі.

8) Дағдарысқа қарсы бағдарлама сапасы және стратегия.

9) Адам факторы. Мониторинг жүйесі. Ол дағдарыс төнуінің ықтималдылығын анықтау бойынша арнайы ұйымдасқан қызметті білдіреді.

Дағдарысқа қарсы басқару тиімді және тиімділігі төмен болуы мүмкін. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі мақсатқа жету деңгейімен сипатталады

Дағдарыс жағдайлардан шығудың негізгі жолдарына мыналарды жатқызуға болады:

1) іздеу. Бұл бұрынғы экономикалық өсу әдісінен шығу талаптануға мүкіндік беретін жалдау қатынастары саласындағы өзгерістер. Сонымен бірге бұл кәсіпорындардың ұмтылатын ішкі ұйымдастыру мен бәсекелестік түрлері.

2) Инновацияны тарату жағдайларын іздеу. Инновациялар (жаңартпа), микро- және макродеңгейдегі жағдайлар оларды қабылдауға бейімделмеген болса, инновациялар қажетті және қажетсіз, сонымен бірге ерте болуы мүмкін. Сондықтан да дағдарыс жағдайында инновацияларды таратуды анықтайтын факторлар жайлы сұрақтар өте маңызды.

3) Жергілікті және ғаламдық өзгерістер арасында айырмашылықтарды анықтау. Жаңа енгізілім қисыны шеңберінде қосымша жаңартпалар (инновация) мен құрылымдық өзгерістер арасында айыра білу қажет.

4) Бірмезетте өтіп жатқан өзгерістердің құрылымдық үйлесімділігін орнату. Бұл дағдарысты жғдайларын реттеу үрдісінің қисынан туындайды. Қаблданайын деп өзгерістер мақсатқа әкелмеуі немесе болжамдалмаған салдарға әкелуі мүмкін.

5) Ұйымдастырушылық-құрылымдық жаңалықтар ендіру. Бұл аспект әкімшілік механизмді нығайтуда көрінеді. Мемлекет тарапынан тұрғындарға жағдай туғызу барысында, мемлекет пен тұрғындар арасында тығыз байланыс пайда болады. Мемлекет дағдарыс жағдайын ретеу тиімділігін, халықтың өмір сүруіне әсер тигізуімен бағалайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]