Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЕ ОВП 6 курс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.01 Кб
Скачать

Бекет № 5 Жедел шұғыл медициналық жәрдем бойынша Клиникалық өлім жағдайындағы ересек адамның жүрек- өкпе реанимациясы

Емтихан тапсырушыға ақпарат

Науқас 67 жаста нитроглицеринмен басылмайтын жүрек аймағындағы интенсивті ауру сезіміне шағымданып ЖТД жүгінді. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚ – 100/60 мм с.б.б. ЭКГ-да кенеттен полиморфты қарыншалық тахикардия пайда болған, ол ірі толқынды қарыншаның жыпылықтауына ауысқан.

Ауру диагностикасы мен жүрек-өкпе реанимациясын жүргізудің тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз.

  1. Науқастың жағдайын бағалаңыз

  2. Науқастың жанында дұрыс орналасыңыз

  3. Жанама массаж техникасын жасаңыз

  4. Тыныс жолдарын қалпына келтіру техникасын жасаңыз

  5. Жасанды тыныс беру техникасын жасаңыз

  6. Жүргізілген шаралардың нәтижелілігін дұрыс бағалады

Бекет № 5

Жедел шұғыл медициналық жәрдем бойынша

Клиникалық өлім жағдайындағы ересек адамның жүрек- өкпе реанимациясы

Бағалау парағы

Қадамдарды бағалау көрсеткіштері

Балмен бағалау

1

Латексті қолғап кигеннен соң, студент пациенттің жанына жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта орналасады. Пациенттің жағдайын бағалайды:

-есі жоқ;

-тынысы жоқ;

-ұйқы артериясында пульс анықталмайды;

- көз қарашығы кеңейген;

1,0

0,8

0,6

0

2

Пациентті қатты, тегіс жерге арқасымен жатқыз. Еденге жатқызып көмек көрсету құтқарушыға өте ыңғайлы. Құтқаруышының тізесі пациент жанына болуы шарт.

1,5

1,4

1,2

0

3

Реанимация шараларын жүрек тұсына соққы беруден баста. Семсер тәрізді өсіндіні тауып, оның төске қиылысқан жерінен екі саусаққа жоғары жерге 1-2 рет соққы бер. Соққының күші қатты немесе жай болмауы тиіс. Ұйқы артериясы ырғағын тексер.

1,5

1,4

1,2

0

4

Ұйқы артериясы ырғағы жоқ болса, жүрекке жанама массажды баста. Қолыңды төске дұрыс орналастыр, бірінші қолдың алақан негізін төстің ортаңғы бөлігіне қой, екінші алақанның негізін оның үстіне орналастыр, саусақтар төске жанаспауы қажет. Шынтақ буынын бүкпей, иықтарыңды алақанның тұсында түзу ұста. Кеудені басуды қолдардың күшімен емес, дененің жоғарғы бөлігінің салмағымен жүзеге асыр. Басу тереңдігі 5-6см. 30 рет басып, 2 рет дем береміз. Дауыстап 1,2,3...30- деп сана.

2,0

1,9

1,5

0

5

Тыныс жолдарын төменгі жақты көтеріп, басты шалқайту арқылы аш. Тура өлшемді орофарингеальды түтүкшені таңда. Түтікшенің иілген жағын тілдің иілген жағына қарсы етіп дистальды жағымен енгіз. Түтікше жұтқыншаққа тірелгенде 180° айналдыр.

2,0

1,8

1,5

0

6

Жасанды тыныс беруді дұрыс жаса: сол қолмен бет пердені бетке кигізіп, оң қолыңмен қапшықты 2 рет бас (тыныс беру ұзақтығы 1 сек).

Тыныс беру мен компрессия қатынасы 30/2

1,0

0,8

0,6

0

7

Жүргізілген шаралардың нәтижелілігін дұрыс бағалады:

  • ұйқы артериясында ырғақтың пайда болуы;

  • тынысының пайда болуы;

  • қарашықтың тарылуы;

1,0

0,8

0,6

0

Қорытынды

10

8,9

7,2

0

Этап бойынша ең жоғарғы балл – 10 балл

Тапсырмаға берілген уақыт – 10 минут