- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
- •2013-2014 Оқу жылындағы «Жалпы дәрігерлік практика» модулі бойынша жалпы дәрігерлік практика – интерндері үшін oske әдісі бойынша қорытынды бақылауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Бекет № 1 (1) Ішкі аурулар бойынша Аурудың диагностикасы және еңбекке жарамсыздықты сараптау
- •Бекет № 1 (2) Ішкі аурулар бойынша Аурудың диагностикасы және еңбекке жарамсыздықты сараптау
- •Станция № 2 (1) Ішкі аурулар бойынша Аурудың диагностикасы және диспансерлік бақылау жоспары
- •Бекет №2 (1) Ішкі аурулар бойынша Аурудың диагностикасы және диспансерлік бақылау жоспары
- •Бекет № 2 (2) Ішкі аурулар бойынша Аурудың диагностикасы және диспансерлік бақылау жоспары
- •Бекет № 3 Ішкі аурулар бойынша Ауру диагностикасы және глюкозометрия жүргізу техникасы
- •Бекет № 3 Ішкі аурулар бойынша Ауру диагностикасы және глюкозометрия жүргізу техникасы
- •Бекет № 5 Жедел шұғыл медициналық жәрдем бойынша Клиникалық өлім жағдайындағы ересек адамның жүрек- өкпе реанимациясы
- •Бекет № 6 Балалар аурулары бойынша Ауру диагностикасы мен емі және пациенттке небулайзер, спейсер қолдануды үйрету
- •Бекет № 7 Балалар аурулары бойынша Иммунопрофилактика
- •Бекет № 8 Балалар аурулары бойынша Емхана жағдайында нәрестені жалпы қарау
- •Бекет № 9 (1) Балалар аурулары бойынша Сырқат бала
- •Бекет № 9 (2) Балалар аурулары бойынша Сырқат бала
Бекет № 2 (2) Ішкі аурулар бойынша Аурудың диагностикасы және диспансерлік бақылау жоспары
(стандартталған пациент, Kplus симуляторын қолдану арқылы)
Емтихан тапсырушыға ақпарат
Сізге 24 жастағы Есенқұлова Әлия келесі шағымдармен келді: дене жүктемесі барысында ентігіп, жүрегі қатты соғады, тез шаршайды, әлсіздік.
20 жасынан ревматизм диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұрады.
Объективті: ернінің көгеруі байқалады. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.
Өзіңіздің тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз:
∙ шағымдар және анамнез жинау бойынша;
∙ жүрек аускультациясын жүргізу бойынша;
∙ электрокардиография нәтижесін талдау бойынша;
∙ болжам диагноз қою бойынша;
∙ диагнозды нақтылау үшін қосымша тексеру жоспарын құрастыру бойынша;
∙ диспансерлік бақылау жоспарын құрастыру бойынша.
Бекет №2 (2)
Ішкі аурулар бойынша
Аурудың диагностикасы және диспансерлік бақылау жоспары
(стандартталған пациент, Kplus симуляторын қолдану арқылы)
(қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі)
Бағалау парағы
№ |
Қадамдарды бағалау көрсеткіштері |
Балмен бағалау |
||
1 |
Шағымдарын және анамнезін дұрыс жинады. Аускультацияны ретімен жүргізді: - сол жақ V қабырғааралықта ортаңғы бұғаналық сызықтан 1,0 см ішке; - оң жақ II қабырғааралықта төстің оң жақ шетінен сыртқа қарай; - сол жақ II қабырғааралықта төстің сол жақ шетінен сыртқа қарай; - семсер өсіндісі негізінің тұсында; - Боткин нүктесі, III қабырғааралықта төстің сол жағында |
1,0 |
0,5 |
0 |
2 |
Аускультациялық патологиялық деректерді бағалады: -жүрек түрткісі тұсында I тонның әлсіреуі; -II тонның әлсіреуі; - II қабырғааралықта төстің оң жағында диастолдық шу естіледі, шу Боткин нүктесіне беріледі; |
2,0 |
1,0 |
0 |
3 |
ЭКГ-ны дұрыс талдады: - ырғақты және автоматизм ошағын дұрыс анықтады (синустық, Р тісшесінің болуы); - ЖСЖ дұрыс есептеді; -ЭКГ-синдромды дұрыс анықтады (сол жақ қарынша гипертрофиясы) |
2,0 |
1,0 |
0 |
4 |
Болжам диагноз қойды: Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы. Қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі. ЖЖФК I (NYHA) |
2,0 |
1,0 |
0 |
5 |
Диагнозды нақтылау үшін қосымша тексеру жоспарын дұрыс құрастырды:
Диспансерлік бақылау жоспарын құрастырды: жылына 2 рет қаралады; қосымша тексерулер (ЖҚА, ЖЗА, ревматикалық үрдістің белсенділігін тексеруге сынамалар, коагулограмма – жылына 2 рет, ЭКГ, ЭхоКГ – жылына 1 рет, өкпенің рентгенографиясы көрсеткіш бойынша); мамандардың кеңесі (ревматолог/кардиолог, ЛОР, стоматолог жылына 2 рет, кардиохирург көрсеткіш бойынша) |
3,0 |
1,5 |
0 |
Қорытынды: |
10 |
5 |
0 |
|
Этап бойынша ең жоғарғы балл – 10 балл
Тапсырмаға берілген уақыт – 10 минут
