- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
- •2013-2014 Оқу жылындағы «Жалпы дәрігерлік практика» модулі бойынша жалпы дәрігерлік практика – интерндері үшін oske әдісі бойынша қорытынды бақылауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Бекет № 1 (1) Ішкі аурулар бойынша Аурудың диагностикасы және еңбекке жарамсыздықты сараптау
- •Бекет № 1 (2) Ішкі аурулар бойынша Аурудың диагностикасы және еңбекке жарамсыздықты сараптау
- •Станция № 2 (1) Ішкі аурулар бойынша Аурудың диагностикасы және диспансерлік бақылау жоспары
- •Бекет №2 (1) Ішкі аурулар бойынша Аурудың диагностикасы және диспансерлік бақылау жоспары
- •Бекет № 2 (2) Ішкі аурулар бойынша Аурудың диагностикасы және диспансерлік бақылау жоспары
- •Бекет № 3 Ішкі аурулар бойынша Ауру диагностикасы және глюкозометрия жүргізу техникасы
- •Бекет № 3 Ішкі аурулар бойынша Ауру диагностикасы және глюкозометрия жүргізу техникасы
- •Бекет № 5 Жедел шұғыл медициналық жәрдем бойынша Клиникалық өлім жағдайындағы ересек адамның жүрек- өкпе реанимациясы
- •Бекет № 6 Балалар аурулары бойынша Ауру диагностикасы мен емі және пациенттке небулайзер, спейсер қолдануды үйрету
- •Бекет № 7 Балалар аурулары бойынша Иммунопрофилактика
- •Бекет № 8 Балалар аурулары бойынша Емхана жағдайында нәрестені жалпы қарау
- •Бекет № 9 (1) Балалар аурулары бойынша Сырқат бала
- •Бекет № 9 (2) Балалар аурулары бойынша Сырқат бала
Бекет № 1 (2) Ішкі аурулар бойынша Аурудың диагностикасы және еңбекке жарамсыздықты сараптау
(стандартталған пациент, LSAT симуляторын қолдану арқылы)
Емтихан тапсырушыға ақпарат
Сіз – жалпы тәжірибедегі дәрігерсіз. Сізге 32 жасар Петрова Ирина, кілегейлі-іріңді қақырықпен жөтелге, бас ауыруына, қалтырау, дене температурасының 39 С жоғарылауына және жалпы әлсіздікке шағымданып жолықты.
Өзіңіздің тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз:
∙ шағымдар және анамнез жинау бойынша;
∙ өкпе аускультациясын жүргізу бойынша;
∙ зертханалық зерттеу нәтижелерін (қақырық анализі) интерпретациялау бойынша;
∙ Rn- суретін интерпретациялау бойынша;
∙ клиникалық диагнозды құрастыру бойынша;
∙ еңбекке жарамсыздықды сараптау бойынша.
Қақырықтың жалпы анализі
Науқас:, Петрова И., 32 жас
Түрі – кілегейлі-іріңді
Иісі – жоқ
Микроскопиялық зерттеу:
Эритроциттер – 8-9-10 көз алаңында
Лейкоциттер – 10-11-12 көз алаңында
Пневмококктар + + +
Бекет № 1 (2)
Ішкі аурулар бойынша
Аурудың диагностикасы және еңбекке жарамсыздықты сараптау
(стандартталған пациент, LSAT симуляторын қолдану арқылы)
(пневмония)
Бағалау парағы
№ |
Қадамдарды бағалау критерийлері |
Балл түрінде баға |
||
1 |
Шағымдары мен анамнезін дұрыс жинады. Өкпе аускультациясын алдынан және артынан, жоғарыдан және төменге симметриялық нүктелерде жүргізді Патологиялық өзгерістерге сипаттама берді: - негізгі тыныс шулары – оң өкпенің төменгі бөлігінде бронхиальды тыныс - қосымша тыныс шулары – ұсақ көпірішікті ылғалды сырылдар |
2,0 |
1,0 |
0 |
2 |
Зертханалық зерттеу нәтижесін (қақырық анализін) дұрыс талдады |
1,0 |
0,5 |
0 |
3 |
Rn –сүретті дұрыс талдады: - cурет сапасын дұрыс бағалады, cурет проекциясын анықтады; - суреттегі көлеңкелерді сипаттағанда олардың сипатын, айқындылығын, контурын, құрылымын, орналасуын бағалады; - өкпенің негізінің күйін адекватты бағалады: орналасуы (ығысуы), формасы, контуры, көлемі; - плевра күйін бағалады, жабысқы, сұйықтық жиналу синдромы, пневмоторакс болуын анықтады; - дұрыс рентгенологиялық қорытынды берді |
2,0 |
1,0 |
0 |
4 |
Клиникалық диагнозды дұрыс негіздеді және дұрыс құрастырды: Өкпенің төменгі бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы, жеңіл түрі. ТЖ 0 |
2,0 |
1,0 |
0 |
5 |
Еңбекке жарамсыздықты дұрыс сараптады: . |
3,0 |
1,5 |
0 |
Қорытынды: |
10 |
5 |
0 |
|
Этап бойынша максималды балл – 10 балл
Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 10 минут
