Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЕ ОВП 6 курс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363.01 Кб
Скачать

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем кафедрасы

«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік және

тәрбие ісі жөніндегі

проректор М.Ұ. Анартаева

_______________________

«____» ____________2013 ж.

2013-2014 Оқу жылындағы «Жалпы дәрігерлік практика» модулі бойынша жалпы дәрігерлік практика – интерндері үшін oske әдісі бойынша қорытынды бақылауға арналған әдістемелік нұсқау

Шымкент, 2013 ж.

Әдістемелік нұсқау «Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем» кафедрасының мәжілісінде талқыланды және мақұлданды

Хаттама № ____ «____» _______2013 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент _____________ Югай Н.В.

Әдістемелік нұсқау клиникалық пәндердің жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды және мақұлданды

Хаттама № ____ «____» _______2013 ж.

ЖӘК төрайымы м.ғ.к., доцент _______________ Тұртаева А.Е.

Әдістемелік нұсқау факультеттер кеңесінде талқыланды және мақұлданды

Хаттама № ____ «____» _______2013 ж.

Факультеттер кеңесінің төрағасы м.ғ.д., профессор ____________ Қарабеков А.Қ.

Әдістемелік нұсқау ОҚМФА әдістемелік кеңесінде бекітілді

Хаттама № ____ «____» _______2013 ж.

Кіріспе

Әлемдік деңгейде дәрігерлердің кәсіби біліктілігі объективті құрылымдық клиникалық емтиханмен бағаланады - бұл сенімді және жоғары дәрежеде өзін ақтаған инновациялық әдіс.

Қорытынды бақылау кезінде жалпы дәрігерлік практика – интерндерінің тәжірибелік дағдыларының деңгейін объективті құрылымдық клиникалық емтиханның нәтижелерімен бағалайды. Қорытынды бақылау ОҚКЕ технологиясы бойынша 10 бекетте өткізіледі:

- бірінші бекет – Аурудың диагностикасы және еңбекке жарамсыздықты сараптау (стандартталған пациент, LSAT симуляторын, пикфлоуметр қолдану арқылы);

- екінші бекет – Аурудың диагностикасы және диспансерлік бақылау жоспары (стандартталған пациент, KPlus симуляторын қолдану арқылы);

- үшінші бекет – Ауру диагностикасы және глюкозометрия жүргізу техникасы (стандартталған пациент, глюкозометр қолдану арқылы);

- төртінші бекет - ЭКГ түсіру техникасы және қалыпты электрокардиограмманы талдау тәртібі;

- бесінші бекет - Клиникалық өлімдегі ересек адамға өкпе-жүрек реанимациясын жүргізу;

- алтыншы бекет – Ауру диагностикасы мен емі және пациентке небулайзер қолдануды үйрету;

- жетінші бекет – Иммунопрофилактика;

- сегізінші бекет – Емхана жағдайында нәрестені жалпы қарау;

- тоғызыншы бекет – Сырқат бала;

- оныншы бекет - Терівенерологиялық синдромын анықтау. Локальді статусын айтып өту. Диагностика және емдік әдістерін анықтау. Жауабын дәлелдеу.

Жалпы дәрігерлік практика – интерндер келесі құралдар мен муляждарды қолданып тәжірибелік дағдыларын көрсетуі қажет: – стандартталған пациенттер зерттеу деректерімен бірге (электрокардиограммалары, зертханалық деректері, рентген-суреттері), К- plus, LSAT симуляторлары, ЭКГ аппараты (Аксион), глюкозометр (прибор Accu-Chek Softclix), небулайзер, ЖӨР жүргізуге арналған муляж.

ОҚКЕ кезінде әр бекетте орындалатын қызмет түрі нақты және кезекті қадамдық әрекеттер арқылы көрсетіледі.

Әр бекетте орындалуы қажет тапсырмаға 10 минут беріліп, максималді 10 балмен бағаланады. Емтихан тапсырушының манипуляцияны жүргізе білу біліктілігіне қарай әр қадамдық әрекет 0-ден 3-ке дейінгі балл аралығында бағаланады.

Мақсаты – ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды бағалау және жетекшілік ету.