Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
stud.kz_158077308.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.1 Кб
Скачать

Қазақтың жеңіл атлеттері Тұяқов Әмен Елемесұлы

Әмен Елемесұлы Тұяқов (12.2.1938 жылы туылған, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы) – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965), ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (1997). Бұрынғы Гурьев педагогикалық инистутының физика-математика факултетін (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті) бітірген (1960). Бапкерлері – А.М. Куликова, Б.С. Токарев. Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы. КСРО чемпионатының 100 м жүгіруден күміс (1965, 1967), қола (1962, 1964) және 200 м-ге жүгіруден алтын (1962 – 63, 1965 – 66) медалін алған, 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының чемпионы (1962 – 63), КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы (1963, 1967). Еуропа чемпионатында 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының күміс жүлдегері (1966, Будапешт, Венгрия) және кубогының жеңімпазы (1965, Штутгарт, Германия) болды. КСРО-АҚШ (1965, Киев, эстафета 4*100, 39,3 КСРО рекорды), КСРО-Англия (1966, Лондон), Франция-КСРО (1965, Киев) және Соц. достастық елдері әскерлері арасындағы матчтық кездесулерінің жеңімпазы. Ағайынды С. және Г. Знаменскийлерді еске алуға арналған халықар. турнирде 100 және 200 м-ге жүгіруден алтыннан алқа тақты (1963, 1967, Мәскеу), чехословакиялық Рощитский, польшалық Кусатчинский құрметіне арналған халықар. жарыстың жүлдегері (1962 – 67) болды. Он төрт рет КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы атағын иемденді. 6 рет КСРО рекордын жаңартты. Алматыдағы Қ.Мұңайтпасов атынд. мектеп-интернатта бапкер (1971 – 92), жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметтерін атқарды (1992 – 99). “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1965).

Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы

Ғұсман Қосанов - КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяқ. 1960 жылы Рим олимпиадасынан күміс медалға ие болды. Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы (25.5.1935, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Изатулла аулында – 13.6.1990, Алматы) – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1964). Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (Рим, 1960), КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966), КСРО – АҚШ матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965) болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан “Қосанов Мемориалы” атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Ғұсман Қосанов Лос-Анджелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілкі ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3-4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм өкінішін осылай жеткізеді...

Таяқпен секiру

Таяқпен секiру - жеңіл атлетикалық бағдарламаның техникалық түрлерiнiң вертикальды секiру санатына жататын түрі. Спортшылардан секiргiштiктi , спринтер сапаларын, қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiкті талап етедi. Ерлер арасында таяқпен секiру 1896 жылдың Бiрiншi жазғы олимпиядасында, әйелдер арасында - 2000 жылдың Сидней Олимпия ойындарынан бастап олимпиядалық спорттың түрi болып табылады. Жеңіл атлетикалық көпсайыстар қатарын жатады.

Ережелері

Жарыстар Биiктiкке секiруге арналған жерге тақтайша ұстаушылары және қонатын орнымен жабдықталған секiру секторларында болады. Алдын ала кезең және финалда спортшыға әрбiр биiктiкті бағындыруға үш талпыныстан берiледi. Биiктiктердiң өсуi төрешілермен жарыстар барысында анықталады, бірақ ол 5см-ден кем бола алмайды. Әдетте аз биіктіктерде 10—15 см-лер болып және содан соң адым адыммен 5-ке ғана өсе бастайды. Жерге қону орнының өлшемдерi 5х5 м, ал жұқа тақтайшаны ұстаушылар арасындағы қашықтық 4 м.

Таяқпен секiру кезеңдері

Екпіндеп жүгіру

Итерілу

Ұшу

Екпiндеп жүгіру үшiн жол ұзындығы - кемiнде 40 м, ені - 1, 22 м. Спортшы төрешілерден бағандардың орнын өзіне лайықты етіп таяқтың тiреуiш жәшiгінiң артқы бетiнен 40 см-ден жүгіру бағыты бойынша 80 см-ге реттеуге сұрауына құқығы бар. Талпыныс сәтсiз болып есептеледi егер:

  • жұқа тақтайша секiрудiң нәтижесiнде орнынан сырғып түссе;

  • спортшы тiреуiш жәшігінің арғы шеті арқылы өтетін вертикаль жазықтықтың арғы жағында орналасқан сектор бетін, қонатын жерді қосқанда, денесінің кез келген бөлігімен немесе таяқпен тиiп кетсе;

  • спортшы ұшу кезінде жұқа тақтайшаны құлаудан қолмен ұстап қалуға талаптанса.

Төреші сәттi талпынысты ақ байрақтың көтеруiмен белгiлейдi. Егер жұқа тақтайша бағандардан ақ байрақтың көтеруiнен кейiн құлап кетсе - талпыныс есептеле береді. Егер таяқ талпынысты орындау барысында сынып кетсе спортшы талпынысты қайтадан орындауға құқығы бар.

Диск лақтыру

Диск лақтыру — жеңіл атлетиканың түрі, белгіленген шеңбердің ішінен лақтырғаннан кейін арнайы шектелген аумақтың ішіне түседі. Спортшылардан жігер мен қозғалыс координациясын талап етеді. Жеңіл атлека тәртібі бойынша олимпиада ойындарына ерлер арасында 1896 жылдан, ал әйелдер арасында 1928 жылдан бері кіреді. Жеңіл атлетика көпсайысына жатады.

Жарыс пен ережелері

Жарысқа қатысушылар диаметрі 2.5 метр дөңгелек ішінен диск лақырады. лақтыру қашықтығы деп дөңгелектің сыртқы радиусынан диск түскен жерге дейінгі қашықты айтады. Ерлер пайдаланатын диск салмағы — 2 кг, ал әйелдердік — 1 кг (Жастар үшін -1.5 кг, Жасөспірімдер -1.75 кг).

IAAF ресми жарыстарында спортшылар алты талпыныс жасайды. Егер қатысушылар саны сегізден көп болса, алғашқы 3 талпыныс бойынша сегіз мықыт іріктеліп өзара мықтыны алты талпыныс жасап анықтайды.

Дискіні лақтыру қоршалған рұқсат етілген горизонттық бұрышы 350 болатын торлы сектордан жүргізіледі. Спортшыға диск жерге түскенше сектор сыртына шығуға рұқсат етілмейді. лақтыру кезінде диск сектор қоршауна тиуі мүмкін, егер басқа ереже бұзу байқалмаса.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]