Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Делопр на гос языке (тапсырма).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
416.77 Кб
Скачать

4. Тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңіз

Қаулы – негізгі сот құжаттарының бірі. Сот қаулылары екі түрге бөлінеді: ауызша және жазбаша. Ауызша қаулы кеңесу бөлмесіне бармай шығарылады. Ауызша қаулыларды судьялар даусыз, айқын мәселелер бойынша шығарады. Сот залында шығарылған қаулы мазмұнын төрағалық етуші ауызша тұжырымдайды және ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

Сот күрделі, даулы мәселелер бойынша туындаған дауларды кеңесу бөлмесінде талқылап қаулы шығарады. Мәселен, ҚР ҚІЖҚ-нің 325-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот келесі мәселелер бойынша кеңесу бөлмесінде жазбаша қаулылар шығаруға міндетті: істі қосымша тергеуге жіберу туралы, істі қысқарту туралы, қылмыс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшін жою туралы, бас тарту туралы, сараптама тағайындау туралы, сондай-ақ ҚР ҚІЖК-нің 387-бабында көзделген негіздер пайда болса, сот кеңесу бөлмесінде жеке қаулы қабылдайды. Ол қаулы судья немесе сот құрамы қол қоятын жеке құжат түрінде жасалады және жазбаша дәйектемелерді талап етеді.

Қаулы:

2008 жылдың 11 ақпаны Астана қаласы

Астана қалалық соты мына құрамда: төрағалық етуші – судья К.К.Қасымов, хатшысы А.Қалиева, прокурор И.П.Барабановтың, адвокаттар И.Е.Күлжановтың, А.Я.Антоновтың қатысуымен ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша Иванов Сергей Александрович пен Миронов Александр Николаевичті айыптау жөніндегі істі қарай келіп,

Анықталды:

Соттаушылар С.А.Иванов пен А.Н.Миронв алдын ала келісім бойынша дүкеннен жалпы құны 26 856 теңге тұратын азық-түлік және спиртті ішімдік ұрлады деген айып тағылған.

Алдын ала тергеу кезінде олардың екеуі де өздерінің кінәлі екендігін мойындап, іс-әрекеттерін толық әңгімелеп берген. Сотта С.А.Иванов ұрлықты жалғыз жасағандығын, әрі оны қалай жасағандығын дәлелдеп бақты. А.Н.Миронов қылмысқа қатыспағандығын, ал тергеуде полиция қызметкерлерінің үгіттеп, қорқытуының салдарынан жалған сөйлегенін мәлімдеді.

Соттаушылардың жауаптарын бағалап, іс бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін С.А.Ивановтың ұрлықты жалғыз жасай алу мүмкіндігін тексеру маңызды еді.

С.А.Иванов мұндай тексеруге келісім берді.

ҚР ҚІЖК-нің 239, 360-баптарын басшылққа ала отырып, сот

Қаулы:

Сот берген жауаптарына сәйкес С.А.Ивановтың ұрлықты жалғыз жасай алу мүмкіндігіне: басқа біреудің көмегінсіз шатырдағы ойып жасаған тесіктен дүкенге түсіп, сосын сол арқылы ұрланған заттарды, соның ішінде ішімдік салынған жәшіктерді сыртқа шығаруына тергеу тәжірибесі жүргізілсін.

Бұл жағдай С.А.Ивановтың оқиға болған жерде нақтылы іс-әрекеттерімен тексерілсін.

Тәжірибе соттың толық құрамында сотталушының (күзетші айдауымен әкелініп, мемлекеттік айыптаушының, қорғаушылардың, куә ретінде жауап алынған дүкен меңгерушісі Г.А.Кириченконың, сондай-ақ көріністерді бейнетаспаға түсіретін маманның қатысуымен жүргізілсін.

Астана қалалық сотының судьясы

5. Тапсырма. Төмендегі тақырыптарға қаулылар жазыңыз

  1. Істі сот өндірісіне қабылдау және алдын ала тыңдауды тағайындау туралы

  2. Қосымша тергеуге жіберу туралы

  3. Істі сотталуы бойынша жіберу туралы

  4. Істі қысқарту туралы

  5. Мүлікке тыйым салу туралы

  6. Іс жүргізуді тоқтата тұру туралы

  7. Іс жүргізу өндірісін қайта бастау туралы

  8. Бұлтартпау шарасын өзгерту туралы

  9. Сотталушыны іздестіру туралы

  10. Сот-криминалистік (дактилоскопиялық) сараптама тағайындау туралы