Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Делопр на гос языке (тапсырма).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать

Мағлұмат. Ақпарат

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің Премьер-Министріне

Құрметті ....!

Сіздің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 333 хатыңызды қарап, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі төмендегідей мағлұмат береді.

Солтүстік Қазақстан облысының (бұдан әрі – СҚО) сұрау хатында көрсетілгендей 348 жоғары білімді дәрігер маман жетіспейдігін растайды. Қазіргі уақытта мамандарға тапшы елді мекендер облыс орталықтарынан шалғайда орналасқан әлеуметтік жағдайлары күрделі ауылды жерлер. Көрсетілген жағдайды ескере отырып, облыс әкімшілігі үш жылдық бағдарлама дайындап, бекітті.

Аталған бағдарламаға сәйкес, 2007 жылы 150 жас маманмен келісім шарт жасалып, бос орындарға тартылуда.

Медициналық ақпараттық талдау орталығын компьютермен жабдықтау 50% және республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттердің орындалуының 70 % болуы тендер өткізу шараларындағы қиындықтарға байланысты болды. Тендер өткеннен кейін компьютермен жабдықтау 90-95%, ал республикалық бюджеттің орындалуы 98%-ға дейін көтеріледі.

СҚО бойынша халықтың 3%-ы ғана ерікті медициналық сақтандырумен қамтылған. Келешекте бұл мәселе де кезең-кезеңімен іске асырылады деп ойлаймыз.

Құрметпен,

министрдің міндетін атқарушы

1. Тапсырма. Төменде берілген сөздерді қолданып, өзіңіздің қызметіңіз бойынша мағлұмат жазыңыз

– күші жойылды деп тану – признать утратившим силу

– жеке құрам бойынша бұйрық – приказ по личному составу

– қоса беріліп отырған – прилагаемый

– қабылдау – принимать, принять

– есім беру – присвоить имя

– тексеру – проверить

– өткізу – проводить

– жалғастыру – продолжить

– әзірлеу – разработать

– рұқсат ету – разрешить

– қарау – расмматривать

– іске асыру – реализовать

– ұсыну – рекомендовать

– қайта құру, қайта ұйымдастыру – реорганизовать

– шешу – решить

– басшылыққа алу – руководствоваться

–қолданыстағы заңдарды басшылыққа алу – руководствоваться действующими законами

– нормативтік актілерді басшылыққа алу – руководствоваться нормативными актами

– бұйрықпен таныстырылды – с приказом ознакомлен

– қалыптасқан жағдайға байланысты – в связи со сложившимся условиями

– өз өтініші бойынша – согласно поданному заявлению

– штат кестесіне сәйкес – согласно штатному расписанию

– құру – создавать

– жоба әзірлеу – подготовить проект

– есептен шығару – списать

– тізімі қоса беріліп отыр – список прилагается

– талаптарға байланысты – в связи с требованиями

– хабардар ету – уведомить

– нығайту – укреплять

– ретке келтіру – упорядочить

– орнату – устанавливать

– бекіту – утверждать

– нақтылау – уточнить

Үлгі

Ақпаратхат

Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы мен Қырғызтан Республикасы арасындағы экономикалық интеграция әрекеттерінің 2006-2008 жылдарға арналған жоспарын қарап мынаны хабарлайды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттеріне жедел медициналық көмек осы мемлекеттердің азаматтарына 1997 жылғы 27 наурызындағы Мәскеу қаласындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттерінің азаматтарына жедел медициналық көмек көрсету келісіміне сәйкес тегін көрсетіледі.

Вице – министр