Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Делопр на гос языке (тапсырма).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
416.77 Кб
Скачать

Н.4.02-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

ОӘК шешімімен

Төраға ___________ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)

«_____» __ 20 ____ ж.

Қазақ тілі кафедрасы

(кафедраның толық атауы)

аға оқытушы,г.ғ.м. Абылқасов Ғ.Ж.

(автордың аты-жөні, тегі)

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні

ОБСӨЖ өткізудің

Әдістемелік нұсқауы

Көкшетау, 2016

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні бойынша ОБСӨЖ өткізудің әдістемелік нұсқауы оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және студенттердің өздік жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

Қазақ тілі кафедрасының отырысында талқыланды

№ хаттама «28» тамыз 2016 жыл

Кафедра меңгерушісі _____________ ф.ғ.к., Ө.А.Жумагулова

Филология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

№ хаттама «29» тамыз 2016 жыл

Әдістемелік комиссияның төрағасы _________ аға оқытушы А.Қ.Құрманова

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.

Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты.

Іс қағаздарын жүргізу – басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Себебі іс қағаздарын жүргізу – мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жұмысы. Соған орай студент дайын құжаттармен жұмысты да, мекеме ішіндегі дайындалған құжаттармен жұмысты да, сырттан келген құжаттармен жұмысты да, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындауды білуі керек.

Ресми құжаттарға төмендегідей талаптар қойылады:

мазмұны қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалу керек;

тұжырымдары дәл нақты болуы тиіс;

сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы керек;

терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігін сақтау қажет;

қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер,сирек қолданыстағы сөздер,бір қолданыстағы сөздер болып саналатын лексикалық элементтер, сондай – ақ бейнелі, образды фразеологизмдер, қарапайы лексикаға тән тұлғалар, ауызекі сөйлеу стилінің тілдік элементтері қолданылмайды.

Студенттердің бұрын алған фонетикалық, грамматикалық, лексикалық білім-біліктерін ескере отырып, олардың сөздік қорын (ресми-іскери, әлеуметтік-саяси лексика арқылы) молайту, ресми құжаттарды қазақша толтыру дағдысын қалыптастыру, іс қағаздарына тән лексиканы меңгерту, мемлекеттік тілде еркін және сауатты жазуға төселдіру, аударма жұмыстарына дағдыландыру мақсаты көзделіп отырады.

Іс қағаздары – басқару процесіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінетіндіктен, іс қағаздарын жүргізу басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Осыған орай осы пәнді оқыту бағдарламасында мынадай тақырыптар (ресми іс қағаздар түрлері) қамтылған: Мемлекеттік қызмет. Іс қағаздарының тыныс белгілері. Эссе, Өтініш, Анықтамалық-ақпараттық құжаттар. Қызметтік хаттар, Баянхат, Ұсынысхат, Сұраухат, Ілеспехат, Қолдаухат, Ақұпарат хат, Растаухат, Анықтаухат, Жолдаухат, Түсінікхат, Қаулы.

ОБСӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалар

ОБСӨЖ

тақырыптары

Кейс тапсырмалары

1

Мемлекеттік қызмет. Іс қағаздарының тыныс белгілері. Эссе

    1. Эссеге қарап, өз қызметіңіз жайлы жазыңыз.

    2. Мемлекеттік қызмет тақырыбына байланысты сөздік жұмысын жаттаңыз.

Іс қағаздары сөйлемдерінің ішінде келетін тыныс белгілерін анықтап, дұрыс жазылуын қоланыңыз.

2

Өтініш.

  1. Экономика және ақпараттық жүйесі факультетінің деканы И.С.Савченконың атына 14 желтоқсаннан 18 желтоқсан аралығында болатын сабақтардан босату туралы өтініш жазыңыз.

2. «Валют-Транзит Ломбард» банк директоры В.Винокуровтың атына 10 күн мерзімді іс-сапарға жіберу туралы өтініш жазыңыз.

3. № 1 қазақ орта мектебінің директоры А.А.Алиевтің атына экономика және құқық негіздері пәнінен мұғалім ретінде жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз.

4. Өтінішке қатысты термин сөздерді жаттаңыз.

3

Анықтамалық-ақпараттық құжаттар. Қызметтік хаттар.

  1. Қызметтік хат жазу барысында лексикалық минимумдарды есіңізде сақтаңыз.

  2. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің атына қызметтік хат үлгісін жазыңыз.

  3. Қызметтік жазба үлгісімен танысып, мәтінді аударыңыз.

  4. Берілген термин сөздерді қолданып, өз қызметіңізге байланысты қызметтік хат, қызметтік жазба жазыңыз.

4

Қызметтік хат.

1. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қызметтік хат жазыңыз.

2. Қызметтік хат жазу барысында берілген ескертулерді ескеріп, дәптеріңізге жазыңыз. Кейбіреуін орыс тіліне аударыңыз.

3. Қызметтік жазба мәтінінен етістіктерді теріп жазыңыз.

4. Берілген термин сөздерді қолданып, өз қызметіңізге байланысты қызметтік хат, қызметтік жазба жазыңыз.

5

Баянхат

1. Мемлекеттік мекемеге келіп түскен қызметтік хаттарды тіркеуге байланысты термин сөздерді қолдана отықрып, қызметіңізге байланысты баянхат жазыңыз.

2. Қызметтік хат жазу барысында көрсетілген ескертулерді ескеріп, сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

3. Қалалық білім беру басқармасының атына биылғы оқу жылына 1-сыныпқа 420 бала қабылданатынын мәлімдеп, бастауыш сынып мұғалімінің 3 штаттық орнын сұрап, мектеп директоры атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.

4. Бөлім меңгерушісінің атына тоқсан қорытындыларын, тауар сапасы мен сатылу деңгейі туралы мәлімдеп, менеджер атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.

6

Ұсыныс хат

  1. Мектептің педагогикалық кеңесі атынан мектеп директорына тәжірибелі ұстазды мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі қызметіне ұсыну туралы хат үлгісін жазыңыз.

  2. Студенттердің атынан факультет деканы атына хат жазып, үздік студентті факультет кеңесінің мүшесіне ұсыныңыз.

  3. Кәсіпорын басшысының атына білікті маманмен келісімшартты ұзартуды ұсынып, бөлім меңгерушісінің атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректорына ұсыныс хат жазыңыз.

5. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорына атына ұсныс хат жазыңыз.

7

Сұраухат

1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сұрау хат жазыңыз.

2. Облыстық кітапхана меңгерушісінің атына 2006 жылы өткізілетін оқырмандар конференциясының тақырыптарын сұрап, мектеп директорының атынан сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

3. Қалалық оқу бөлімінің бастығына қажетті маман мұғалімдерді жіберуін сұрап, мектеп директоры атына сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

4. «Келешек» жекеменшік баспаның бас редакторының атына автордың атынан кітапты 500 данамен қайта

Шығару керектігі туралы сұраныс хат үлгісін жазыңыз.

5. Тақырыпқа байланысты терминдерді жаттаңыз.

8

Ілеспехат

1. Ережені есте сақтаңыз.

2. Ілеспехат мәтінімен танысып, соның негізінде ҚР Денсаулық сақтау департаментіне хат жазыңыз.

3. Терминдерді жаттап алыңыз.

9

Қолдаухат

1. Термин сөздерді қолданып, өзіңіздің қызметіңіз бойынша қолдаухат жазыңыз.

2. Қаржы департаментінің бухгалтерлік есеп бөліміне қолдаухат жазыңыз.

3. Қолдаухат жазу барысында лексикалық минимумдарды есіңізде сақтаңыз.

10

Ақпарат

  1. Облыстық спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен аймақтық жеңіл атлетикадан спартакиада өткізілмекші. Осы мәселеге орай барлық жағдайды ескеріп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

  2. Қалалық СЭС-тің ұйымдастыруымен «Нашақорлық пен жас ағзаныің ерекшелігі» атты конференция өткізілмекші. Осы мәселеге байланысты ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

  3. «Атамұра» республикалық баспасынан осы жылы жоспарланған әдебиеттерді көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

11

Растаухат

1. Қарар үлгілерінің қазақша баламасын беріңіз.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің атына растау хат жазыңыз.

3. Терминдерді жаттаңыз.

12

Анықтаухат

Солтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау департаментіне үлгі бойынша анықтаухат жазыңыз

13

Жолдаухат

  1. Облыстық кітапхана меңгерушісінің атынан 2006 жылы оқырман конференцияларының тақырыпттық жоспары мен авторлармен кездесу кештерінің жоспарын жіберуі туралы мектеп директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.

  2. Қалалық оқу бөлімі бастығының атына қызмет бабымен ауысқан маманның құжаттарын жібергені туралы жолдама хат үлгісін жазыңыз.

3. «Мерей» жиһаз жасау АҚ-ның атынан Халық банкінің кредиторының жұмыс орнынан және еңбекақысы туралы анықтамасын жібергені туралы банк директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.

14

Түсінікхат

  1. Қысқы сессияны алдын-ала тапсыруыңыздың себебі туралы түсініктеме беріңіз.

  2. Диплом алуда не себепті фамилияңызды өзгертетіндігіңіз туралы түсініктеме беріңіз.

3. Екі ай бойы сабаққа қатыспағандығыңыз туралы түсініктеме беріңіз. Қысқы сессияны алдын-ала тапсыруыңыздың себебі туралы түсініктеме беріңіз.

15

Қаулы

        1. Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты жұмыстан шығару туралы бұйрықтан көшірме жасаңыз. шығарыңыз.

  1. Ресми сапарға кету туралы бұйрықтан көшірме жасаңыз. шығарыңыз

  2. Айрықша жұмыс жағдайлары үшін қызметкерлеріңізге ақшалай сыйлық беретіндігіңіз туралы бұйрықтан көшірме жасаңыз. шығарыңыз.

1-тақырып. Мемлекеттік қызмет. Іс қағаздарының тыныс белгілері. Эссе

Мемлекеттік қызметкердің қазақша ойланым, жазылым әрекеттерін тексеретін жазбаша жұмыстың негізгі түрі – эссе.

Эссе – француз сөзі, үйренушінің белгілі тақырыпқа қатысты өзіндік жеке көзқарасын білдіреді. Эссе кіріспе, негізгі, қорытынды ойлардан тұрады.