- •Тұрмыс деңгейін зерттеу бойынша үй шаруашылықтары іріктемесін құру әдістемесі
- •Жалпы ережелер
- •Зерттелетін жиынтықтың анықтамасы (іріктеме шеңбері)
- •Іріктемелі жиынтық көлемі
- •Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру алгоритмі
- •Іріктеменің сегменттелуі
- •Іріктеменің ығысуы
- •Салмақтау
- •Іріктеменің ротациясы
- •«Тұтынуға жұмсаған табыстары» көрсеткішінің дәлдігін бағалайтын сипаттама
- •Бөлінуі (қалалық және ауылдық жер)
Іріктеменің сегменттелуі
Іріктемені тәжірибелік қолдану үшін зерттеудің таңдап алынған бірліктері бір-бірінен бір кластер ішінде аумақтық орналасуы маңызды фактор болып табылады, себебі олардың бір-бірінен алшақтығы зерттеу жүргізу кезінде қосымша шығындар мен қолайсыздықтар туғызады. Кейбір таңдап алынған АІБ халық саны бойынша өте ірі болуы мүмкін және олардағы зерттеу бірліктері бір-бірінен аумағы жағынан шашыраңқы болуы мүмкін.
Мысалы: (ӘАОЖ – 515437) Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерінде АІБ бірі 3183-ке тең үй шаруашылықтарының жалпы санымен 14 елді мекеннен тұрады және олардың бір-бірінен алшақтығы 25 км-ға дейін жетеді.
Осындай жағдайлар туындаған жағдайда сегменттеу (ұсақтау немесе ірілендіру) үдерісі арқылы іріктемеге түзету енгізу мүмкіндігі бар.
Бірінші АІБ-де ІТЫЖ жолымен ТҚСТ бойынша оларда орналасқан үй шаруашылықтарының санын ескере отырып үш елді мекен таңдап алынады және үш елді мекеннің әрбіреуінде де ІТЫЖ жолымен 10 үй шаруашылығы таңдап алынады. 10 резервтік үй шаруашылығы (алмастыру үшін) таңдап алынған үш елді мекен арасына кездейсоқ бөлінетін болады.
Бұл рәсім іріктеменің қосымша кезеңі болып табылады және көбірек кластерлік іріктеме алуға мүмкіндік береді, сонымен бірге іріктеу ықтималдығының өзгеруін іріктеп немесе алынған үй шаруашылықтары салмағының өзгеруін туғызбайды. Демек, (4) және (5) формулалар қандай да бір өзгеріссіз ірілендірілген (сегменттелген) АІБ-де қолдануға болады.
Іріктеменің ығысуы
Зерттеу барысында іріктеп алынған тұрғын үй табылмауына немесе оған адам қоныстанбауына немесе үй шаруашылығы зерттеуге қатысудан бас тартуына байланысты үй шаруашылығына сауал жүргізу мүмкін болмайтын жағдайлар орын алуы мүмкін. Зерттеуге қатысудан бас тарту орынсыз құбылыс болып табылады, өйткені іріктеменің көлемін қысқартады және негізінен іріктеменің ықтимал ығысуының қайнар көзі және бұрмаланған статистикалық нәтижелерге алып келеді.
Деректерді алмау мәселесін жеңудің ең тиімді тәсілі әрбір жағдайды егжей-тегжейлі құжаттау болып табылады.
«Алмастыруды болдырмау» қағидатын сақтау бойынша қиындықтар туған жағдайда, әрбір кластерде үй шаруашылықтарының саны 1/3 мөлшерінде (әрбір интервьюерге 10 үй шаруашылығынан) үй шаруашылықтарының резервтік тізімін көздеу қажет.
Жалпы алғанда әрбір кластерде 40 тұрғын үй таңдап алынады: атаулы іріктемеде – 30 және алмастырылатыны – 10. Бұл ІТЫЖ жолымен АІБ-дағы барлық қолайлы тұрғын үй санынан 40 тұрғын үй таңдап алынады, ал содан кейін кездейсоқ таңдап алынған 0, 1, 2 және 3 сандарын циклдық ауыстыру кластерді 10 тұрғын үйден тұратын төрт топқа бөлу үшін он (10) рет қайталанады. 1, 2, және 3 топтардағы тұрғын үй атаулы іріктемені құрайды, ал 0 тобындағы тұрғын үй алмастыру мүмкін болатын жағдай үшін резервте ұсталады.
Қосымша тізімнен резервтік үй шаруашылықтарын іріктеу төменнен жоғары қарай қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Яғни алмастыру үшін 10 үй шаруашылығынан дәйекті түрде үй шаруашылықтары таңдап алынады: бірінші реті бойынша (тізімнің соңындағы) оныншы, содан кейін реті бойынша тоғызыншы және т.б.
