Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдістеме (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209.92 Кб
Скачать

9

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының

2015 жылғы «14» желтоқсан

№ 202 бұйрығымен бекітілді

Тұрмыс деңгейін зерттеу бойынша үй шаруашылықтары іріктемесін құру әдістемесі

  1. Жалпы ережелер

  1. Тұрмыс деңгейін зерттеу бойынша үй шаруашылықтары іріктемесін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) 2010 жылға арналған «Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу үшін жаңа іріктемені әзірлеу» бірлескен экономикалық зерттеу жобасын іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік банк сарапшыларының ұсынымдары негізінде әзірленген.

  2. Осы Әдістеме Тұрмыс деңгейін зерттеу бойынша үй шаруашылықтары іріктемесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің пайдалануы үшін арналған.

  3. Бұл Әдістеменің мақсаты іріктемелі салмақты қалыптастыру, стратификациялау және есептеу кезеңдерінің сипаттамасын қоса ала отырып, тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу (бұдан әрі – Зерттеу) үшін іріктемені құру болып табылады.

  4. Осы Әдістеме әлемдік тәжірибеде қабылданған іріктемені құру әдістеріне сәйкес келеді және сапалы статистикалық деректер алуды қамтамасыз етеді.

  5. Зерттеу өзінің сипаты жағынан көп мақсатты болып табылады. Оның негізгі міндеттері ұлттық шоттар жүйесінде халықтың тұрмыс деңгейі туралы деректердің кең спектрін, тұтыну бағаларының индексін есептеу үшін салмақты көрсеткіштерді және үй шаруашылықтары секторының шоттарын құрастыруға арналған деректерді алу болып табылады.

  6. Осы Әдістемеде келесі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

  1. үй шаруашылығы - бір немесе одан да көп жеке адамдардан құралған, бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын экономикалық субъект;

  2. интервьюер – пікіртерім жүргізуге уәкілетті тұлға;

  3. іріктеменің стандартты қателігі (бұдан әрі - СҚ) – осы параметрдің іріктемелік ортақ мәнінен іріктеме параметрі мәнінің стандартты ауытқуы;

  4. салыстырмалы стандартты қате (бұдан әрі - ССҚ) – бұл бағаланатын статистикалық шаманың оның ортақ мәніне қатынасы.

  1. Зерттелетін жиынтықтың анықтамасы (іріктеме шеңбері)

  1. Үй шаруашылықтарының іріктемелі жиынтығын қалыптастыру үшін «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің компоненті «Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ТҚСТ) негізгі дерекқор болып табылады.

  2. Көрсетілген деректер қорын пайдалану келесі артықшылықтар қатарымен негізделеді:

іріктеменің дайын шеңберінің бар болуы, бұл іріктеменің негізін құрастырумен байланысты шығындардың елеулі баптарының бірін алып тастайды;

тұрақты өзектендірілген деректер қорының бар болуы, бұл үй шаруашылықтарының ротациясын жүзеге асыру үшін қажет;

аумақтық бөліністе үй шаруашылықтары туралы ақпараттардың бар болуы.

  1. Бас жиынтыққа коммуналдық пәтерлерде, жатақханаларда, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде, балалар үйлерінде, түрмелерде, қонақүйлерде, діни бірлестіктер мен басқа да ұқсас тұрғын үй-жайларда тұратындарды қоспағанда тұрғын үй-жайлардың барлық түрінде тұратын үй шаруашылықтары кіреді.

  2. Сондай-ақ зерттеу бірлігі де болып табылатын іріктеудің түпкілікті бірлігі ретінде үй шаруашылығы анықталды.