Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аналитическая записка_октябрь 2011 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
306.69 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті

«Қазақстан Республикасындағы халықтың тұрмыс деңгейін және табыстарын мониторингілеу»

(Талдамалық жазба)

Астана - 2011

Мазмұны

1.

Кіріспе, жұмыстың мақсаты………….……………..……………..

3-4

2.

Үй шаруашылықтары табыстарының теңсіздік деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерін салыстырмалы талдау.........

4-8

3.

Кедейліктің аймақтық саралануы.............. ……………………….

9-11

4.

Халықтың кедейлігі және жұмыспен қамтылуы.................……...

11-12

5.

Қорытынды……………………………………………………….....

13

6.

Қолданылған ақпарат көздері …………………………..................

14

  1. Кіріспе, жұмыстың мақсаты

Халықтың әл-ауқат деңгейі мемлекеттің демократиялық және экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табыла отырып, елдегі және одан тыс жердегі статистикалық ақпаратты пайдаланушылар үшін үлкен қызығушылықты білдіреді.

Халықтың тұрмыс деңгейі интегралдық көрсеткіш бола отырып, бағалауда көрсеткіштердің шектелген жинағымен тоқтап қалмауы қажет, олардың құрамы және саны едәуір деңгейде географиялық орналасу, халықтың саны, экономиканың деңгейі, саяси тұрақтылық, табиғи ресурстарға қолжетімділік, демократиялық құқықтардың даму деңгейі мен азаматтар бостандығы, экологиялық жағдай, қоғамдық институттардың бар болуы және олардың белсенділігі және т.б. сияқты факторлармен негізделген.

Мыңжылдық декларациясында мемлекеттермен ұсынылған 2015 жылға дейін миллиондаған адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсаттарына жетудің нақты және өлшенетін көрсеткіштері 2000 жылғы қыркүйек айында Нью-Йоркте әлемдік басшылармен және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевпен қоса мақұлданған болатын. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) өзінің веб-сайтындағы арнайы бөлімде тиісті көрсеткіштерді жариялау арқылы Қазақстанның Мыңжылдықтың даму мақсаттарындағы (бұдан әрі - МДМ) жетістіктеріне мониторингілеу жүргізілуде.

Агенттікпен жыл сайын демографиялық ахуал, халықтың табыстары және олардың бөліну әркелкілігі, халық үшін тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат, тұрғын үй жағдайы, әлеуметтік қамсыздандыру және халыққа әлеуметтік көмек, денсаулық жағдайы және медициналық қызмет көрсету, білім беру және мәдениет, қоршаған орта жағдайы және қылмыстылық деңгейі туралы статистикалық материалдар көрсетілген «Қазақстандағы тұрмыс деңгейі» жинағы жарияланады. Біршама көрсеткіштер Қазақстан Республикасы аймақтары бөлінісінде көрсетілген.

Тұрмыс деңгейінің негізгі көрсеткіштері елдер-аралық салыстырылымда қолданылады, ұлттық стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды (2020 жылға дейінгі ҚР стратегиялық даму жоспары, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары, 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы және т.б.) жүзеге асыру индикаторлары болып табылады, сонымен қатар елдің кейбір рейтінгтік бағалауларындағы есептеу Әдістемелерінде қолданылады (бәсекеге қабілеттілік, жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігі және т.б.)

Бұл жұмыстың мақсаты – халықтың табыстары және олардың тұрмыс деңгейі бөлігінде кедейлер қатарында болып қалудың ең жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін ең әлсіз үй шаруашылықтары топтарына екпін жасай отырып салыстырмалы өзгеріс талдауын (олардың жоқтығы) жүргізу.

Жүргізілген талдау барысында халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің аса ауқамды көрсеткіштер спектрін қолданудың кешенді тәсілі қолданылмады (макроэкономикалық, демографиялық, инфрақұрылымдық және т.б.) себебі, жұмыс фокусы ең төменгі табысы бар үй шаруашылықтарына, яғни кедейлер мен олардың арасындағы теңсіздікке бағытталған болатын.

Қандай да бір ел халқының әл-ауқат деңгейін бағалаудың интегралдық әдістері көп жағдайда халықаралық ұйымдардың сарапшылары (экономисттер), сонымен қатар зерттеу орталықтары, ғылыми ұйымдар және аталған сұрақты зерттеуге мамандандырылған басқа да статистикалық ақпараттың пайдаланушылары қолданады.

Осы жұмыс аясында Агенттікпен елдегі жалпы кедейлік жағдайы зерттелді, 2001 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңдегі статистикалық деректерге салыстырмалы талдау жүргізілді, қазақстандықтар арасында кедейлік жағдайына жеке факторлардың әсер етуіне бағалау берілді.